Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Тассай орта мектебі
Мерзiмі: ___________
№ 3- сабақ
Тақырыбы: Жақсылық – жан шуағы
Құндылық: Дұрыс іс әрекет.
Қасиеттері: жанашырлық, кішіпейілдік, мейірімділік.
Мұғалiм: Карибаева Нургуль Амановна.
Класс 11 Оқушылар саны 6
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасау арқылы дұрыс әрекетке жету жолдары туралы түсінік беру. Міндеттері:
Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі маңыздылығын ашып көрсету;
Оқушылардың дұрыс өмір сүру туралы білімдерін одан әрі дамыту;
Жанашырлық, кішіпейілдік, мейірімділік қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео жазбалар)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т /тәртіп, тазалық, тыныштық,татулық, талап/
Тыныштық сәтi.
«Күннің нұры» (5 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуе нді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге алдын ала беріліп қойған.
Г.Молдағалиеваның «Шипалы түн» әңгімесінің мазмұның айту.
Талқылауға берілетін сұрақтар:
Неліктен әжейдің түн тыныштығы бұзылған?
Әжесінің ұйқысының тыныштығы үшін немересі не істеді?
Адамды жақсылық жасауға итермелейтін қандай сезім?
Адамды жақсылық жасауға мәжберлеуге бола ма?
Жақсылық нәтижесін бірден көру мүмкін бе?
Жақсылық жасау адамның ішкі жан тазалығынан дегенді қалай түсінесің?
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі.
Халық мақалы
Неліктен жақсылық ұлттық адамгершілік кемелдіктің басты белгілерінің бірі болып саналады?
Бәріміз қосылып айту.
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. 1 рет бәрі қосылып айтады.
Әңгімелеу
«Құм мен тас» аңыз-әңгіменің ролигін көрсету.
* Жақсылық жасау міндет пе, әлде адамгершілікке жатама?
* Ең сонғы рет қашан жасадың жақсылықты?
* Жақсылық жасау үшін қандай қасиеттерді бойда сіңіріп жүру керек?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Класты топқа бөлу.
«Жақсылық ережесін» түзіндер.
Үлгі: - Жақсылықты ақылмен жаса.
Жасаған жақсылығынды міндет етпе... /толықтыру/
Топпен ән айту.
«Ақ ниет» (Әні-Т.Әлімбектікі, сөзі-Н.Сарсенбаевтікі)
1.Нұрын төксе шынайы ізгілік
Мына әлем шаттанар,
Аяласа тербетіп ізгі үміт
Жаналарда от жанар,
Ақ арманға бақ қонар.
Қайырмасы:
Атса таңымыз ақ, өтсе түніміз мұңсыз,
Батса қызыл арай күніміз мінсіз.
Бақыт осы ұсынған нұр пейілін,
Жоғалмасын мейірім.
2. Пәк ниетке оранып тілектер,
Нәзік сезім толқиды.
Шапағатқа бөленген жүректер
Шертіп сазды сан күйді,
Баяу, назды қалқиды.
Қайырмасы
Таусылмасын осындай тәтті күн
Ұстап тұрған өмірді.
Шаңыраққа сыйласын шаттығын
Көтеретін көңілді,
Жетелейтін сенімді.
Үй тапсырмасы.
«Маған жасаған жақсылық», «Мен жасаған жақсылық» тақырыптарына эссе жазып келу.
Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!