Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №1

Тәрбиеші:

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Достарыма арналған үй».

Мақсаты: 1. қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережлері туралы түсіндіру; төртбұрыш,шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатынын түсіндіру.

2. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіру.

3. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Серуенге шыққанда жеміс ағаштарын бақылау, жеміс жидектер туралы, олардың қай уақытта пісетіні туралы әңгімелеп беру.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреттері, түрлі-түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Билингвальді компонент: ит-собака, мысық-кошка, достар-друзья, үйшік-домик.

Шығармашылық

бөлімдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- ояту бөлімі

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суретін ілу.

Жұмбақ.

Ырылдайды, үреді,

Үй маңында жүреді.

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.

Мақал.

Ит-адамның досы.

Жұмбақ.

Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді,

Беті-қолын жуады.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Иттер-ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп.Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес- кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын, сипалағанын қаламайды.

Пудель-өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит. Блалармен ойнағанды өте жақсы көреді.Пудельдер еш себепсіз үре береді.Олар үнемі әдемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.

Болонка- сәндік көрнекі ит. Көрмелерге қатысады.Бұл иттер аурушаң келеді, сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.

Чау-чау- арыстанға немесе аюға ұқсайды. Олар өте байсалды, бірақ үйретуге келмейді. Өте сақ, иесіне адал болады.

Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады.

Ангор мысығы- көңілді ,қылықты мысық. Ойынпаз, адамды жатырқамайды. Белсенді, үйірсек, кіммен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы- ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық.Қылықты мысық, балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ, үлпілдек болғанымен, ерекше күтімді қажет етпейді.

Канадалық және дондық сфинкс- жұмсақ тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге де хайуанаттарға да қарсылық білдірмейді.Балалармен жақсы ойнайды, жылы көрпенің астында ұйықтағанды жаны сүйетін, адамға емдік қасиеті бар мысықтар.

Суреттерді қызыға қарайды.




Жұмбақты шешеді.

Жауабы: ит.



Мақалды тыңдайды.



Жұмбақты шешеді.

Жауабы: мысық.




Қайталайды: шуақ, адал.














Педагогтың әңгімесін тыңдайды, иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағұлмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды.

Негізгі - ізденушілік бөлімі

Ғажайып сәт

-Балалар, бізге ит пен мысық қонаққа келді. Олармен танысайық.

Педагог жұмсақ ойыншықтар ит пен мысықты көрсетеді.

-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Оларлың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп үйшік салып береміз бе?

Билинвальді компонент: ит-собака, мысық-кошка, достар-друзья, үйшік-домик.



Үлестірмелі материалға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.



-Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?

-Ал негізін ше?

-Үйшіктің тағы несі болады?



Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады.

1.Жұмыс істегенде тек өз үстеліңде отыруға міндеттісің.

2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3.Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.

4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып, құлап кетпейтіндей берік қою керек.

6.Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Сергіту сәті

Мысығым, тұршы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы.

Педагог ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын (наклейка) балаларға бір-бірден таратып береді.

Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктің терезесіне отырғызады.

Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді.




Көмектесуге ынта білдіреді.





Қайталайды: ит-собака, мысық-кошка, достар-друзья, үйшік-домик.



Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жаап береді, жұмыстың орындалу ретімен танысады.


-Шатыры-үшбұрыш.


-Негізі-шаршы немесе тіктөртбұрыш.

Терезелері- шаршыдан.


Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі.
















Өлең сөзінің мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.



Балалар жапсырманы жапсырады. «Абала» деп ойыншық итке, «Марғау» деп ойыншық мысықтың атын қойып, жапсырады.


Дамыту -түзету бөлімі

-Қараңдаршы,балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді!

Балалар, Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды.


Балалар қуанышты көңіл-күймен ойыншықтарды құшақтап, итпен және мысықпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

1. Біледі: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды, үйшік жасайды;

2. Меңгереді: ит пен мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екенін, олардың айырмашылықтарын;

3. Үйренеді: шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрышты қолданып үйшік жасайды;