Сабақ жоспары Тұсау кесу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Тұсау кесу

Тәрбиеші: Жұмабаева Г. К.

Мақсаты:

  • Балаларға қазақ халқының салт – дәстүр түрлері туралы түсінік беру, оның ішінде тұсау кесу рәсімімен таныстыру, сөздік қорын молайту;

  • Әдет – ғұрып, салт – дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Киіз үйдің ішінде болатын бұйымдар, қазақша киімдер, нақыл сөздер, суреттер, сиқырлы шеңбер.

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, көрнекілік стратегиясы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту.

Өтілу барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті, оларды құрметтеп қарсы алайық.

Балалар:

Арайлап бүгін атты күн!

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Қуанышты күн бүгін.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!


Сиқырлы шаттық шеңбер:

Әрқайсыларыңның алдарыңда сиқырлы дөңгелектер жатыр, оларды алып, артын аударып қарасаңдар сиқыр табасыңдар, онда бір – біріңмен қалай сәлемдесу керектігінің сиқырын көресіңдер. Егер күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қарайық, алақан суреттенсе қолымызды қысып амандасайық, жүрек бейнеленген болса – құшақтасайық, күн бейнеленген болса – жақсы сөз айтып сәлемдесейік.

Сабақтың барысы:

  • Балалар, мына суреттерге назар аударайықшы, кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Ата мен әже және кішкентай баланы көріп тұрмыз. Олар үстеріне қандай киім киген?

  • Әженің үстінде қазақша көйлек, сыртынан қамзол киген, басында жаулық. Ал ата шапан мен қазақша тақия киген.

  • Дұрыс айтасыңдар, бұлар қазақтың ұлттық киімдері.

  • Суреттегі кішкентай бала кім деп ойлайсыңдар?

  • Ол ата мен әженің немересі.

  • Төрде отырған әжелер осы баланың тұсауын кесейін деп жатыр, «Тұсау кесу» деген сөзді естігіндерің бар ма?

  • Олай болса, мына бейнетаспаға назар аударайық, қане бәріміз бірге қарайық. (Бейнетаспаға көрініс түсірілген) Киіз үйдің іші. Үйдің төрінде әже мен немересі отыр.


І көрініс:

Немере: - Әже, тұсау кесу деген не? Оны қалай кеседі?

Әже: «Тұсау кесу» деген ғұрыптың бір түрі. Тұсаукесер сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен жасаоады.

Немере: - Әже, тұсауды қалай кеседі? Оны кім кеседі?

Әже: Бөбектің тұсауын ата – анасы ең жүйрік немесе сыйлы адамға кестіреді. Ол үшін арнайы ала жіппен тұсап кеседі. Тұсауы кесілген баланы «ақ жол болсын» деп ақжайма үстімен немесе «жолы жұмсақ болсын» деп кілем үстімен жүргізеді.

Немере: Әже менің де тұсауымды кесті ме?

Әже: Сенің де тұсауыңды кескенбіз, қазір мына көрші үйдегі әжең немересінің тұсауын кестіреді, соны көруге сені алып барайын.

(Әжесі мен немересі көрші үйге қарай бет алады)


ІІ көрініс:

Жұлдыз әженің үйі. Келген қонақтар дөңгелек үстелді жағалай отырады.

  • Балам немеремді әкеле ғой. Шолпан мына немеремнің тұсауын өзің кес, саған тартып, жүргенде жолы болғыш болсын.

Шолпан әже: маған сенім білдіріп кес десең кесейін. Келе ғой, балам.

(Шолпан әже тұсау кескенде әжелер тұсау кесу жырын айтады)


Тұсау кесу жыры

Қаз – қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам,

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса бер,

Асуларда аса бер.

(Осымен көрініс аяқталды)

Сабақты қорытындылау:

  • Ал, балалар, сендер не түсіндіңдер?

  • Тұсау кесу деген не екен?

  • Тұсауды кім кеседі екен?

  • Тұсауы кесілген балаға қандайтілек айтылады?

  • Қандай жыр айтылады?

  • Сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңмен, мамаларыңмен тұсау кесуге бардыңдар ма?

Біздің ортамызға да Асыл әже немересімен келіп отыр екен. Қане, бейнетаспада көргеніміздей Асыл әженің немересінің тұсауын кесейік, кім кеседі? (тұсау кесу жыры ойналып тұрады) Балалар баланың тұсауын кесіп, қолынан ұстап жүргізеді, бәрі әуенге қосылып тұсау кесу жырын айтады.

Бағалау:

  • Балалап, бүгін сабаққа өте жақсы қатынастыңдар. Ендң мен сендерді сабаққа жақсы қатынасқандарың үшін геометриялық бұрыштармен бағалаймын.