1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын - сауықтың жоспары
Тақырыбы: «Балалық шақтың бал күні»
Мақсаты: 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ашып көрсетілген «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ауқымды міндеттері, ата-бабамыздың арманы болған және тәуелсіз Қазақстанымыздың тәжірибесінен туындаған «Мәңгілік ел» , «Нұрлы жол» ұлттық идеясын негізге алу.
Безендірілуі: шарлар, гүлдер, Ашулы Тікенектің, Түймедақтың, Саңырауқұлақтың, Күн Шуағының, Қуыршақтың костюмдері.
Өтетін күні: 1 маусым – 2015 жыл
Өтетін уақыты: Сағат 9:00 – 10.00
Өту барысы:
Қуыршақ (өзімен - өзі айналдыра қарап көңілді әуенмен билеп шығады): - Ой, күн қандай тамаша! Айнала жап - жасыл, әдемі, күннің шуағы қандай жылы!
(Айналдыра қарап таңданады да, балаларды көріп қалып соларға сөйлейді.)
Қуыршақ: Мәссаған, мына жерде балалар толып отыр ғой, мен оларды қалай байқамай қалдым? Балалар, сендер қандай әдемісіңдер?! Сендер неге жиналып отырсыңдар?
Балалардың жауабы: Бүгін біздің мейрам.
Қуыршақ: Мерекелерің құтты болсын, достар!
- Балалар, менің қолымдағы не, қандай зат?
Балалардың жауабы: Хат. Қане оны алып оқиық.
Қуыршақ: (хатты оқиды) 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтудеміз.
Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.
Сәлеммен: Елбасы НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ.
Қуыршақ: Балалар, Елбасымыз НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ біздерге яғни жас болашақ өрендерге еліміздің еңсесін тік ұстап, халқымызды әлемге танытып, алаш
баласының абыройын әркез асқақтатып биікте сақтауымызды, ел бірлігін басты назарда ұстауымызды және де төл мерекемізге арналған өзінің хатын бізге жолдапты.
Балалардың жауабы: Алақай, қандай керемет бізге Нұрсұлтан атамыз құттықтап арнайы хат жіберген.
Қуыршақ: Ия балалар. Біздер осы ата – бабаларымыз салған сара жолмен жүріп, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендететін білімді, білікті азамат пен азаматшалар боламыз деп ата – бабаларымызға сөз береміз бе?
Балалардың жауабы: Иә, әрине сөз береміз.
Қуыршақ: Құрметті балалар, Елбасының саясатын қолдап, «Нұрлы жол» ұлттық идеясын жүзеге асыруда зор еңбегі сіңген, жастарға білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан осы қасиетті білім шаңырағының құрметті де, білікті басшысы Тоқтағаным Төлешқызын қошеметтеп ортаға шақырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін ұсынайық.
(Тоқтағаным Төлешқызы сөйлейді)
Қуыршақ: Олай болса, балалар, біздер жазды көп күттік - қой, сонымен қатар Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ – тің жанындағы жазғы «Балдырған» лагері балаларға өз есігін ашады. Ендеше, бүгінгі мейрамды жақсы етіп өткізейік. Сендер көңіл көтеруге, ойнауға дайынсыңдар ма?
Балалардың жауабы: Ия, дайынбыз.
Қуыршақ: Осы мерекенің құрметіне «Арна» бишілер тобының орындауында би «»
(Дабыл әуен ойналады, Ашулы Тікенек шығады).
Ашулы Тікенек: Естимін, сендерде көңілді сияқты ғой. Және сендер бәрің сондай, мейірімді, сүйкімдісіңдер. Менің атым Ашулы Тікенек.
Қараңдаршы, менде қанша ашу бар (өзінің қандай семіз екенін көрсетеді, киім ішінде үрілген шарлар.) Және мен Жазды сиқырлап тығып қойдым. Бірақ ашудан есте сақтауым шамаланып, қалай дуаны қайтаратынымды және оны қайда тыққанымды ұмытып қалдым. Міне, сендерді көріп, сендер сияқты жақсы көңілді, мейірімді болғым келіп кетті. Сол үшін Жазды сиқырдан арылтқым келеді. Бірақ сендерсіз ештеңе істей алар емеспін, көмектесесіңдер ме?
