Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сурет
Тақырыбы: Сюжетті «Алма бағында алмалар пісті»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту,күздің ерекшеліктерін,белгілерін атай отырып,қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін,бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету.Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жіңішке етіп,жапырақтарын тігінен сүйкей жағу,алманы дөңгелектей бояу тәсілімен салуға жаттықтыру.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,түсіндіру,көрсету.
Қолданатын көрнекілік:Алма бағындағы алмалар көрінісінің суреттері,бояу,қылқалам,су,сүлгі.
Билингвистикалық компонент: алма-яблока
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
йымдастырушы
-лық
ізденімпаздық
Рефлексивті коорекциялаушы
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар бір-бірімізге қолымызды беріп,алақан арқылы жылулық танытып,жақсы лебіз білдірейік.
-Жарайсыңдар балалар осы жүрегіміздің жылуын үнемі бір-бірімізге сыйлап жүрейік.
Есік қағылып,Күз падишасынан хат келеді.
Күн суып салқындап,
Ағаштар сарғайып,жапырағын төгеді.
Көкөніс,жеміс,жидек піседі.
Қырман мол астыққа толады.
Жел соғып,жиі жаңбыр жауады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Айтыңдаршы,балаларым бұл көрініс жылдың қай мезгілінде болады?
-Өте жақсы бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Күз сыйлығы» деп аталады.
Күз падишасының тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма. Күз айларын атаңдар?
2-тапсырма.Жыл мезгілдерін ата?
-Балалар,біз қазірсурет көрмесіне саяхат жасаймыз.Суреттерге зер салып,дұрыстап қарап алыңдар.Содан соң,кімге қандай сурет ұнағанын әңгімелеп беріңдер.
-Суретте қандай көрініс бейнеленген?
-Күзді неге алтын,жомарт күз деп атайды?
-Неге қараша айын қоңыр күз деп атайды?
-Күз туралы кім тақпақ біледі?
Ал балалар біз суретші болғандықтан мынадай ойын ойнайық. «Бір түсті заттарды ата?»
Сурет көрсетіп,ондағы алма бағындағы ағаштар жайлы сипаттап,алма ағашының құрылысына ,ерекшеліктеріне назар аудара отырып,ағаштың бұтақтарын тігінен сүйкей жағу,алманы дөңгелектей бояп салу тәсілдерін көрсетемін.Сурет әдемі,тартымды болу үшін алдымен ойланып сюжет құру,түстерді тиімді пайдалана білу керектігін түсіндіремін.
Сергіту сәті.
Ағаштар шайқалып,
Желменен билейді.
Басылса жел енді,
Тыныштық енеді.
Оқу іс-әрекетінің соңында балалардың жұмыстарын мақтап,мадақтап «Бояулар шашырап кетті» ойынымен қортындылау.
Еліміз аман болсын,ата-анамыз аман болсын.
Деніміз сау болсын.
Нанымыз көп болсын.
Желбіреген көк туымыз биік болсын.
Елімсізде тыныштық заман болсын.
Күз мезгілінде болады.
Қыркүйек,қазан,
қараша.
Қыс,көктем,жаз,күз.
Күз мезгілі бейнеленген.
Күзде өсімдіктер, астық піседі.Жаңбыр жиі жауады.
-Қызыл түсті
-Сарғылт түсті
-Жасыл түсті
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Сергіту сәтінде қимылды «Бояулар шашырап кетті» ойыны ойнатылады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:түстерді орынды пайдалануды білуі керек.
Нені игерді: күздің ерекшеліктері мен белгілерін айыра білуді игерді
Нені үйренді:қоршаған ортаны аялай білуді және жемістің суретін салып үйренді