Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы Күні: 21.04.2016 жыл
Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.
«Еркетай» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Қызыл телпекке көмектесеміз»
Мақсаты: Жыл бойын алған білімдерін көрсету.Жыл мезгілдері, ай аттары мен апта күндерін дұрыс атай білуге үйрету. Тәулік бөліктерін дұрыс айтуға үйрету. Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке ұғымдарын еске түсіру. Логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беру. Тура және кері санауды қайталау. Кеңістікті дұрыс табуды жалғастыруды үйрету. Дьенеш блоктары арқылы пішіндер мен түстерді қайталау. Тапсырмаларды аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: көктем-весна, жаз-лето, Қызыл Телпек-Красная Шапочка, Қасқыр-Волк
Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл-күйлерін қалай?
Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, кәне барлығымыз бірге олармен амандасып алайық.
Ал енді балалар барлығымыз бірге шеңберге тұрайық.
Сәлеметсіз бе?
Жақсы, өте жақсы, тамаша
Сәлеметсіздер ме, апайлар?
Балалар шаттық шеңберге тұрады, тәрбиешімен бірге жасайды.
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын күн келді
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Сюрприздік сәт:
Балалар мен мана балабақшаға келе жатқанда бір қорапша тауып алдым. Кәне ішінде не бар екенін көреміз бе? Балалар оның ішінде хат пен флешка бар екен. Мен сендерге хатты ашып оқып берейін.
Бірақ оқымай тұрып, балалар мен сендерден қандай ертегілерді білетіндерінді білгім келеді.
Ал ендеше балалар бұл хатты бізге Қызыл телпектің әжесі жіберіпті.
«Құрметті балалар, менің немерем Қызыл телпекті қасқыр ұрлап кетті. Егерде мен қасқырдың тапсырмаларын орындасам ғана ол менің немеремді жіберемін дейді. Ал ол тапсырмаларды орындауға менің денсаулығым жарамайды. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Ендеше қасқыр жіберген тапсырмалар мына флешкада. Алдын ала сендерге рахметімді айтамын»
Балалар Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
Теледидардан қасқырдың суреті мен жазылған тапсырмалар болады.
1-тапсырма: «Сұрақ-жауап» деп аталады екен.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Қандай жыл мезгілдер ата?
Бір жылда неше ай бар?
Ай аттарын атап беріңдерші.
Жарайсыңдар, балалар сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер, енді келесі тапсырманы орындаймыз ба?
2-тапсырма: «Ғажайып жолдар» деп аталады екен.
Балалар мына жерде бізге екі жол берілген, қарандаршы қандай жолдар?
Ал біз қай жолмен Қызыл телпекке тез жетеміз?
Жарайсыңдар біз бұл тапсырманы да орындадық. Енді келесі тапсырманы қарайық.
3-тапсырма: «Тәулік бөліктерін дұрыс тап»
Балалар қараңдаршы мына жерде қасқыр тәулік бөліктерін дұрыс қойған ба?
Ендеше біз оны дұрыстайық.
Балалар адасып тұрған тәулік бөліктерін атап, орындарына қояды.
Дұрыс, қандай ақылды балалар! Қасқырдың келесі тапсырмалары логикалық сұрақтар деп аталады екен. Сендер тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?
4-тапсырма: Логикалық сұрақтар
1) Бағдаршамның неше көзі бар?
2) Адамда қанша көз бар?
3) Аспанда неше күн бар?
4) Аминаға мамасы 5 алма алып келді, Амина 3 алманы інісіне берді. Аминада неше алма қалды?
5) Ағаштың басына 3 құс қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағаш басында неше құс қалды?
Жарайсыңдар, балалар сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар, енді қасқырдың келесі тапсырмасын тыңдап көрейік.
Қасқыр: «Балалар сендер енді маған, мен жақсы көретін қоянға байланысты сергіту сәтін жасап беріңдер»
5-тапсырма
Сергіту сәті:
Секірейік, секірейік
Ұзын құлақ қоянша
Шаршағанды кетірейік
Болар сонда тамаша
Балалар біз сендермен шамалы серігіп алдық, енді әрі қарай тапсырмаларды орындайық
Балалар қасықырдың келесі тапсырмасы «Ғажайып сегіздік» деп аталады екен.
6-тапсырма. «Ғажайып сегіздік»
Балалар кәне үстел басына отырайық.
Ал енді айтыңдаршы, бір аптада неше күн бар?
Ал біз сендермен балабақшаға неше күн келеміз?
Қандай күндері келеміз атап беріңдер?
Ал неше күн демаламыз?
Оларды да атап беріңдер?
Ал бүгін қандай күн?
Ертең қандай күн болады?
Балалар ғажайып сегіздік арқылы апта күндерін атап отырып, көрсетеді.
7-тапсырма: «Карточкамен жұмыс»
Ал енді балалар сендер қасқырдың тапсырмаларын орындап, шаршаған боларсыңдар. Кәне біз сендермен шамалы ойын ойнайық.Бірақ алдымен ол ойынды ойнау үшін, мынау адасқан сандарды дұрыстап қояйық.
