«Біздің күшіміз бірлікте» ҚР халықтарының тілдері күніне арналғанхалықтар достығы этнофестивальдің өтілу есебі
Фестивальдің мақсаты ұлттың салт-дәстүрін насихаттау, оны дамыту, дарынды оқушыларды ынталандыру, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу болып табылды.
Міндеттері:Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
[pic]
Елді бүгін қарасам,
Айналамда бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста.
Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн –Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсін – деп [pic]
6б-сынып қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен ойындарын , қазақ халқымен таныстырды және ұлттық тағамдарын әкеліп дәм татқызды,ән айтты.
[pic]
6a-сынып оқушылары украин халқының
салт-дәстүрі мен ойындарын , украин халқымен таныстырды және ұлттық тағамдарын әкеліп дәм татқызды,ән айтты.
[pic]
Украин халқының
салт-дәстүрі мен ойындарын ойнаған балаларға ұнады.
6б-сынып өзбек халқын таныстырды. 6а-орыстар
6а-немістер
6б белорустар
[pic] [pic]
Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік болып, дастарханы тек қуанышқа, ырыздық-дәулетке жайылсын.
[pic] [pic]
[pic] [pic]
Әрбір тіл ұлы өзінше,
Атадан қалған аманат.
Құрметте оны, құрметте,
Түсініп мәнін жамағат.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!