Ашық тәрбие сағаты
3-сынып
Тақырыбы: Жаса, жайна Тәуелсіз елім!
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға Отанымыздың тарихынан мағлұматтар беру, Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерекесі туралы, тәуелсіздік жылдарының шежіресі туралы түсінік беру; жарқын келешегі туралы айта отырып балаларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, бүктеме, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» видеоролигі, «Менің Отаным- Қазақстан» слайды, « Әлем қаласы-Астана» , «Тәуелсіздік шежіресі» слайдтары.АКТ, постер,кеспелер.
Әдісі: сұрақ –жауап, ойын, әңгімелеу, топтық жұмыс, сайыс,
Сабақ барысы
Шаттық шеңберін құрып, жақсы тілектер айту. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын, еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, заманымыз тыныш болсын, бейбіт өмір болсын, ата-анамыз аман болсын, күніміз жарқырап тұрсын, т.с.с
Кеспе суреттер арқылы 3 топқа бөліну.
1- топ «Қазақстан» 2 -топ «Астана» 3-топ «Отан»
І, Қызығушылықты ояту.
«Кім көп біледі?» ойыныны ойнату. Әр оқушыға бір сұрақтан қойылады.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Елордасы қай қала?
Елбасымыз кім?
Тәуелсіздік күні қай күн?
Биыл тәуелсіздігіміздің нешінші жылы атап өтілуде?
Еліміз неше облысқа бөлінген?
Біз қай облыста тұрамыз?
Қазақстан конституциясы қалай аталады?
Бұрынғы астана болған қала?
Жер көлемі бойынша біздің еліміз әлемде нешінші орында?
Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады?
ІІ.Мағынаны таныту.
Мұғалім сөзі , АКТ қолдану арқылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» видеоролигін тамашалата отырып еліміздің тарихынан әңгімелейді. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «ақтабан шұбырынды», елімізде қолдан ұйымдстырылған ашаршылық, халқымыздың азаттық сүйгіш ұлдарын репрессиялау, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, 1991 жылы қол жеткен Тәуелсізідктен күні бүгінгі егемен Қазақстан туралы әңгімеленеді.
1-Топтық жұмыс .
1 тапсырма. Жыр арқауы - Тәуелсіздік
Әр топ оқушылары өздері дайындап келген өлең-тақпақтарын айтады
1-топ
«Тәуелсіздікке 25 жыл» презентациясымен жұмыс.
2-Топтық жұмыс. Балаларға таратылып берген кеспедегі мақал-мәтелдің екінші бөлігін тауып жазу.
1.Туған елдей ел болмас,...
2.Әркімнің өз туған жері -...
3.Елімнің басы болмасам да, ...
4.Отан -...
5.Отан...
6. Туған жердің күні де ыстық,...
7. Отансыз адам-...
8. Туған жердің жері де көрікті ,....
9.Кісі елінде сұлтан болғанша ,...
10.Ер елінде,...
« Тәуелсіздік шежіресі» слайды бойынша балаларға 25 жыл ішіндегі айтулы оқиғалардан мағлұматтар беру.
1991-Тәуелсіздік алған жыл
1992 ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданған жыл.
1993 – ҚР Ұлттық валютасы-теңгенің шыққан жылы
1995 жыл- ҚР Ата заңы қабылданған жыл
1997жыл- Тіл туралы Заң қабылданды.
1998 жыл – Астана қаласын ресми астана етіп белгіленді
2005 жыл -Тұңғыш Президент сайлауы өтті
2006 жылы -Жаңа әнұран қабылданды
2010 жыл –ОБСЕ төрағасы болды
2011 жылы-Азиада қысқы спорттық ойындары өтті
2017 жыл-ЭКСПО өтеді
3-топтық жұмыс. « Өнерлі өрге жүзеді» сайысы әр топ патриоттық тақырыпта 1 ән айту.
1-топ. «Атамекен» әні 2-топ. «Елім менің» әні 3-топ. «Қасқалдақ»әні
«Ой қорыту» кезеңі
«Әлем қаласы -Астана» презентациясымен жұмыс.
Астана дағы ғимаратарды таныстыру
Ақорда 2. Пирамида-ынтымақ және келісім сарайы.
Бәйтерек 3.Когресс холл 4 .Еуразия университеті 5. Ханшатыр.
Нұр Астана мешіті 7.Цирк 8. Астана медуниверситеті .9. Думан
«Жылдар сөйлейді» топтық жұмысы
Әр топқа постер таратылады.
Суреттермен жұмыс
«ЭКСПО-2017» суреттер топтамасы арқылы елімізде келесі жылы өткізілетін озық технологиялар көрмесі туралы түсінік беру.
«Болашақ қуаты» - « Энергия будущего»- «Future energy” үш тілде айтылуын түсіндіре отырып, болашақ қуаты туралы түснік берілді.
4-топтық жұмыс. Постер жазу. 1-топ «Қазақстан» тақырыбына
2-топ «Отанымыз байлығы » тақырыбына
3-топ « Астана» тақырыбына постер жазады.
Әр топтан бір оқушы шығып постерді тақтада қорғайды.
Топтардың фишкаларын санау арқылы жеңімпаз топты жариялау
«Жаса, Қазақстан!» флешмобын орындату.