Мақсаты:
1. Бар білімнің қайнар көзі,бастауы-бастауыш сынып екеніне көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып,шарлар.
Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің бастауыш түлектері!
Білім негізі бастауышта қаланады. Бала үлкен өмірге қадамды бастауыштан бастайды Ол барлық мамандықтың баспалдағы. Осындай құрметті баспалдақпен жоғары көтерілгелі отырған осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тарыдай болып имене аттаған бүлдіршін сәбилер бүгін оңы мен солын таныған бір бір азамат болып, бастауыш сыныбымен қоштасқалы отыр. Қадамдарың сәтті болсын дей отырып, бастауыш сыныптың бітіруші түлектерін ортаға шақырамыз!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 «а» сынып шәкірттерін ортамызға!
Көрермендер бері қарап, бұр назар,
Жүрген жері ойын-сауық , кіл базар.
Келбетті де келісті, сыныптағы серілер,
Келе жатыр Ермек пенен Пірназар.
Жан дос қыздар Бексұлу мен Арайдың,
Достығына көп қызыға қарайды.
Шықсын қане аруларым ортаға
Тамсандырып, таңырқатып талайды.
Ал Нұркенім, спорт ашсын жолыңды,
Футболист боп ойната бер добыңды
Сұлу әрі көп оқитын Гүлзирам,
Мінезі бар тал бойына қонымды.
Диана қыз басшы болған үлгілі,
Сыныбымның оза шапқан дүлдүлі
Бекзат жаным тиянақты, ақылды,
Сыныбында сыйластықпен белгілі.
Өнерлі қызым, биші қызым – Балнұрым,
Таси берсін өміріңнін бақ- нұры.
Ерке, сырбаз, жалқау балам Жантөрем
Ақылды боп, айтқанға құлақ сал бүгін.
Гүлдей нәзік, ерке қызым Нәзгүлім,
Болашақта солмасын еш жаз гүлің
Балдай тәтті балапаным Балаусам,
Сәтті болсын өмірдегі әр күнің
Мінездері салиқалы, салмақты,
Мен үшін бұлар қымбатты да ардақты,
Болашағы жарқын болсын деп тілеп,
Қарсы алыңдар егіздерім – Сымбат пенен Саятты.
Математикадан алғыр, зерек, зейінді,
Спортқа да икемді олар бейімді
Ду қол соғып қарсы алыңдар көрермен
Бекарыс пен Әбдіназар Зейінді.
Зерек қыздар Әсел менен Ұлдана,
Ұл-қыздарым шеттерінен бір дана
Бауыр басып қалғандығым соншалық
Қоштасамын қимай-қимай қызғана.
Дәл осындай ұл-қызды қалай қиясың
Олар да қимас білім алған бастауышын, ұясын
Көрерменнің көзайымы келіңдер,
Әншілерім Келдібек пен Диасым
Қос қызғалдақ Жанна менен Нұрғаным
Келе жатыр жаз гүліндей ырғалып.
Төрт көзіміз түгелденді, ендеше,
Тойымызды бастайық қане , тұрмалық!
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді шәкірттермен
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып кезі келді
Адамның қанша жасқа келсе де еске алудан жалықпайтын керемет бір кезі-балалық шағы. Тазалық пен табиғилықтан тұратын осы балалық мектеп қабырғасында өтеді. Жасқана кірген балақандарды қыз-жігіт етіп шығаратын осы киелі шаңырақ білім шаңырағында өмір бойы естен кетпейтін сәттерге қоса ,оң-солды танытқан,ой-арманыңды алысқа жетелейтін қимас жандар-ұстаздар болады. Бұл балалар өмірлеріне қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетсін.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың
Әннен шашу шашайық!
Ән: «Бала тілегі» Орындайтын Төлепберген Арайлым.
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай аталар.
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертең азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым қол соғып, қолда бүгін!
Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Орта буынмен достасып,
Бастауышпен қоштастық.
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін.
Бастауышты қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін
Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ержетті деп бөбегім
Туған дала қуансын.
Ән: «Балдырғандар әні» Орындайтын хор.
Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаздар сіздерге !
Оқытып ұстаз анамыз
Өсті зерде-санамыз
Азамат боп өсетін
Біз бақытты баламыз.
Ұстаздардың біз десе
Ауырады жүрегі
Ал, ұстазға бар бала
Алғыс айтып жүреді.
Қабыл болар батасы,
Бар баланың атасы.
Бастауыштың басшысы
Ол кім қане аташы?
Алдан шықса атамыз
Бата сұрап жатамыз.
Бастауышты басқарған
Ол Жүсіпбек атамыз.
Атамызға бас иіп,
Көп рахмет айтамыз!
