Семинар Кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Мектеп кітапханасы- заманауи білім беру орталығы»

қалалық мектеп кітапханашыларының семинары өтті


Қазақстан Әлемдегі жоғары дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасына сәйкес сапалы, бірегей Ұлттық білім беру жүйесін жоспарлады, PISA халықаралық зерттеуіне қатысады..

Елбасы Жолдауында айтылғандай жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу, мектеп түлектерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білуін жетілдіру, оқыту нәтижесін оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіспен ақпаратты терең талдау – біз қаласақта қаламасақта қазіргі заман талабы, біз «білім алушылар не істей алады?» деген сұраққа жауап беруіміз керек.

17-мамыр күні Астана қаласы дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназиясында «Мектеп кітапханасы-заманауи білім беру орталығы» тақырыбында Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларының қалалық семинары болып өтті.Қалалық семинарға Астана қаласы білім басқармасының әдіскері Айша Қимашқызы Омарова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»дербес білім беру ұйымының аға менеджері Аида Төлендіқызы Ағаділ, Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» аға педагог-кітапханашысы Г.А.Мустапинова және 20-дан астам мектеп кітапханашылары қатысты.

Семинардың мақсаты- Елбасы Жолдауында айтылғандай жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру мақсатында өткізген семинарларда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру,кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, алған білімдерімізді жетілдіру.

Дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназиясының директоры Гүлнар Дінғуатқызы Садыкова семинарды ашып, кітапханашылар жұмысына сәттілік тіледі.

Астана қаласы білім басқармасының әдіскері Айша Қимашқызы Омарова семинардың мақсаты ,бағыт-бағдары туралы алдағы оқу жылында білім берудің мазмұны жаңаратынын кітапханашылар да оқыту деңгейін заманауи әдіс- тәсілдермен жаңарту керектігін айтты. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинардың маңыздылығына тоқталды.


Дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназиясының кітапхана меңгерушісі Гүлбағира Садырқызы Сулейменова

«Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Алдымен кітапханшылармен практикалық жұмыс жүргізді. Топтастыру әдісіменқатысушылар үш топқа бөлініп, интеллект карта жасады. Әр топ өздері дайындаған жұмыстарына презентация жасады. Г.С.Сулейменова Қазақстан PISAхалықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту талабы жоғарғы кәсіптілік пен интеллектуалдықты қажет екеніне тоқталды..Астана қаласы «Назарбаев зияткерлік мектептері» мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру мақсатында өткізген семинарларда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдаланғанын, оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру мақсатында өткізгеніс-шаралардағы оқытудың жаңа әдістерді: интерактивті оқыту, «Book Bingo», « Graphic organizer» , интеллект карта тағы басқа қалай қолданғанын, оның тиімділігін, оқырмандардың қызығушылығын слайд арқылы таныстырды.Қазіргі мектеп кітапханасы дизайнына сәйкес кітапхананы зоналарға: демалу, жеке жұмыс орны, топтық жұмыс, мультимедиялық зона,кітап көрмелер бұрышы, , «ОҚЫ»сөйлейтін қабырғаға бөлгенін көрсетті. №81 гимназиясы CLIL әдісі бойынша тіл мен пәнді кіріктіру арқылы оқытатындықтан әрбір іс-шара қазақ және ағылшын тілінде пән мұғалімдерімен бірлесіп жүргізіледі. Эстетикалық пәндер бірлестігіне кітапхана жұмысы да кіреді, пәндер апталығы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы,»Өнерлото» лоторея билеттері ойыны, «Рахмет алу» күні, «Үздік оқырман» байқауы өткізілген. Заманауи әдістер оқушылар шығармашылығының шыңдалуына, өз ойын еркін жеткізе алатыны, сындарлы ойлауға, топтық жұмыстағы талпынысының артқаны, жаттанды емес жаңа интерактивті білімді алып, өмірде қолданылатынымен маңызды, тиімді болғанын айтты.

