3сыныптағы Наурыз мерекесі.
Тақырыбы: «Қош келдің, Әз-Наурызым!»
Мақсаты:Оқушыларға наурыз мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру. Ұлттық салт-дәстүр түрлерін айта отырып, рухани жан дүниелеріне әсер ету. Салт-дәстүрді сыйлауға, ұлтын сүюге, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
«Шақырады көктем» әнімен Табылдиева Альбина, 3сынып қыздарының биімен ашады.
(музыка әуенімен жүргізушілер шығады )
1-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
3-жүргізуші:
Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық!
1-жүргізуші:
Оятып шың мен асқарды,
Ертіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы
Наурыз-көктем басталды!!
2жүргізуші:
О,жараңдар, жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар!
3жүргізуші:
О, жараңдар, жараңдар
Тамашадан қалмаңдар
Құс қанаты көңілмен
Жер-әлемді шарлаңдар.
(Музыка әуенімен Күн шығады,бимен).
Күн:
Шуақты көктем Жаңа жыл
Арайлап атқан әр таңым!
Қойлар қоздап, мал төлдеп
Жаңа күн келді ұрпағым!
Жаңа жылым жарылқа,
Ескі жылым есірке
Ұрпақтарыңды аман ет.
Өз нұрыңды төге берші ару көктем,
Халқыңа ғажап болшы пана көктем,
Кел ортаға күтудеміз сені біз
Жер дүние жайқалсыңшы ару көктем!
(Бимен,әсен әуенмен Көктем шығады)
Көктем:
Гүлденіңдер жасыл шөп, бәйшешегім
Түрленіңдер қызыл-жасыл, көңілдерім
Адамзат пен табиғатқа нұр сыйлап
Қиындықтан асулар өткел бері.
Биле-биле сайын дал гүленіп,
Нұрға толсын Наурызым бар күндегі
Жайна-жайна бар дүние тіршілік
Құт-береке орнасыңшы үнемі.
(музыкамен Наурыз-батыр келеді )
Наурыз-батыр:
Сәлем анам Алтын күн!
Сәлем ару Көктемім!
Нұр шуағы халқымның
Ашық болсын аспаның
Аман болсын жас-кәрің!
Құт-береке молшылық
Дари берсін жеріме!
ӘН: «Көктем әні»
(бір бала шығып, артынан бір топ қонақтар)
Бала: Сүйінші,сүйінші,сүйінші!!!
Ауылымызға қонақтар келе жатыр! Сүйінші!!!!
(Барлығы амандасады)
Қонақ1:
Ақ мол болсын!Армысыздар халайық! Бармысыздар халайық! Наурыз тойы құтты болсын!!!
Қонақ2:
Уа,халайық, армысыздар!
Құстар сайрап, мал төлдеп,жылғалардан су ағып,жер-аяғы кеңіген, күн мен түн теңелген Әз-Наурызымыз да келіп жетті.
Қонақ3:
Жыл басы мерекеңіз құт-берекелі болсын!
Әр күндеріміз мерекеге толсын!
Ескі жылды артқа тастап,
Жаңа күнге жеткеніміз ұзағынан болсын!
Қонақ4-Ата:
Уа,халайық,бір жастарың құтты болсын!
Ескі жылда есіркеп,
Жаңа жылда жарылқасын ағайын!
Бала:Армысыз ата! Қыстан аман шыққанымызға қуаныштымыз. Төрлетіңіз қош келдіңіз! Қонақ болыңыз!!!!
Қонақ5-Әже:
Адам жаны , мал жандарың аман ба?
Уа,халайық мына келген Наурыз мерекесі құтты болсын! Бақыт пен молшылық орнасын, Ақ мол болсын! Мына алыстан әкелген дән сіздердің ауылдарыңызға шашу болсын!!
(шашу шашады)
Жүргізуші1: Ата, әже, халайық! Сіздерге де шашу ретінде біздің өнерпаздарымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Ән: Елдосова Наргизаның орындауында ән
Би:3а сынып кыздары
Қонақ6:
Уа, халайық ану жерде түйе жетектеп біреулер келе жатыр. Олар кім екен?
(түйе жетектеп Қыдыр ата келеді)
Әже:
Дұрыс айтасың балаларым,ол біздің Наурызымыздың қонағы өзімен бірге берекесін, молшылығын алып келе жатқан Қыдыр ата емес пе? Қарсы алайық кәне!
Қонақ6: -Армысыз, Қыдыр ата!
Қыдыр ата:
Ассалаумағалейкум, ағайын!
Амансыңдар ма?
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Бата:
Жылдарың құтты болсын!
Жандарың мықты болсын!
Бастарыңнан бақ кетпесін!
Ел іргесі бүтін болсын!
Ел жүрегі күшті болсын!
Жолбарыстай киелі елге
Жаудың қолы жетпесін!
Әумин!
2- жүргізуші:
Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
1-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
2-жүргізуші:
3в сынып қыздарының орындауында «Айгөлек»биі
1-жүргізуші: Құрметті, ер балалар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз
2-жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
3-жүргізуші:
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән:Ибрагимова Гульфия мен Таскалиева Каринаның орындауында әсем әуен.
Хор:ер балалардың орындауында
Жүргізуші3:
Қазақ халқы өз өнерімен тамаша биімен, ұлттық биімен ерекше. Соның ішінде «Қара жорға»биі, Ендеше ұлдарымыздың орындауында «Қара жорға»биі. Тамашалаңыздар!
Би:«Қара жорға»
Жүргізуші1:
Ілесіп Наурыз бен көктем жетсін!
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп, ер-азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін!
Жүргізуші 2:
Жаса Наурыз, жаса көктем!
Жаса достық, күн, тіршілік,
Болсын ұмыт, мұңдар өткен
Мейірімділік күлсін шығып
Жүргізуші3:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін
Барлық халық бақытты болсын
Қош сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!