Ақмолаоблысы
Зеренді ауданы
Викторовка ауылы
«Айгөлек»балабақшасы
Ашық сабақ
«Ана тілім – асыл мұрам».
Өткізген: Буршахбай.А
2015-2016 оқу жылы
Викторовка ауылы
Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Балалармен шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Балалар мен сендерге Б.Момышұлы өсеті сөзін оқып берейін.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Деген екен.
[pic]
Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Қазір жылдың күз мезгілі.
Күз айларын атаңдаршы?
Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.
Қыркүйек айында қандай мереке білесіңдер ме?
Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Санжар:
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...
[pic]
Радмир:
Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Анатілім – демім,
Анатілімжаным.
Асанәлі:
Анатілім – елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Анатілім – менің,
Баста бақытқұсым.
Тамерлан:
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Жансая:
Ана тілім – ар тілім
Жанардағы жарқыным
Жүрегімде сақталған
Ән жыры боп халқымның
[pic]
Мақсим:
Анатілім – анам,
Аппаққардайарым.
Мұраеткен бабам,
Жарқырағаншамым.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай балдырған,
Қылығымен таң қылған.
Біздің орта көңілді,
Отты үрлеп жандырған.
[pic]
Мақал – мәтел
Максим
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Санжар:
Ми ойлағандытілтындырады.
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
Асанәлі:
Тіл ақылдың - өлшемі.
Тамерлан:
Тіл - достықтың алтын көпірі.
Злата:
Анатіліңалпыстілгетатиды.
Жансая:
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл
Радмир:
Тіл – буынсыз, ой – түпсіз.
Ән: «Әнұран»
[pic]
Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстындар, сұрақтарға жақсы дұрыс жауап бергендерін үшін мен сендерге өте көңілді смайліктер сыйлаймын.
[pic]