1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған сынып сағаты :«Татулығы жарасқан,тағдыры бір халықпыз !!!»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Павлодар қаласының №37 ЖОББМ

Молдагельдинова Салтанат Оралбаевна

математика пәні мұғалімі


«Татулығы жарасқан,тағдыры бір халықпыз !!!»


«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»


Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

презентация

  1. жүргізуші:Алтаев Алибек

2-жүргізуші:Дидар Айтжамал


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар,ұстаздар!

2-жүргізуші: 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Татулығы жарасқан,тағдыры бір халықпыз !!!» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті қауым қарсы алыңыздар ортамызда Серік Мирастың орындауында күй « Балбрауын» тамашалаймыз !

2-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

1-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

2-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Бұл қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

1-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету барша қазақстандықтардың борышы.

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті оқушылар мен ұзтаздар ортаға Байдильдин Ерболат "Жаса Қазақстан " әнімен қарсы алайық ...

1- жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз бірнеше ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.


1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


2-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.



1-жүргізуші:"Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.Қонаққа орыс мәдени орталығының өкілігі келді: Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жок. Әрине, негізгі максатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дэстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан әркашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа бізге түк керек емес. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе - өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!

Видеоролик «Ассамблея» (Н.А.Назарбаев –Мәңгілік ел!)

1-жүргізуші:

Өзбек ұлтының өкілі: Өзбекті сарт деп те атайды. Ең алдымен өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, қыз алып, қыз берісіп, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елімнің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілеймін!

Бұралып гөзел біздің билегенде,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?! Ендеше ортаға өзбек биімен 6 «в» сынып қыздарын ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Алдарыңызға неміс ұлттык-мәдени орталығының өкілін шақырамыз, қарсы алыңыздар!

Неміс ұлтының өкілі неміс тілінде Гетенің, орыс тіліне Лермонтов, қазақ тіліне Абай аударған өлеңін оқиды. Өлеңмен бірге музыка ойналып тұрады.

Неміс халқы Сталиннің бұйрығымен Поволжьеден жер аударылған. 1957 жылдан бастап неміс тілінде радиобағдарламалар, 1966 жылдан бері "Фройндшафт" газеті шықты. 1980 жылы Теміртау қаласында неміс драма театры ашылды, кейіннен ол Алматы қаласына көшірілді.

Видео Елбасы Н.Назарбаев қазақстандарды 1 мамыр күнімен құттықтайды

1-жүргізуші:Бүгінгі кездесуге қалған ұлт өкілдері келе алмады. Дегенмен кездесуіміз өте көңілді өтті деп ойлаймын. Қазақта "Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір" деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған Қазақстан атты елміз!

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: Қарсы алайық Серік Мирас күй

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

Ән «Туған жер!» Тұрар ,Нұрсайын,Балтабек

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Татулығы жарасқан,тағдыры бір

халықпыз !!!» атты мерекелік сынып сағатымызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!