Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Мүсіндеу.
Пән аралық байланыс: «Таным»-Сенсорика, Жаратылыстану, «Коммуникация»-Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қоянға арналған сәбіз.
Мақсаты: балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салы есуді, әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету; мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойла" қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру; сонымен қатар көмекті қажет ететін әлсіз жануарларға көмектесуге әрқашан дайын бол, керектігін қорқақ қоянның кейпіне кіре отырып көрсету; балаларды эмоциялық көңіл күйін бақылау; балаларды қоршаған ортаға, табиғатқа жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық үлестірмелі материалдар, ойыншық қоян. Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шенбері
Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Көк аспан! Амансың ба, Жер Ана! Амансың ба, достарым!
- Балалар, бүгінгі бізге қонақ келеді. ¥зын кұлақты, бадырақ көзді. Ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы – сәбіз жануар. Ол не?
- Дұрыс айтасындар, ол – қорқақ қоян. Ал бәріміз бірге оны ортаға шақырайық.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді. Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт Хормен: «Қоян, ортаға кел».
Біраз уақыттан кейін қоян келіп кіреді.
Қоян:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
- Балалар, оны сипап көріндерші, оның тоны қандай?
- Ол несімен ерекше?
- Оның құлағы қандай?
- Ал мынау несі?
- Оның кұйрығы қандай?
- Дұрыс айтасыңдар. Қояннын кұлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян тағы не істей
алады?
- Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
- Мұнда қоян не жасырып қойды екен? Себетгің ішінде не бар екенін көрейік.
Себеттің ішінен көкөністерді біртіндеп шығарып, балаларға түсіндіремін.
- Бұл не?
- Ол үлкен доп тәрізді көлемде, жасыл, көп қабатты.
- Ал мынау не?
- Ол кішкене көлемді, дөңгелек, қызыл түсті.
- Ал мынау не?
- Бұл үлкен, ұзын, қызыл сары түсті.
- Ал мына көкөніс қалай аталады? Оны қоян бізге сыйға әкелген.
- Еламан, бізге қоян не әкелді?
- Жәнібек, қоян бізге не әкелді?
Ойын. Ал енді қоян бізбен ойын ойнайды. Ол өзіне қатты ұнайтын көкөністі жасырады, ал сендер оның қандай көкөністі жасырып тұрғанын табуларың керек. Мұқият тыңдандар.
Қоян:
- Ол ұзын, үлкен қызыл сары түсті. Бұл қандай көкөніс?
- Ол кішкене көлемді, доп тәрізді, қызыл түсті, жұмсақ. Бұл не?
- Ол үлкен доп тәріздес, жасыл түсті, көп жапырақ оралған. Бұл не?
Үлестірмелі материалда бейнеленген қоянға арнап көкөністер әзірлейік.
- Қоян қандай көкөністі ұнатады деп ойлайсыңдар?
Балаларға жұмысты орындаудың ретін түсіндіремін: ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп есеміз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз.
- Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма?
- Енді сендер алдарыңда тұрған ермексазды алып, өздерің сәбіз сомдап көріңдер.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексиялық-түзетушілік
- Ал қоян қандай көкөністі жақсы көреді?
- Ал сендерге қандай көкөніс ұнайды?
- Бүгінгі сабақга сендерге не ұнады?
- Қоян сендерге рақмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда.
Әр баланың салған суреті мен сомдаған сәбізін ата-анаға арналған көрме тақтасына қоямын.