БАҚЫТЫМ ДА БАЙЛЫҒЫМ ДА-ДЕНСАУЛЫҚ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да – денсаулық».

Мақсаты:

1)оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін қажеттілігін, байлық екенін түсіндіру;

2)оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3) тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, мақалдар, буклет т. б.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан – 2030» жолдауында бізді отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырды. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болу керектігін айтты. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті.

Ауруды емдеуден гөрі оның алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы осы денсаулыққа

байланысты. Оқушыларға сұрақ қою, оған толық жауап алу.

- Балалар, байлық дегеніміз не?

- Сендер байлық дегенге қалай түсінесіңдер? ( Оқушыларға өз ойларын айтқызу).

- Бірінші байлық - денсаулық.

Байлық Денсаулық

↓ ↓

Ақша Тазалық

Машина Дене шынықтыру

Мал Тамақ

Үй

Денсаулық – адамның ең басты қасиетті де қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін орны толмас асыл қазынасы.

Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Денсаулықты сақтау үшін тазалық, дене шынықтырудың, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізгі талаптарын білуге үйрету. Бос уақыттарында спорт түрлерімен шұғылдануға, үйренуге машықтандыру. [pic]

[pic]

Жұмбақ шешу.

Дымқылдап күнде сен

Қолыңды үйкесең,

Кетіп кір – ласың

Тап – таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

Тазалық сақтау адам денсаулығы үшін өте маңызды, сондықтан үйде, мектепте6 қоғамдық орындарда, далада тазалық сақтауымыз керек.

- Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеуіміз керек?

- Тамақтанар алдында не істейміз?

Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.

- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

- Ендеше қазір бір спорт түрін көрсетейік.

Егер деніміз сау болсын десеңдер, спортпен айналысу қажет екенін білдік.Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану – барлығы салауатты өмір салтына жатады.

1.Денсаулықты сақтау үшін немен щұғылдану керек

2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?

3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата?

4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі.

5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?

6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі.

7. Дені сау адманың денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?

8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе? 9. Американ ғалымы П. Брэг адмдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан? [pic]

[pic]