№267 орта мектеп
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Сынып: 9 «А»
Сынып жетекші: Бугенбаева С.
Қызылорда 2016 ж.
Бекітемін:
Күні: 1.09.2016ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын!
Мақсаты:
- оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
- «Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Міндеті:
- туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- елжандылыққа тәрбиелеу;
- оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
- оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
Мирза Фатали Ахундов
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Алғашқы білім сабағының тақырыбы «Мен өз отанымның патриотымын». Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»- деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтуымыз қажет.
Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғаны да біз үшін үлкен мақтаныш.
Ешқандай қиыншылық көрмей, халқымыздың жүзінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімізді керіп «Біз тәуелсіз елдің патриотымыз!» деп айтуымыз қажет. Сіздер еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарысыздар!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, сіздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екендеріңізді, біздер аға ұрпақ сіздерге зор сенім артып отырғанымызды түсінулеріңіз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің птриоты екенін дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатындарыңызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегіміз нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, сіздердің бүгінгі әдемі әрекеттеріңіз, ұтымды ұмтылыстарыңыз. Біз қазақ болып туылғанымызға, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқанымызға бақыттымыз. Өйткені, біз Тәуелсізбіз, біз өз еліміздің патриотымыз!
Н. Тілендиевтің «Өз елім» әнін аудио кассетадан тыңдату.
2016 жылғы 3 тамызда Бразилияның –Рио-де Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан медальдар санын 17-ге жеткізді. Сөйтіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланатын мерекелі жылда ел еңсесі тағы бір көтерілді.
II дәрежелі "Барыс" ордендерін Мемлекет басшысы қолынан ауыр атлет Нижат Рахимов, жүзуші Дмитрий Баландин, боксшылар Данияр Елеусінов, Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов алды. "Парасат"орденін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Иван Дычко пен палуан Гюзель Манюрова алды. Дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах, боксшы Дариға Шәкімова, ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева мен Александр Зайчиков, палуан Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионовалар «Құрмет» орденімен марапатталды.
Эссе жазу.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?Сіз өз еліңіздің патриотысыз ба?
Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында оқушыларға эссе жазу тапсырылады. Оқушылардың жазған эсселері тыңдалады.
Қорытынды.
Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.
Топпен ән айту. «Көк тудың желбірегені»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!
Мақсаты:
- оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
-«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Міндеті:
- туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- елжандылыққа тәрбиелеу;
- оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
- оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Тыныштық сәті. Иран баққа ойша серуен
Мұғалім: Балалар ыңғайланып, денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар. Көзімізді жұмбауға да болады. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрын төкті. Сол кезде сенің бойыңда керемет күш пайда болды. Бұл нұр сәулесінің саған беріп жатқан жылылығы, жақсылығы, қуанышы. Оны сен достарыңа беруге мектепке қарай асықтың. Кенет алдыңнан Иран бақ кездесті. Бақтың ішіне жайлап еніп едің тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, тау самалынан ескен самал жел, бәрі - бәрі тамаша, керемет күйге енесің. Сен сол жақсылықты достарыңмен, ұстазыңмен тезірек бөлісуге асығып мектебіңе келдің. (Музыка жіберіліп бір сәт тыңдатады)
- Ал балалар сен мектепке келе жатқанда қандай сезімде болдың?
- Туған жеріңді көз алдыңа қалай елестеттің?
Оқушылар пікірі тыңдалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырып ашылады.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын». Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»- деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтуымыз қажет.
Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғаны да біз үшін үлкен мақтаныш.
Ешқандай қиыншылық көрмей, халқымыздың жүзінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімізді керіп «Біз тәуелсіз елдің патриотымыз!» деп айтуымыз қажет. Сіздер еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарысыздар!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, сіздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екендеріңізді, біздер аға ұрпақ сіздерге зор сенім артып отырғанымызды түсінулеріңіз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің птриоты екенін дәлелдеу.
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Нұрдәулет: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Дарын: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Иса: Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Алтынай: Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Ақмоншақ: Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін» мәтіні үнтаспадан тыңдалады.
Эссе жазу.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?Сіз өз еліңіздің патриотысыз ба?
Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында оқушыларға эссе жазу тапсырылады. Оқушылардың жазған эсселері тыңдалады.
Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;
- елінің беделін көтеретін;
- елінің атын шығаратын;
- елінің қамын ойлайтын;
- елі үшін еңбек ететін;
- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.
Топпен ән айту.
Н. Тілендиевтің «Өз елім» әнін аудио кассетадан тыңдату.
Ел іші - алтын бесік»- деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді.
Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші.
Оқушылар пікірі.
АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар. Мысалы:
А - адал
З - зейінді
А - ардақты
М - мейрімді
А - абыройлы
Т - тәрбиелі
Мінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!
Ән «Көк тудың желбірегені».
Қортынды:
Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз
Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатындарыңызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегіміз нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, сіздердің бүгінгі әдемі әрекеттеріңіз, ұтымды ұмтылыстарыңыз. Біз қазақ болып туылғанымызға, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқанымызға бақыттымыз. Өйткені, біз Тәуелсізбіз, біз өз еліміздің патриотымыз!
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!