"Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы мектеп-интернаты" ММ
ГУ "Специальна общеобразовательная школа-интернат №3 г. Аксу"
[pic]
Шығармашылық сағат
Тақырыбы: «Гүл - өмірдің сәні».
Өткізген: Сагитова Майра Оналкановна
5,6,8 «Ә» сынып
26.10.2016 жыл
Шығармашылық сағат
Тақырыбы: Гүл - өмірдің сәні.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға майлықтардан гүл жасаудың әдіс-тәсілдерін игерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін шыңдау, қиялы мен қол еңбегін байланыстыру, сөздік қорын толықтыру, ұсақ қол моторрикасының қызметін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында іс-әрекеттер мен қауіпіздік техникасын байланыстыра отыра оқушыларды сақтық ережелерді орындауға, байсалдылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: қайшы, түрлі- түсті майлықтар, желім, жіп, таяқшалар, гафро қағаз.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме, балалар?!
Көңіл-күйлерің қалай?
Сендермен қауышып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгінгі сабақ ерекше. Сендердің қабілеттеріңді көруге қонақтар келді.
Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмыз. Бүгін аптаның сәренбі күні сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңберіне шақырамын.
Бәріміз бірге
(Балалар шеңбер құрып тұрады, бүгінгі күнге тілек айтады).
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ой шақыру.
Гүл ексең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.- дегендей бүгін сабақта біз еңбек етеміз. Және сабақ соңында еңбегіміздің жемісін көреміз.
Жұмбақ: Адамдардың бәрі қызығады, (слайд)
ұстай берсең сәні бұзылады.
Ол не? (гүл)
- Дұрыс.
- Балалар, өздерің тапқандай бүгінгі сабақ тақырыбы гүлмен байланысты.
Яғни, майлықтардан гүл жасау шығармашылық сағаты: «Гүл - өмірдің сәні»-деп аталады.
М.Б. ІІ. Жаңа сабақ. /слайд/
Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезім әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады.
-Балалар, айтындаршы, тірі гүлдер көпке шыдайды ма?
-Әрине, көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігін жоғалтады, құрғап қалады.
Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
Сөйтіп, жасанды гүлдердің түр-түрін ойлап табуды жөн көрді.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Бүгін біз сендермен қол еңбегімен айналысамыз. Оның ішінде майлықтардан таушымылдық гүлін жасауды үйренеміз. Таушымылдық қандай өсімдік, қайда өсетіні жайлы бізге Жылқыбай оқушымыз баяндап береді. (Слайд)
Жылқыбай - Таушымылдық - сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Қылқан және аралас жапырақты ормандарда өсетін 2 түрі: кәдімгі Таушымылдық және дала Таушымылдығы бар. Бұлардың биіктігі 40-80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5-6 кг. болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, ақ түсті, қос жынысты, аталығы көп. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде –тамызда жеміс салады. Жемісі – жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті. Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмал, танин және аздаған сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады. Таушымылдық Қытайда өте ерте заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Қазіргі кезде оның бір мыңнан аса сорты бар.
Балалар, жұмысты бастамас бұрын сендерге бір ескертуім бар. Кәне, қауіпсіздік техникасын еске түсірейікші.?!
Қауіпсіздік техникасын сақтайық: (слайд)
Қауіпсіздік техникасын сақтай біл. (оқушылардың жауаптары).
2. Қайшыны қасыңдағы оқушыға сілтеме. (қайшыны қалай береді?)
3. Қайшыны ашық тастама.
4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау.
/М.Б./ Тәжірибе жұмысы: Ал енді бастайық.
Майлықтардан гүл жасауды әркім үйрене алады. Жұмыс жасау үшін бізге біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық керек. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана еш қиындықсыз гүлдің түр-түрін жасай алатын боласыңдар.
Жұмысқа керек құрал-жабдықтар: қайшы, желім, әр түрлі түсті майлықтар, жіп, таяқшалар, жасыл түсті гафро қағазы қажет. (слайд)
- Жұмыс орны дайын ба?
-Балалар, мұқият бізге қараңдар. Біз сендерге майлықтан таушымылдық гүл жасау ретін көрсетеміз.
-Ал, сендер біздің іс-әрекетімдізді қайталаңдар. (Слайд)
Ендеше, мына «Нұсқаулық картаға» назар аударыңдар.
Жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіру.
1. Майлықты қолымызға аламыз. Екі жанын қайшымен кесеміз.
2. 1 см. Көлемінде алға-артқа гармошқа ретінде бүктеп шығамыз. Бұл бізде желпеуіш болып шықты.
3. Желпуішімізді дәл ортасынан жіппен орап байлаймыз.
4. Желпуіштің екі жақ жетін қайшымен ұшбұрыш қылып қиямыз.
5. Бір-бірлеп шеттерін босатып ашамыз. Ашып аяқтаған кезде гүл болып шығады.
6. Дайын болған гүлімізді дәл ортасынан тесіп, таяқшаға отырғызамыз.
7. Жасыл гафро қағазды аламыз да, бір шетіне желімді жағып, онымен таяқшаны гүл жағынан бастап ораймыз.
8. Істеген затымыз «Таушымылдық» гүлі болып шыға келді.
Балалар, сәттілік тілеймін.
(музыка ойнап тұрады «Гүлдер вальсі» П. И. Чайковский).
Сергіту сәті (видео)
Балалар біздің саусақтарымыз сиқырлы сияқты. Олар арқылы біз барлық қимыл-әрекеттерді жасай аламыз. Қәне, бәріміз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Жұмысты аяғына дейін жалғастырамыз.
Міне, балалар қараңдаршы, біздің гүлдеріміз дайын болды.
Дархан.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп.
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға.
Ильяс.
Гүлдер, гүлдер не түрлі,
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім — гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім
Үзіп алдым біреуін
Сыйлайын деп анама.
Ал енді, балалар дайын таушымылдық гүлдерімізді гүл шоғы қылып жинастырып, қонақтарымызға сыйлық етіп, ұсынайық.
Қорытынды:
-Балалар біз бүгін шығармашылық сағатымызда не үйрендік?
-Несімен сабақ ұнады? - Балалар, демек гүл - өмірдің сәні екен.
Ал, оқушылар, бүгінгі күніміз сіздердің бақытты шақтарынның бір күні деп біліп, сондықтан осындай күндерің көп болсын. Осымен сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңдар. Рахмет!