Қуыршақ: Қалай, балалар, Ашулы Тікенекке көмектесеміз бе? Ол да біз сияқты мейірімді болсын және оған Жазды қайтаруға көмектесеміз.
Балалардың жауабы: Ия.
Ашулы Тікенек: Бірақ мен жазу білмеймін, сондықтан сендерге суретін көрсетемін. Міне бірінші бетте батпақ.
Қуыршақ: Ендеше батпақтан өту керек шығар?
«Батпақ» эстафетасы:
Балалар екіге бөлініп тұрады. Біріншісі допқа отырып лилия жапырағына дейін жүгіріп, оның жапырағын алып өз командасына қарай кері жүгіреді. Содан келесісі жүгіреді.
(Жарыстан кейін Ашулы Тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды. Жарыс сайын оның шары жарылып, ашудан арылады).
Ашулы Тікенек: Ой, ой маған не болған?
Қуыршақ: Бұл сенен кетіп жатқан ашу ғой. Кәнеки, екінші суретті көрейік. Жаз туралы суреттер, жақсы, балалар, сендер Жаз туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айтып берейікші.(1-4сынып)
Балалардың жауабы: (балалар Жаз туралы мақал - мәтелдер айтады).
Ашулы Тікенек (тағы да шар жарылады): Ой, балалар, мен мейірімді болып бара жатырған сияқтымын.
Қуыршақ (кітапты қарайды): Күн сәулесі салынған. Ия, расында, күн шуағынсыз, жаз болмайды, ол адамдарға жылылық, мейірімділік сыйлайды.
Ашулы Тікенек: Есімде, күн шуағы мені мейірімді жасағысы келген, ал мен қашып кеттім.
Күн шуағы келеді.(Дана.И)
1 шуақ: Алиша
Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады.
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады.
(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)
2 шуақ: Әсем
Жазғы лагерьді ашамын,
Бәріңізді шақырамын.
Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқаймыз,
Спортпен де шұғылданамыз.
(эмблеманың екінші дөңгелегі «спорт»)
3 шуақ: Мәдина.М
Бақыт үшін не керек?
Әрине достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі «достық»)
4 шуақ:Мәдина.Б
Мәселеде қиналма,
Досыңа тез көмек бер.
Енді міне бері қара,
Өзара көмекті ұмытпа!
(эмблеманың төртінші дөңгелегі «өзара көмек»)
5 шуақ: Мажитова
Лагерден шығып қалмау үшін,
Тәртіпті сақта.
(эмблеманың бесінші дөңгелегі «тәртіп»)
Күн: Құрметті балалар, сендерді мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Біздің ұран: «Достық, өзара көмек, спорт, тәртіп, қуаныш». Сендерді осы сөздерді естеріңе сақтап алып, лагерьде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын. Менің осы мерекеге арналған «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.
Ашулы Тікенек (тағы бір шар жарылады): Ой, қандай жылы, Ашуым кетіп барады.
Қуыршақ: Күн шуағы бізбен бірге қалып, бізді өз шуағыңмен жылыт. (кітапқа қарайды ) Балалар, мұнда Түймедақ салынған.
Ашулы Тікенек: А, мен Түймедақты да ренжіткен едім. Мен алаңқайдағы барлық гүлдерді тапап тастадым. Мен қандай жаман едім!
Қуыршақ: Сен уайымдама! Мына бір керемет «Бала тілегі» әнін «Ер есімін ел сақтар» атты патриоттық әндер байқауының бас жүлде иегері Жалмұқанов Ахат бізге шырқап берсе қара алаңқайға қайта гүлдер шығады.
Қуыршақ: Ана жолмен бізге қарай біреу жақындаған сияқты, қандай әдемі!
Түймедақ: Сендерді тағатсыздана күткен ем, сендер Жазды іздеп жүр деп естіген едім, Ашулы Тікенекті мейірімді қылды деп естідім.
Қуыршақ: Сәлем, Әдемілік патшалығының иесі.
