Сыныптан тыс шара: Дарындылар мекені

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Дарындылар мекені» атты 8 «б» сынып оқушыларының жылдық есеп беру кеші.

Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар!

Қаруланған біліммен,

Үздіктер де мұнда бар,

Өнерлі мен спортшы,

Жеңімпаздар тағы бар.



Мектепке де үлгілі

Таланттылар мекені.

Мақтанышы мектептің,

Дарындылар мекені!


М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «б» сыныбының «Дарындылар мекені» атты кешіне қош келдіңіздер!

Бұл күн - білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
Бұл күн - өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!
Бұл күн - әр оқушының жұлдызы жарқыраған күн!

Иә, бүгінгі күн - мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер сыныбымыздың мақтаныштары - олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!


Ендеше, сыныбымыздың талантты да дарынды оқушыларын жетекшілерімен қарсы алайық. Олар – үздіктер, олимпиада жеңімпаздары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары, мәнерлеп оқу шеберлері, жас ғалымдар, өнер тарландары,спорт майталмандары, өз жетекші мұғалімдерімен! Қарсы алыңыздар!

(Аталған оқушылар жетекшілерімен сахна төріне шығады)

Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!? Ата-бабаларымыздың қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, насихаттау жолында жүрген мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздарын ортаға шақырамыз.

Аудандық «Егемен елім-кең байтақ» атты «Балдәурен-2016» балалар шығармашылығы фестивалінің поэзия жанры бойынша бас жүлде иегері, Қазақ поэзиясының алыбы – М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай өткізілген «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жыр мүшайрасының 1-орын иегері, «Егер мен полицей болсам» облыстық шығармалар байқауының 2-орын иегері Жасқайратова Дильназ;

И.Тайманов пен М.Өтемісов көтерілісінің 180 жылдығына арналған «Менің бабам – Махамбет» атты аудандық жас ақындар мен көркемсөз шеберлері байқауының 3-орын иегері Рахатова Нұрайна;

Аудандық орта мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған сурет салу және шығарма жазудан «Сүйікті ауылым!» атты конкурсқа белсене қатысқан Жігерова Лаура, бұл оқушылардың жетекшілері қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Махмудова Гүлімжан Жомартқызы;

Қазақ халқының ән өнерін дәріптеп, сазды әуенін әуелетіп жүрген өнерлілерді ортаға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар музыка мектептері мен өнер мектептеріндегі хор ұжымдары бойынша білім алушылар – жас музыканттардың 50-ші облыстық фестиваль-конкурсының Гран-При иегерлері балалар саз мектебі хор ұжымының мүшелері Жасқайратова Дильназ, Нұралиев Жалғас, Ғабыл-Манапова Фариза, жетекшілері халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде  жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен  үлес қосып жүрген саз мектебінің жоғары санатты мұғалімі Рахымжанова Самал Ғалымқызы;

Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллектісі жоғары логикалық ойлаудың патшаларын ортаға шақырайық.

Облыстық «Эрудит» он-лайн байқауының 3-орын иегерлері «Ұлағат» командасының мүшелері Ғабыл-Манапова Фариза, Жасқайратова Дильназ, Гайниев Мерұлан жетекшісі М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің қосымша білім беру педагогы Даулетиярова Гүлнар Серікқызы;


Елбасымыз болашақта ғылыммен айналысатын, инновация жасайтын, өзіміздің жергілікті технологияларды пайдаланатын білімді мамандар дайындау керектігін айтқан. Ортаға мектеп табалдырығынан ғылымға бет бұрып келе жатқан жас ғалымдарды шақырамыз.

Авто үлгілерінен облыстық жарыста Багги-10 үлгісі бойынша 2-орын иегері Шүкірғалиев Әділет, Робот техникасынан облыстық жарыста сумо жарысы бойынша 2-орын иегері Нұралиев Жалғас, Шүкірғалиев Әділет, осы жарыста траектория жарысы бойынша 1-орын иегері Нұралиев Жалғас. Жетекшісі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы Махимов Әділхан Мерекеұлы;

Аудандық «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық көрме байқауында «Ғарыштық аппараттар» секциясы бойынша 1-орын иегері Гайниев Мерұлан және Нұралиев Жалғас, жетекшісі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы Махимов Әділхан Мерекеұлы;

Аудандық «Зымыран үлгілері» спорттық жарысына белсене қатысқан Мұқатов Қуандық, жетекшісі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы, «Зымыран үлгісі» үйірмесінің жетекшісі Нұрмыханбет Мустафин Болатұлы;

Аудандық «Зымыран үлгілері» спорттық жарысында Д-6-А класы бойынша жүлделі 1-орын иегері Шүкірғалиев Әділет және 3-орын иегері Шәріп Жеңіс, жетекшісі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы «Зымыран үлгілері» үйірмесінің жетекшісі Мустафин Нұрмыханбет Болатұлы;

Аудандық «ЭКСПО-2017 балалардың көзімен» тақырыбы шеңберіндегі «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты көрме-байқауда «Қуат көздерін сақтайтын технологиялар» номинациясы бойынша жүлделі 1-орын иегері Рахатова Нұрайна;

Аудандық «ЭКСПО-2017 балалардың көзімен» тақырыбы шеңберіндегі «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты көрме-байқауда «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» номинациясы бойынша жүлделі 2-орын иегері Шынболатқызы Асылым, жетекшілері аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы Сабыров Мержан Нұржанұлы;

Облыстық «Таңғажайып сәт» атты балалар фотосурет байқауында «Тәуелсіздік мерейтойына тартуым» номинациясы бойынша 3-орын иегері АБТШО «Сурет» үйірмесінің мүшесі Рамазанова Әдемі, жетекшісі Махимов Әділхан Мерекеұлы;

