«Осындай пішінді тап»
Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, жапсыру, музыка,құрастыру,ағылшын тілі, орыс тілі.
Тақырыбы: «Осындай пішінді тап»
Мақсаты:Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Назар аударуын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Білімдік міндеттері: Геометриялық пішіндерге байланысты алған білімдерін бекітіп, білім және білік-дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық міндеттері:назар аударуын дамыту,ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелеушілік міндеттері: Баланың тілін, ой- өрісін, логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Математикаға қызығушылықты тәрбиелеу
Сөздік жұмыс:бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three,төрт-четыре-four, бес-пять-five, алты-шесть-six, жеті-семь-seven, сегіз-восемь-eight, тоғыз-девять-nine, он-десять-ten.
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің
Іс –әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
«Жылулық шеңбері»Қолды көкке созайық,Азайтайық, қосайық,Математика сарайын
Кәне бірге ашайық.
-Балалар, бүгінгі сабақта біз математика еліне саяхат жасаймыз.Математика еленің тұрғындарымен танысамыз.(слайд № 2)
Математика еленің тұрғындарымен танысқыларын келе ме?
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне күлімдейді.Қызығушылықбілдіреді.
Балалардың жауаптары.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жұмбақ:Бұл орамның пішіні-Бауырсақтың да мүсіні.Кішірейтсек біз мұны,
Шығады тоқаш наны боп. (Ол не?)
(Шеңбер) (Слайд №3)
-Қандай заттар шеңберге ұқсайды?
( Слайд№4)
Жұмбақ:
(Шаршы)(Слайд№5)
— Қандай заттар шаршыға ұқсайды (Слайд№6)
Жұмбақ:
(Слайд№7)
(Үшбұрыш)
— Қандай заттар үшбұрышқа ұқсайды?
(Слайд№8)
— Ал енді тақтаға қараңдар!
Тақтада « МАТЕМАТИКА» деген сөз жазылып тұр
Қане санайықшы бұл сөз неше әріптен тұрады?
12345678910 біз тура санадық, ал кім маған кері санап береді?10987654321(Слайд №9)
-Дұрыс, өте жақсы!
Кім маған ағылшын тілде және орыс тілде санап береді?
-Келесі тапсырма «Бос орынға тиісті пішінді сал» (Слайд №10)
-Ал енді ойын ойнайық!
Ойынның аты «Күн-түн» (Слайд №12,13,14)
-Алдарындағы пішіндерді анықтап карап алыңдар,естерінде сақтап алындар.Көзімізді жұмамыз ( слайд ауыстыру)
— Не өзгерді?
Жапсырма орындау.
-Бүгінгі сабақта біз геометриялық пішіндерден жапсырма орындаймыз.(Слайд №15,16,17)
Үлгіні талдау:
-Біздің жапсырмамыз қандай пішіндерден құралады?
-Неше шеңбер? Неше үшбұрыш?Неше шаршы?
-Сендердің алдарыңда конверттер жатыр, солардың ішіндежапсырманың бөліктері жатыр.Қане тексерейік барлық бөліктері жеткілікті ма екен?
— Жапсырмамызды немен жапсырамыз?
– Жұмыс барысында үлгіге назар аудару
Өз-өздеріңді тексеріңдер: тапсырманы дұрыс орындадындар ма, әлде жоқ па?
Жұмбқтардың шешімін табады.
(Шеңбер) Дұрыс айтасындар балалар.
Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.
Тыңдайды, қайталайды, есте сақтайды.
Өздерінің пікірлерін дәлелдеп.
Жұмыс орындайды
Желіммен
Рефлексивті – түзетушілік
Балалардықорытындыжасауғаынталандыру.-Біз қандай жапсырма жасадық?-Олар қандай пішіндерден құралды?-Қандай геометриялық пішіндермен таныстық?
Рефлексия ( слайд №18)
-Сендердің алдарында екі сурет жатыр: бұлт пен күн. Егерде сабақ сендерге ұнаса,қызықты болса, сендер жаңадан бір нәрсе білдіңдер- күн бейнеленген суретті жапсырасындар.
-Ал егерде ұнамаса, және жаңадан ештеңе білмесендер онда бұлт бейнеленген суретті жапсырасындар.
Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру:
— Қане көрме ұйымдастырып көрейік бүгінгі сабағымыздың ауа-райы қандай екен: күн жарқарап тұр ма, әлде мұңайып тұр ма? (Слайд №19)
Ал енді қтштасу шеңберін жасайық.
Тәрбиеші балаларменбірге «Әрқашаң күн сөнбесін» өленнің қайырмасын айтып береді.
Қорытындылайды
Балалар қол ұстасып шеңбер құрып тәрбиешімен бірге «Әрқашаң күн сөнбесін» өленнің қайырмасын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
— геометриялықпішіндерді, заттардыбейнелеріменсалыстыруды.
— геометриялықпішіндердіңатауларын;
Неніигереді:
— Геометриялық пішіндерді құрастыра алады.
Нені біледі:
— Айналадағы заттардан геометриялық пішіндерді көре біледі [pic]
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]