Тәрбие жұмысының әзірлемесі Тауық пен балапандар 1-сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: «Тауық пен балапандар»

Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Үй құстарына қамқор болуға ,оларды күте білуге тәрбиелеу. Ойлау есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Балалардың саусақ қимыл қозғалыстарын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Үнтаспа, үй құстарының суреттері, тірі тауық пен әтеш, балапан, үйректің балапаны, бейнеролик, гуаш, аққағаз, желім, қайшы, ермексаз, құстың ұясы, киндер сырты

Оқу іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы көңіл- күй тілейді.
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік.
-Сәлеметсіңдер ме, менің кішкене бөбектерім?
-Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
-Балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл- әрекет орындайды.
- Жақсы.
Ұйымдастырушылық , ізденімпаздылық

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Жарайсыңдар балалар үш ай бар екен .

Үнтаспадан үй құсы тауықтың даусын тыңдату.
-Балалар сендер ненің даусын естіп тұрсыңдар?
-Иә, қандай құстың дауысын естіп тұрсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар әтештің.
Ал мынау қандай құстың даусы?
- Жарайсыңдар балалар бұл тауықтың даусы екен.
- Мынау ненің даусы?
- Балапанның дауысы дұрыс айтасыңдар.
- Балалар сендер мына суретте ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, қаздың, үйректің, әтештің.
- Балалар біз бұларды үй құстарына жатқызамыз.
-Мынау қаз деп аталатын үй құсы. Қаздардың балалары да болады екен.
- Олардың балаларын балапан деп атайды екенбіз.
- Ал мынау - үйрек. Үйректіде үйде ұстауға болады екен. Үйректің де баласын үйректің балапаны деп атайды екенбіз.
-Ал бұл балалар ненің суреті?
-Дұрыс айтасыңдар тауық,
-Ал тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Бүгін біз үй құстарының бірі-тауық пен оның балаларымен танысатын боламыз.
Тауық -ең көп тараған құстардың бірі.
Оны «мекиен», «әтеш» деп екіге бөлеміз.
-Тауық пен әтештің айырмашылықтары болады екен.
-Мына суретте әтештің басында айдары бар,қауырсыны түрлі түсті болады екен.
Тауықтың баласын жаңа айтып өткендей балапан деп атайды екенбіз.
-Балапанның түсі қандай?
-Тауықтарға жем су береміз.
Тауықтар бидайды жақсы көреді екен.
Сергіту сәті
Бейне роликтен көрсету арқылы балаларға сергіту жаттығуын жасату.
Ғажайып сәт
Есік қағылады.
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Дұрыс айтасыңдар?
-Бұл әтеш екен.
-Балалар сендер әтешті ұстап көресіңдер ме?
- Ал мынау не балалар?
- Жарайсыңдар балалар бұл тауық екен.
- Тауық сенің неге көңіл күйің жоқ?
- Мен балапандарымды жоғалтып алдым.
- Балалар сендер менің балапандарымды тауып бересіңдер ме?
- Балалар тауыққа көмектесеміз бе?
- Ендеше балалар тауықтың балапанын тауып беру үшін саяхатқа шығайық.
Тауықты ертіп саяхатқа шығу.
- Балалар мына жерде балапандар жүр екен.
- Тауықтан сұрайықшы, бұл сенің балапандарың ба?
- Жоқ.
- Бұл балалар үйректің балапандары екен.
- Балалар мұнда тағы балапандар жүр екен.
- Тауық бұл сенің балапандарың ба?
- Иә, бұл - менің балапандарым
- Балалар сендерге көп-көп рахмет ,менің балаларымды тауып бергендерің үшін.
-Балалар, біз мына тауықтың баласы мен үйректің баласына зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрейікші.
-Балалар мына тауықтың балапан мен үйректің балаларының айырмашылықтарн тауып көрейкші.
Тауықтың балапандарыың тұмсығы үшкір болып келеді.Ал үйректің балапандарының тұмсығы сүйір болып келеді.
-Ал екеуінің аяқтарын салыстырып көрейікші?
-Үйректің баласының аяғы жалпақ , арасы қосылып тұрады.
- Ол тауықтың балапанының аяқтары тарам-тарам болады.
- Балалар бұлардың тағы бір айырмашылығы үйректің балапандары суда жақсы жүзеді, ал тауықтың балапандары суда жүзе алмайды екен.
- Тауық , сен келіп балалармен бірге оқу іс-әрекетіне қатыс, келіп жайғасып отыр.
- Балалар, келіңдер, барлығымыз орталықтарға бөлініп отырайық.
- Бірінші орталықтағы балалар түрлі-түсті қағаз қиындыларынан балапаның бейнесін қағаз бетіне желім жағу арқылы жапсыратын боламыз.