Дарынды қыз-балаларға арналған қазақ-түрік лицей кітапханашысы Гүлнұр Аширбекқызы Сарсенбаева оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, оқырман өзінің қандай деңгейде тез оқу дағдыларын меңгергенін анықтау мақсатында

«Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, «Сіз қалай оқисыз?» тақырыбында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде кім кәсіби оқырман, кім белсенді оқырман, кім білімдар оқырман екені анықталды. Мектеп кітапханашыларымен

«Ғажайып кітап» атты топтық практикалық жұмыс жүргізді. Үш топ өз шығармашылығымен белсенді жұмыс жасауына түрлі- түсті қағаздар, стикерлер, желімдер, қайшылар, степлерлер, маркерлер берілді. Топтық жұмыс қатысушылардың бір-бірімен қоян-қолтық араласуына, бір-бірімен жақын танысуына әсерін тигізді. Әр топ мүшелері ортаға шығып, құрастырған кітаптарына «Жарнама» жасап насихаттады, осы кітапты оқуға оқырмандардың қызығушылығын арттырды.

77мектеп- гимназиясының кітапхана меңгерушісі Алма Байтүгелқызы Байтүгелоқушы шығармашылығын дамытуда ізденімпаздыққа баулитын « Оқушыларға интерактивті білім беру әдіс-тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы Learning Apps.org сайтына кіріп, интерактивті қосымшалардан викторина құрап кітапханашылармен жұмыс жасады. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына оқырмандарды қызықтыратын кітап көрмесін алмастыратын интерактивті әдістерді пайдаланып Буктрейлер көрсетті.

Кітапханашыларға жағдаяттан шығу әдісі арқылы тапсырмалар берілді ,

әр топ өз пікірлерін ортаға салды.


№76 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Фарида Даутқызы Абдугалиева«Кітап оқуды насихаттаудың жаңа әдістері.

«Шамшырақ» Оқырман GLUB» тақырыбында оқырмандар клубымен жүргізілген жұмыстарын слайдтан көрсетті.Оқырман GLUB«Шамшырақ» волонтерлері кітапхана жұмысына белсене араласатынын, фотограф, оператор, өздері слайд жасайтынын, әр түрлі сайттарға кіріп, бағдарлама жасайтын программист екенін айтып өтті. «100 кітап оқу», «20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз»жобалары аясында талқылау өткізілген. Оқырманның оқу мәдениетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын ұлғайту мақсатында жасалып жатқан клуб жұмысының жақсы нәтижеге жеткені көңіл қуантады. Ф.Д.Абдугалиева «Еңбекқор құмырысқалар»тақырыбында бейнеролик көрсетіп, кітапханашыларды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. «Ақылдың алты қалпағы» тақырыбында тренинг жүргізіп, рефлексия жасалды. Кітапханашылар семинар туралы пікірін стикерге жазып, «Өсімтал ағашқа» жапсырды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының аға менеджері Аида Төлендіқызы Ағаділ осындай ұйымдастырылған семинардың пайдасы кітапханашылардың арасында әріптестік орнайды, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы кітап оқуды насихаттау, оқушылардың ғылыми жұмыс жасаудағы кітапханашы біліктілігін жетілдіру , PISA халықаралық зерттеуі аясында функционалды ақпараттық сауаттылықты арттыруда заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп қана қоймай кітапхана жұмысында қолдану өте тиімді екендігін айтты.

Ұлы ғұлама Сағди айтқан екен «Білімді игеріп, оны өмірге қолданбаған адам

жерін айдап, дәнін екпеген дихан секілді» деп, семинардан алған заманауи әдіс- тәсілдерді кітапхана жұмысына қолдану кітапханашыларға міндеттелді.Ең бастысы оқушыларға жаттанды емес болашағына бағыт берер, қажетіне жарар білім беру. Білім берілуімен емес, оны өмірде қолданылуымен маңызды. Семинар соңында Көкшетау қаласынан келген «Galanika ЖШС» мамандары қазіргі мектеп кітапханасының дизайнымен жасалған жиһаздарды жарнамалап , прайс-лист , визиткаларды таратты.Қатысушылар семинардан көптеген ақпараттар жинап,

жаңашылдыққа ұмтылыс, серпін алып тарқасты.


[pic] [pic]


[pic] [pic]