Сыныптан тыс жұмыс Бастауышым, балбұлағым!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бастауышым, балбұлағым!

Армысыздар , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз білімнің негізі болатын бастауышта оқып,білім алып, қанаттарын қатайтып бүгін ,міне бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4-ә сыныбын ортамызға! Ендеше, құрметті ағайын, «Ұстаз бақыты-озып туған шәкірті» демей ме,болашақта аттарыңызды әлемге паш ететін ,менің білімді, дарынды,талантты шәкірттерімді қарсы алайық. Таныстырылым. Әдемі- Әлия, Намысшыл-Нұрболат, Айдай-Аңсагүл, Тынымсыз -Темірұлан, Арманшыл-Аянұр,Көңілді-Кенжебек, Асықпайтын Айсұлу, Ақкөңіл- Аллаберген, Дарынды - Диана, Жайдарлы- Жеңіс, Мақтаулы- Марал, Аңқау- Алдияр, Мейірімді- Мөлдір, Ақылды -Алмас, Ойынпаз–Оразай Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Вальс «Қоштасу вальсі» М. Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы азаматтары болғалы тұр. Бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Қош келдіңіз ұстаздар ,ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға. Олай болса, сөз кезегін жүргізушілеріме беремін. 1.Армысыздар, мұғалімдер,әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар. 2.Армысыздар ,өр тұлғалы әкелер! Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби еркелер. 3.Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. 1. Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, қолға қалам ұстатып, оқуға, жазуға үйреткен Ардақты аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз. 2. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйреткен мектептегі анамыз-ұстаз . Сондықтан да алғашқы ұстазымызға- \МЫҢ АЛҒЫС!\ 3 рет 3. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,темірді балқытқан жұмысшы да,егін салып мал бағып тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз. Хор: «Мұғалім- ол біздің!» Марал.Білімнің кәусар бұлағын, Жүресің құйып санама. Біз үшін сенсің мұғалім, Ұстаз да, ғалым, дана да. Оқытты ұстаз –анамыз, Өсті білім санамыз. Оқу –білім үйреткен, Ұстазыма мың алғыс. Әлия. Ыстық мектеп партасы, Оқулығы, картасы. Мұнша қызық болғаны, Мұғалімнің арқасы. Алғыстарым көп менің, Асыл анам мектебім. Диана. Бірдей біздің ойымыз да сырымыз, Бір сыныптың ұлы менен қызымыз. Бірдей өстік оқуда да еңбекте, Күліп-ойнап біріміз бен біріміз. Көкке жетіп төбеміз, көңілденіп тараймыз. Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз. Оқып-сыннан өтеміз, мақсаттарға жетеміз Ән «Алтын ұя- Мектебім» Аңсагүл. Білім алған өзіңнен, Дәрігер, ұшқыш не ғалым. Саған ыстық сезіммен Қарайды жұрт, мұғалім. Мен де өзіңді әрдайым, Қамқоршым деп ұғамын. Күліп атқан таңдайын, Жарқынсың сен, мұғалім. Өз үлгіңді ұстаймын, Айтқаныңнан шығамын. Мен балапан құстаймын, Баулушым сен, мұғалім. Айсұлу.Сәбилік көңілден, Арналды жыр, әнім. Баулитын өмірге, Ақылшым –мұғалім. Тілін де аламын, Айтқанын ұғамын. Өзіңдей боламын, Ақылшым-мұғалім. Арқаңда өзіңнің, Адам боп шығамын. Бәрі алтын сөзіңнің, Ақылшым- мұғалім. Алдияр. Мектебім айтар әнім, Сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, Өзіңе қайтарамын. Мектебім, қия алмаймын, Көп нәрсе қиялдаймын. Білімнің асылдарын, Өзіңнен жиям дәйім. Ән «Бол жанымда» Би «Көңілді күн» Ән «Әкелер» Би «Қазақ биі» Ән «Аналар» Ата-анаға мың алғыс! Нұрболат. Мынау менің сезгенім, Ол-сыныптың анасы. Өзінің де, өзгенің Баласы- оның баласы. Қай кезде де мұғалім, Қайғырмайды өзі үшін. Біздер үшін қуанып, Қызарады біз үшін. Аллаберген.Алтын ұям- мектебім, Біліміңмен көктедім. Саған деген жүректе, Ақ алғысым көп менің. Құшағыңа ендім, мектебім, Балауса балғын кезімде. Келеді өсіп, көктегім, Білімнің қайнар көзінде. Жеңіс.Маған ұстаз үйретті, Әліппесін өмірдің. Мені ұстаз баулыды, Тәтті жыр мен өлеңге. Өмір күйі аңсаған, Қандым мөлдір тұнықтан. Шашты қырау шалса да, Ұстазымды ұмытпан. Көрініс:Аңсагүл мен Диана «Менің арманым!» Сыныбымыздың ақыны Аңсагүл «Ұстаз» туралы өз өлеңін оқиды. Темірұлан. Күнде бестік алсаң сен, Онда басқа жоқ арман. Ал оқымай барсаң сен, Бір тал шашы ағарған. Жақсы болсаң, шынында, Қартаймас деп айта алам. Жаңа оқу жылында, Жасарады қайтадан. Кенжебек. Мектеп-кеме, білім- теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін, Азық етіп ер жетеміз. Оразай. Аңыз, ертек, ән- жырдың, Бәрін бойға құйғыздың. Санамызға сен біздің, Бар асылды сыйғыздың. Жақтың білім шырағын, Рақмет сізге, мұғалім! 1-оқушы: Балалар, біз нені үйрендік? -Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік. 1-оқушы: Біз нені сүйеміз? –Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты сүйеміз. 2-оқушы: Біз нені ажырата аламыз? - Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны ажырата аламыз. 2-оқушы: Біз кімнен үлгі-өнеге аламыз? - Әйтекенің жарып айтқан, Қазыбектің қазып айтқан, Төле бидің тауып айтқан, Ұлағатты сөзінен өнеге аламыз . 3-оқушы: Біз кім боламыз? - Адал азамат, оқымысты ғалым, ел-жерді сүйетін нағыз азамат боламыз. 3-оқушы: Бізді болашаққа не бастайды? - Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім. Ән «Ана тілім» 1-оқушы: Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым- балбұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын. 3-оқушы: Бастауышым-балбұлағым, Алдым сенен, балдың дәмін Әріп танып, білім алып, Рақметімді жаудырамын. 2-оқушы: Біліммен сусап алғашқы, Өзіңде өстім, көктедім. Қош, ұстазым, алғашқы, -қол бұлғау Қош, бастауыш мектебім! Хор: «Ұстазым» әні Мұғалімнің тілегі: Аяулы шәкірттерім менің! Бүгін сендер алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмамдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. 4 жыл бойы алған білім мен тәрбиелеріңді одан ары қарай жалғастырып, жақсы оқыңдар, болашақ Тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретер жақсы азамат болып өсіңдер, білімді болыңдар! Әрқашанда қанаттарың талмасын, білімнің ең биік шыңын бағындырыңдар!