Дид.ойын: «Жоғалған санды тап»
Ал балалар қасқырдың сандарға байланысты да, сұрақтары бар екен. Кәнеқандай тапсырма екенін көрейік.
8-тапсырма: «Тура және кері санау»
Ал енді балалар, қасқырдың соңғы тапсырмасы қалыпты. Бірақ ол тапсырманы орындамай тұрып, біз сендермен шамалы дем алып алайық
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
Оң аяқта бес бақай
Сол аяқта бес бақай
Қосып едім екеуін
Болып шықты оң бақай
Ал енді балалар соңғы тапсырманы орындау үшін, үстел басына отырайық
9-тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау»
Дьенеш блоктары арқылы пішіндер мен түстерді еске түсіре отырып кеңістікті бағдарлаймыз.
1. Сары тіктөртбұрышты оң жақ жоғарыға қойыңдар
2. Қызыл төртбұрышты сол жақ төменге қойындар
3. Көк дөңгелекті оң жақ төменге қойыңдар.
4. Сары үшбұрышты сол жақ жоғарыға қойындар.
5. Үлкен қызыл дөңгелекті ортасына қойындар.
Тәрбиеші балалардан жеке-жеке сұрап шығады.
Балалар біз барлық тапсырмаларды орындап болған сияқтымыз. Енді қасқыр бізге не айтады екен. Тыңдап көрейік.
Қасқыр: «Жарайсыңдар балалар сендер барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадындар. Енді солға қарай жүрсендер менің апанымды көресіңдер. Апаңның қасында ағаш бар. Сол ағаштың қасында Қызыл телпекті алып шығыңдар»
Қызыл телпек: Рахмет сендерге балалар. Сендер мені қасқырдан құтқардыңдар. Мынау менің сендерге сыйлығым.сау болыңдар!»
Балаларға «Қызыл телпек» кәмпитін береді де, әжесіне кетеді.
Балалар қызығушылықпен қорапшаға қарайды.
Ия көреміз
Үйшік, үш аю, бауырсақ, түлкі мен тырна, аққу мен қаздар,шалқан, қызыл телпек
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Ия көмектесеміз.
Теледидарға қарайды.
Қазір көктем мезгілі.
Наурыз, сәуір, мамыр.
Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
Көктем, жаз, күз, қыс.
Бір жылда он екі ай бар
Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Бұл жерде ұзын және жіңішке жол
Бұл жерде қысқа және жуан жол
Біз Қызыл Телпекке қысқа және жуан жолмен тез жетеміз.
Балалар дұрыстап қойып, оларды кезегімен атап шығады.
Бірінші таң, күн, кеш, түн болады.
Ия дайынбыз
Бағдаршамның 3 көзі бар
Адамда 2 көз бар
Аспанда 1 күн бар
Аминада 2 алма қалды
Ағаштың басында 1 құс қалды
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды
Балалар үстел басына отырады
Бір аптада жеті күн бар
Балабақшаға 5 күн келеміз
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
Екі күн демаламыз
Сенбі, жексенбі.
Бүгін бейсенбі
Ертең жұма
Балалар карточкадағы суреттерге қарап, онда неше зат бар екенін санап, керек санды тауып қояды.
Ойынды қызыға ойнайды
Балалар тура және кері санайды.
Сергіту сәтін жасайды.
Тапсырманы орындау үшін балалар үстел басына отырады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, пішіндерді тиісті орындарына қояды.
Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді.
Қасқырды мұқият тыңдайды.
Қызыл Телпекті тауып алғандарына мәз болады.
Сау болыңдар
Рефлексивті түзеуші
Балалар біз бүгін кімге көмектестік? Тапсырмаларды бізге кім берді?
Біз қандай тапсырмалар орындадық?
Сендерге бүгінгі сабақта не ұнады?
Біз Қызыл Телпекке көмектестік
Тапсырмаларды Қасқыр береді
Балалардың жауаптары тыңдалады
Ия ұнады
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: жыл бойына алған білімдерін қайталау арқылы
Түсінеді: Ұжымдық жұмыстың дағдылары
Қолданады: Өздерінің білімдерін іс жүзінде іс әрекет арқылы
«Құрметті балалар, менің немерем Қызыл телпекті қасқыр ұрлап кетті. Егерде мен қасқырдың тапсырмаларын орындасам ғана ол менің немеремді жіберемін дейді. Ал ол тапсырмаларды орындауға менің денсаулығым жарамайды. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Ендеше қасқыр жіберген тапсырмалар мына флешкада. Алдын ала сендерге рахметімді айтамын»
4-тапсырма: Логикалық сұрақтар
1) Бағдаршамның неше көзі бар?
2) Адамда қанша көз бар?
3) Аспанда неше күн бар?
4) Аминаға мамасы 5 алма алып келді, Амина 3 алманы інісіне берді. Аминада неше алма қалды?
5) Ағаштың басына 3 құс қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағаш басында неше құс қалды?