Ең алғаш партаға
Отырып-тұруды
Ерінбей үйреткен
«Сәлеметсіз бе апай» деп,
Әдеппен сөйлеткен
Кім атын атай ғой?
Мектепке дайындап
Үйреткен бәрін де
Эльмира апай ғой!
Мектеп алды даярлық тобындағы алғашқы ұстазымыз Эльмира апайға мың алғыс!
Жеті нота үйреткен
Ән салдырып, билеткен,
Жақсылыққа баулыған
Жамандықтан жиренткен
Музыкадан беретін
Айгүл апайға мың алғыс!
Орыс тілі маманы,
Қызық өтер сабағы
«Здравствуйте!»десеңіз
Аямайтын бағаны
Жұлдыз, Ақтолқын апайларға мың алғыс!
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын
Туып өскен даланы
Неше түрлі суретті
Әсем етіп салуды
Жалықпастан үйреткен
Гүлжахан апайға мың алғыс!
Өз-өзімді танытқан,
Тіл ұстартып, дамытқан
Жұмбақ, өлең, жаңылтпаш
Үйрететін жалықпай
Гүлмира апайға мың алғыс!
Еңбекке бізді баулыдың
Еңбекқор боп өссін деп.
Отанына, ауылына
Маңдай терін төксін деп.
Еңбектенсабақ беретін
Күнсұлу апайға мың алғыс!
Ұстанған салауатты өмір салтын
Берген білім, тәрбие, сөзі алтын.
Сәрсенкүлдей апайға көп рахмет,
Ұмытпаймыз апайдың мәңгі атын.
Үйреткен жаңылтпаш, жұмбақты,
Мәнерлеп оқуды ырғақпен
Мың алғыс Сұлуай апайға
Біз үшін бұл апай қымбатты,
Шынықтырып денені
Дене ойыннан береді
Шымыр болып өскін деп,
Спортқа баулып келеді.
Лесбек, Сәбит ағайларға мың алғыс!
Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе
Деп ақылын айтатын
Күлайша апайға мың алғыс!
Ертеменен таң-азан,
Жұтпасын деп шаң-тозң.
Тазалықты пір тұтып,
Сыныпты таза ұстаған
Гүлмира апайға мың алғыс!
Іш ауырса, тіс ауырса,
Олар дәрі береді
Оқушының барлығы
Оларды жақсы көреді.
Денсаулығың, салмағың
Тексеретін жан-жақты
Гуля менен Феруза
Дәрігерлер ардақты
Апайларға мың алғыс!
Болашаққа жетелеп,
Тәрбиелеп қараған
Бар-жоғымды түгендеп,
Күнде келіп санаған
Тәлімгерлер Шолпанмен
Айнұр апайға мың алғыс!
Ән: «Ұстазым менің, ұстазым!» Орындайтын хор.
Алтын ұям – мектебім!
Өзіңде өсіп көктедім.
Бақытқа міне, жеткенім.
Балалағымның куәсі -
Сүйікті бастауыш мектебім.
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті бала күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толды жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап-талғамым
Көп нәрсені ұғындым.
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаушым ұлылығың
Мектебім, саған мәңгі басымды ием!
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Атын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !
Ән : «Аяулы мектебім» Орындайтын Осман Келдібек.
Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым
Құп алып ағалардың даналығын
Бет алып бара жатыр болашаққа
Аяулы он бір жасар балалығым.
Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
Қош бол, құтты Бастауыш,
Алғыстарым көп менің.
Ақыл-білім тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап ұшар тау қыраның.
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Би: Мектеп вальсі. Орындайтын бишілер тобы.
«Ұстазым менің, ұстазым!»
Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім
Тағдырымның билігін де
Сізге сеніп беріп едім
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
Жақсылықты көздеген
Жамандыққа төзбеген.
Жаныңды әркез ұғатын
Жақын ұстаз өзгеден
Менің сынып жетекшім!
Ақыл айтса салмақты
Ашуы да бар қатты
Алайда ол басқадан
Абыройлы ардақты
Менің сынып жетекшім!
Өнегелі болсын деп,
Ертеңіме жол сілтеп.
Әрқашан да ойлайды
Өрден-өрге қонсын деп
Менің сынып жетекшім!
Қадірлі адам сыйласың
Оған мендік сый басым.
Қоштасарда мектеппен
Ата-анаңдай қимайсың
Менің сынып жетекшім!
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Бізді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де.
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Қадам сәтті болсын ұл мен қыздарым,
Ұмытпаңдар ұстаз салған із барын.
4-шіні сендер бітіріп кеткенмен ,
Қайталаймыз тағы бастан біз бәрін
Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Ән: «Ардақты ұстазым» Орындайтын Қалыбай Диас.
