Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық жоспары.
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырып, ұйықтатамыз.
Мақсаты: балаларға дұрыс жуу ережелерін үйрету, киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.
Көрнекіліктер: шомылдыруға арналған заттар: су, сабын, сүлгі.
Сөздік жұмыс: сүлгі.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
-Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
Тазалық туралы сөйлеседі.
Балалар сендер таза жүргенді ұнатасындар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме?
Балалар білмесе көмектеседі.
-Сабын, су, сүлгі, айна, тарақ.
«Сү-сү сүлгі» деген буын-сөздің айтылуын қайталап айтқызып үйретеді.
Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар тыңдайды, білуге талпынады.
Қайталайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Ғажайып сәт.
-Балалар бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір болып кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді).
-Кәне, балалар, Айгүлді бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға шомылдырайық. Алдымен бас киімін, сонан соң аяқ киімін шешейік.
Киім шешу ретін көрсетеді. Шешіп отырып, киімдерінің аттарын айтып отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек. Шешіп болған соң, шомылдырады. Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін сабындап, одан соң таза сумен жуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып, таза киімдерін кигіземіз. Киіндірерде – киіну ретін көрсетеді. Айгүл рақмет айтады.
Оның ұйқысы келді, әлдилеп ұйықтатайық. «Бесік жырын» айтып, Айгүлді ұйықтатады. Қуыршақ балалардың әлдиіне ұйықтап қалады.
Сергіту сәті.
Ақ қоян-ау, ақ қоян
Ұйқыңнан тұрсаңшы,
Бетіңді жусаңшы.
Айнаға қарасаңшы,
Әй-әй көйлек кисеңші!
1.«Не жоқ?» дидактикалық ойыны (киімдердің суреттерімен). Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады. Көздерін жұмдырады, біреуін алып қояды. Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
2. «Айгүлге қуыршағын жуындыру үшін не керек?» дидактикалық ойыны.
Жуындыру үшін қандай заттар керегін суретке қарап айтып, артық затты сызады.
Қуыршақ Айгүлге таң қалады. Айгүлдің кір болғанына аяушылық танытады.
Киімін шешуге, шомылдыруға көмектеседі. Қамқорлық көрсетуге ұмтылады. Киімінің шешу ретін, киімінің аттарын білуге, үйренуге талпынады.
Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойынды қуана ойнайды. Балалардың көңілдері көтеріледі. Жоқ киімді табуға асығады.
Жуындыруға қажетті заттарды айтуға тырысады.
Рефлекциялық-
Түзетушілік
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Шешінерде, бірінші неден бастап шешеміз?
Киінерде бірінші неден бастап киінеміз?
Жуыну үшін қандай заттар керек?
Қандай киімдерді білесіңдер? т.б.
Балалардың қамқорлығын бағалайды.
Сұрақтарға жауап беріп үйренеді. Киімдердің аттарын атап үйренеді. Жуынуға қажетті заттарды біледі.
Күтілетін нәтиже:
біледі: киімдердің аттарын;
игереді: тазалық туралы түсініктерді;
меңгереді: киінудің, шешінудің ретін.