Түймедақ: Гүлдердің иісі жағымды, сиқырлы жұпар аңқиды, Ашулы тікенек гүлдердің иісін иіскесе кішірейе түседі. Кәне бәріміз шығып билейік.
Би « ».
Ашулы тікенек: Қандай ғажап би, тамаша биледіңдер (тағы да бір шар жарылады). Балалар, мен мейірімді болып бара жатырмын.
Қуыршақ: Келесі сурет «Саңырауқұлақ».
(Саңырауқұлақ шығады).
Саңырауқұлақ: Жаз қайда кеткен?
Ашулы тікенек: Сен кімсің?
Саңырауқұлақ: Мен Жаздың көмекшісімін.
Қуыршақ: Ашулы Тікенек Жазды сиқырлап тастапты, ал біз оны құтқаруға барамыз.
Түймедақ: Ал мен оны неге кешікті, неге келмей жатыр деп ойласам. Жазды Ашулы Тікенек тыққан екен ғой.
Қуыршақ: Ашулы Тікенек оны қалай сиқырдан арылту керек екенін ұмытып қалыпты, біз оған көмектесіп жүрміз.
Ашулы Тікенек: Саңырауқұлақ, сен маған ренжіме. Жазды сиқырлап тастадым, енді алдағы уақытта мейірімді боламын (шар жарылады).
Саңырауқұлақ: Жақсы, мен сендердің көңілдеріңді көтеремін, сендерге арнап ән орындап берейін. Демалған соң, жолға шығарсыңдар. Бізге Жазсыз болмайды.
(Саңырауқұлақ ән орындайды). Ән: «Мен бақытты баламын»
(Бұл уақытта Ашулы Тікенектің тағы да бір шары жарылып, ол арықтап кетеді.)
Қуыршақ: Біздің Жазымыз бостандықта. Рахмет саған, Саңырауқұлақ, бізбен бірге қал.
Ашулы Тікенек: Мен қандай арықпын, әрі мейірімдімін. Қараңдар, әнеки, Жаз да келе жатыр.
Жаз шығады.
Жаз: Сәлем, достарым, сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендер өсіп, есейіпсіңдер. Мен өзіммен жылу әкелемін, өзендерді жылытамын, сендерді шомылуға шақырамын, сол үшін сендер мені жақсы көресіңдер. Айтыңдаршы мен кіммін?
Балалардың жауабы: Жаз.
1 бала: Біз сені ұзақ күттік, сені ұзақ шақырдық. Біздің сыңғырлаған қызыл жазымыз ақыры келді – ау. Қанша бақыт әкелді, қанша жылу мен жарық берді!.
2 бала: Сен біздерге не сыйлайсың?
(Осы жерде Жаз өзі туралы мәнерлеп тақпақ айтады)
Жаз: Рахмет, менің, достарым! Сендер мені Ашулы Тікенектің сиқырынан құтқардыңдар. Мен сендерге өзімнің алғысымды білдіре отырып, көмекшілеріммен таныстырып кетейін.
Олар, Күн шуағы – бұл маусым (Маусым туралы төрт шумақ айтады)
Түймедақ – бұл шілде (Шілде туралы төрт шумақ айтады)
Саңырауқұлақ – бұл тамыз. (Тамыз туралы төрт шумақ
айтады)
Жаз: Балалар, бәріміз тұрып билейік, көңіл көтерейік.
/Балаларды көңілді әуенге флешмоб билетеді/
Жаз: Көп рахмет, сендерге достарым, менің әліде баратын жерлерім бар, сондықтан мен сендермен қош айтысамын, бірақ та мен әлі де сендерге келетін боламын.
Бүгінгі мерейлі мереке үшін мен сендерге от шашуды тарту етейін.
(Салют атады).(Барлық кейіпкерлер кетеді).
Қуыршақ: Міне біздің мерекеміз де аяқтала келді. Балалар, бәріміз Жазға «Қош сау бол» деп айтайық.
(Балалар қолдарын бұлғап «Қош сау бол» дейді).
Енді балалар, келесі сөз кезегін мектеп жанынан ашылатын «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің меңгерушісі Гүлжайнар Нурлыбекқызына береміз.