Тәрбие білімді жалғаймын
Бүгін мен есейген жандаймын
Қош бол,бастауыш мектебім
Мен енді биікке самғаймын.
Бір өтті өзіңмен қыс-жазым
Апайым өзіңе ұқсадым.
Әлі есте әріппен танытқан
Қош бол, алғашқы ұстазым.
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Мектеп кеме, білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім жолда.
Ұстазымыз бізді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өнерге де баулыды. Соның айғағы ретінде концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар!
Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,
Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.
Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,
Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз
Көріністер топтамасы: Орындайтын «4» сынып өнерпаздары
Тәуелдік жалғауы
-Оқушылар! Бүгін біз сіздермен тәуелдік жалғауын өтеміз. Ал, қарапайым мысал:
Менің қарындашым; Сенің қарындашың,
Сіздің қарындашыңыз; Оның қарындашы. Ал, Арман, менің айтқан мысалыма сәйкес мысал келтірші.
-І-і-і... Қысқасы, жалғыз қарындаш бәрінікі.
Қол қою
-Әке, Сіз қолыңызды көзіңізді жауып тұрып қоя аласызба?
-Ия.
-Онда менің күнделігіме көзіңізді жауып тұрып қол қойып көріңізші...
Шешесiнiн есiмi
Мұғалiм окушыдан сұрап жатыр:
- Маманнын аты кiм?
Окушы үндемей тұрып калыпты. Мұғалiм қайтадан:
- Ай, мамаңның аты кiм деймiн?-дептi.
Екi-үш рет сұрап жауап ала алмаған мұғалiм ашуланып:
- Ай, осы сенiн үйiңде әкен шешендi не деп шакырады?-десе, әлгi окушы:
- Е, бері кел, е !!! деп айкай салыпты .
Кіріспе
-Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
-Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!
Ермек
-Ермек, бері кел! Кане бізге Абайдың бір өлеңін окып жіберші
-Кешіріңдер, мен оқи алмаймын...
-Неге?
-Абай атамыздың өзі жазып кеткен ғой, «Мен жазбаймын өлеңді Ермек үшін...» деп...
Математика сабагы
Мұғалім тақтаға 3:3 деп жазып:
-Бұл ненi бiлдiредi? – дейдi.
-Е, бұл үш те үш екі команда тең.
-Әй оны кім үйретті?
-Сәбит ағай. Футболдан осылай есептейді
Абылайханның нөмірі
-Сымбат, Сонымен Абылайхан қай жылы туылып, қай жылы қайтыс болған екен?
- Білмедім апай
Әй суретінің асында жазулы емес пе?
-А-а, мен оны Абылайханның телефон нөмірі шығар десем...
Қиын сұрақ
-Әке, мен бүгін сыныпта ешкім жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
-Бәрекелді, балам. Ол қандай сұрақ?
-Апай терезені кім сындырды? Деп еді, мен деп жауап бердім.
Шыбындар
-Балалар, біз бүгін «Ш» дыбысымен таныстық. Қане кім ш-дан басталатын сөз айтады?
-Шыбын
-Бәрекелді! Тағы кім мысал келтіреді?
- Тағы да шыбын...
Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
Шетел биін билеумен тамсандырған.
Би: «Роли- поли». Орындайтын бишілер тобы
Ән қандай, әнші қандай, талап қандай
Барады жүрекерде тағат қалмай.
Осы күй басылмайды-ау емін тауып,
Тамылжытып Ұлдана бір ән салмай.
Ән: «Көңілді күн» Орындайтын Тұрымбет Ұлдана
Бишілерде өнер көп
Би бидейді мәнерлеп
«Жаяу» биін көріңіздер
Өнерге баға беріңіздер
Би: «Жаяу» Орындайтын бишілер тобы.
Ән көмейдің маржаны ғой
Көмейіңннен төгілетін.
Ән көңілдің арманы ғой
Жүрегіңді тербететін.
Ән: «Ұстазым» Орындайтын Сейділлә Гүлзира
Сахнада биші емес, құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжемнің ұршығындай иірілгенде,
Алты қанат ақ орда үй сияқты.
Би : «Алдаймын» Нұрғаным, Пірназар, Бексұлу
Бұл әніміз болар мәнді, сәнді де
Кей біреулер құп көреді әнді де.
Ән демекші әнге кезек берейік
Жалғайтұғын мәңгілікті мәңгіге.
Ән: «Мектеп бізге үйретеді» Орындайтын хор.
Өнер – білім, егіз ұғым екендігін танытты
Бойларына бар өнерді жиып – теріп дарытты,
Биін билеп береді енді, бүгін олар сіздерге.
Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың.
Үнді биі. Орындайтын бишілер тобы
Құрметті Жүсіп ағай қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Балаларға арналсын тілегіңіз
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.