Елім менің аңсаған 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Тексерілді»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________Абирова Ж.Р

«___»_______2015ж.


Сабақтың тақырыбы: «Елім менің еңселі»
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені жайында оқушыларға жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік тірегі –қайсар рухы қазақтың!» (нақыл сөз), қанатты сөздер, Қазақстан картасы, слайдтар, Елбасы Жолдаулары.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастырушылық кезең.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
2015 жыл – қазіргі Қазақстан тарихындағы ерекше белес. Биылғы жылдың 16-шы желтоқсанында біздің еліміз өз Тәуелсіздігінің 24 жылдығын атап
, 25 жылдығына аяқ басқалы отыр. Бұл тарихи оқиғаны мерекелеу Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жалпыхалықтық іс деп жарияланды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата –бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
Топтық жұмыс
І
топ. «Өткен жылдар жемісі»
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

ІІ
топ. Тәуелсіздік шежіресі
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суын да,
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасың!
Қанатың қайырылып, қыр арқаннан майырылып
Егемен тәуелсіздікпен, қала көрме айырылып.

Қанша ащы болғанымен жиырмасыншы ғасырдың бізге сыйлаған ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Мазмұны мен өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктіңқасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!

ІІІ
топ «Елбасы Жолдаулары»
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан –жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.
ІҮ
топ. «Отан деп соққан жүректер»

«Жаса, Қазақстан!» Орындайтын:
Аблахатов Ақжол
Сабақты қорытындылау: Еліміздің Егемендігі жасай
берсін