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айту қиын. Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген «Өнерлі жасты» ортаға шақырайық.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Жанымның сыры, өнерім, саған аманат!» атты Республикалық байқауда үздік өнер көрсеткені үшін 1 дәрежелі диплом иегері, аудандық саз мектебінің домбыра класы бойынша 5 сынып оқушысы Ғабыл-Манапова Фариза, жетекшісі аудандық саз мектебінің жоғары санатты мұғалімі Зайнуллин Азамат Файзоллаұлы;

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бағдаршам – 2016» қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық слетінің 3-орын иегерлері «Жас қыран» тобының мүшелері Алишев Алихан, Меңдібай Бекасыл және жетекшісі М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің ұйымдастырушы-педагогы Құрмашева Арай Асқарқызы;

Қолөнер туындылары үлкен талғампаздықты – шеберлікті, эстетикалық талғам биіктігін қажет етеді. Бөкей ордасы ауданының эмблемасын жасап, облыс әкімінің жоғары бағасын - Алғысын алған мектептен тыс тәрбие орталығының мүшелері Шынболатқызы Асылым, Садықова Айымгүл, жетекшісі мектептен тыс тәрбие орталығының қосымша білім беру педагогы Қыдыралиева Ұлжан Үсенбайқызы;

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырса, сол ұрпақтың дені сау, рухы мықты болып, салауатты – өмір салтын ұстанып болашаққа нық сеніммен қарауына оң көзқарас қалыптастырады. Салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларымызды спортқа баулып тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыз да бар. Баскетболдан кіші жасөспірім қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында 2-орынға ие болған «Баскетбол» үйірмесінің мүшесі Ғабыл-Манапова Фариза, аудандық жасөспірім ұлдар арасындағы ашық чемпионатта 2-орынға ие болған «Баскетбол» үйірмесінің мүшесі Алишев Алихан, жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанғалиев Алмабек Меңдіханұлы;

Алдарыңызда «Олимпиада жұлдыздары»

Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің география пәні бойынша 3-орын иегері Мұқатов Қуандық, жетекшісі Махметова Лаззат Еділбайқызы;

Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің орыс тілі пәні бойынша 1-орын иегері Есимов Ернұр, жетекшісі жоғары санатты орыс тілі пәнінің мұғалімі Даулетиярова Гүлнар Серікқызы;

Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің физика пәні бойынша 1-орын иегері Ғабыл-Манапова Фариза, жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Омарова Сауле Биболатқызы;

Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің қазақ тілі пәні бойынша 1-орын иегері Жасқайратова Дильназ, жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Махмудова Гүлімжан Жомартқызы;

Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінің химия пәні бойынша 2-орын иегері Гайниев Мерұлан, жетекшісі химия-биология пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы;

Республикалық қашықтық олимпиадасының биология пәні бойынша 2 дәрежелі диплом иегері Алишев Алихан, Рамазанова Әдемі, жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Жахатов Руслан Каспиұлы;

Республикалық қашықтық олимпиадасының биология пәні бойынша 1 дәрежелі диплом иегері Есимов Ернұр, 2 дәрежелі диплом иегері Ғабыл-Манапова Фариза, жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы;

Халықаралық «Инфоурок» қашықтық интернет-олимпиадасының 1-орын иегері және «Новый урок» интернет-олимпиадасының 3-орын иегері Жанұзақов Абылайхан, жетекшісі химия-биология пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы;

Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.
Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.
Сондықтан ең қадірлі, қасиетті
Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр,

- деп, ақын жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі – ұстаздық. Сол ұстаздық жолында дарынды да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық мұғалімдерге алғыс білдіреміз.

Олай болса, төрден орын алып отыруларыңыз сұралады.

«Ұстаздарға арнау» Оқитын мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы Жасқайратова Дильназ;

Ән «Самға, Қазақ!» Орындайтын хор ұжымының мүшелері Нұралиев Жалғас, Ғабыл-Манапова Фариза;

Ортаға аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының мүшелері Шүкірғалиев Әділет, Шәріп Жеңіс, Гайниев Мерұлан, Нұралиев Жалғас,Мұқатов Қуандықты шақырамыз.

(Өздері жасаған авто-, авиаүлгілер туралы қысқаша айтып машина жүргізеді, планерды ұшырады, роботтарды пультпен басқарып жүргізеді.)

Күй «Еркесылқым» орындайтындар күй сайыстарының жеңімпазы аудандық саз мектебінің 5-сынып оқушысы Ғабыл-Манапова Фариза және жетекшісі Зайнуллин Азамат Файзоллаұлы.

Ортада мектептен тыс тәрбие орталығының үйірме мүшелері Садықова Айымгүл, Шынболатқызы Асылым.

(Өз қолдарынан шыққан туындылары туралы айтып өтеді)

Хор «Ұстазым, менің, ұстазым!»

Ендеше келесі сөзді мектеп директоры Айгүл Ноқашқызына береміз.

(Оқушылардың жетекші ұстаздары марапатталады, оқушылар гүл шоқтарын табыс етеді)

Бүгінгі күні біз мектеп сахнасында қаншама жұлдыздың жарқырап, биіктен көрінгеніне куә болдық. Болашақта жұлдыздарымыздың саны көбейіп, мектеп даңқын шарықтата түсетініне сеніміміз мол.
Егемен еліміздің білімге, өнерге ұмтылған арманшыл ұрпағының келешегі жарқын болсын!

Қолымыздан қайрат,
Санамыздан ақыл кетпесін! дей отырып біз бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Бүгінгі кешке келіп қатысқан барлық ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдіремін.