Тәрбие сағаты Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


5 орта мектеп



















Сынып:8 «Б»

Мұғалімі: Қадырбек Г.Қ.


[pic]




2016-2017 оқу жылы

Күні: 2.12.16ж

Сабақтың тақырыбы:Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген

аяушылық сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;

Тәрбиелік: болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынына байланысты, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етудің пайдасы туралы пікірлесу.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, топтастыру, венндиагрмма т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа

Топқа бөліну (Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлініп, сол түскен суреттері бойынша топтарымен бірігіп постер қорғау)


Алоэ

Алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.

Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.

Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.


Түймедақ

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар:


Алма

Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналым жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып, жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.

Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай нашар қырын байқамағаныңызды айтарсыз. Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиян тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі асқазандағы жараны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.


Сарымсақ

Сарымсақтың адам өміріне пайдасы мол!Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементтері, темір, хлор, ақуыз бар.Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.жәнеде сарымсақ ол адамның минын жақсарттады,Тұмауғада өте пайдалы! Адамдар тұмау болған жағдайда оны жіптен өткізі,мойнына тағып алады сосын егерде сіз ауырған жағдайда қолыңыздың тамырының үстіне бассаңыз тез жазылады! Барлық ауруға таптырмайтын ем! Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек.

Түсін мені тапсырмасы (Ата-ананың қолына сөз беріледі, оны ыммен оқушыларға түсіндіреді)

Алма тобына

1.Орамжапырақ

2.Вилосипед

3.Шәлі

4.Тарақ

5.Қасық

6. Ағаш

7.Компьютер


Түймедақ тобына

1.Қияр

2.Машина

3.Бас киім

4.Айна

5.Тарелке

6.Баялды (Баклажан)

7.Ноутбук


Сарымсақ тобына

1.Қызанақ

2.Қайық

3.Доп

4.Сабын

5.Бәтенке

6.Әкем

7.Телефон


Алоэ тобына

1.Сәбіз

2.Костюм

3.Сегіргіш (Скакалка)

4.Үй

5.Анам

6.Стадион

7.Картоп


Сөз тапқанға қолқа жоқ тапсырмасы (әр топтан бір оқушыдан шығады, олардың қолына әріптер беріледі сол әріптен басталатын етіп сұрақ қойғанда жауап беру керек)

Әріптер:Н,М,Р,С

  1. Таңертең нешеде тұрасыз?

  2. Ертеңгілік жаттығу жасайсыз ба?

  3. Уақытымен тамақтанасың ба?

  4. Сабаққа қандай көңіл-күймен келесің?

  5. Дене шынықтыру сабағы ұнай ма?

  6. Жеміс жидектің қай түрін сүйіп жейсің?

  7. Денсаулығыңызды қалай күтінесіз?

  8. Тамақта көп ішкен зиян ба?

  9. Мектепке кіммен келдің?

  10. Сіз қоқыс заттарды қайдатастайсыз?


Тәуелсіздікке 25 жыл

  1. Қазақстанның екі дүркін олимпиада чемпионы. Ауыр атлетші. Бейжің олимиадасында 180 келіні көтеріп, серпе көтеруде 226 келі салмақты еңсерді. (Илья Ильин)

  2. Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада да алтын жүлдеге ие болған боксшымыз Данияр Елеусинов қанша кг салмақта шықты? (69кг)

  3. Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада да ауыр атлетикадан алтын жүлде иегері? (Нижат Рахимов)

  4. Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада да жүзуден алтын жүлде иегері? (Дмитрий Баландин)

  5. Ауыр атлетші, Олимпиада чемпионы, 53 келіге дейінгі топта өнер көрсеткен кім? (Зульфия Чиншанло)

  6. 291 келі салмақты еңсеріп, Олимпиада чемпионы атанды. 75 келі салмақта өнер көрсеткен кім? (Светлана Подобедова)

  7. Олимпиада чемпионы, үш қарғып секіру сайысы бойынша өнер көрсеткен кім? (Ольга Рыпакова)

  8. Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен кім? (Бахтияр Артаев) 


Сөзтізбек кезеңі

1. Футболды немен ойнайды

2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?

3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата?

4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі.

5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?

6. Орамжапырақтың орысша аудармасы

7. Дені сау адманың денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?

8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе?

9. Американ ғалымы П. Брэг адмдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан?

[pic]

Қорытынды

Оқушылар өз топтарындағы жауап парақтарымен өз топтарының ұпай сандарын есептейді. Топтарды марапаттау