Тақырыбы: «Отбасы - бақыт мекені» /дөңгелек үстел/
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз - оқушы - ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту.
Әдістері: дөңгелек үстел, пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б.
Көрнекілігі: Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер, слайд-презентация.
Барысы:
1. Кіріспе сөз
2. Ой қозғау
3. Сөйлемді жалғастыру
4. Бүгінгі менің ойым
5. «Жанұя» ойыны (тренинг)
6. Рефлексия: «Тілек шамы» (тренинг)
7. Қорытынды
1. Кіріспе сөз
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде «Ата-ана тәрбиедегі басты тұлға» атты ата-аналар апталығы аясында 8-9 сынып ата-аналарының қатысуымен өткелі отырған «Отбасы - бақыт мекені» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы баптап бақпасаң.
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана. (Отбасы күні, видео 1)
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздың қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.
2. Ой қозғау (Бала тәрибиесі, видео 2)
- Ата-аналарға арналған сұрақ
Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
- Ұстаздарға арналған сұрақ
Баламен қарым қатынаста ата ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
- Оқушыларға арналған сұрақ
Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
3. Сөйлемді жалғастыру (Жанұяңа уақыт бөл, видео 3)
Бүгінгі сіздерді «Отбасы - бақыт мекені» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға да ата аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі/
Ата-аналарға
Отбасы бақытты ол....
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен....
Оқушыларға
Бақыт дегеніміз не....?
Борыш дегеніміз не...?
4. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.
Ой мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?
Мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегені үшін сен кінәлісің бе?
Ата- аналарға сұрақ
Балаңыздың «ой, қойшы мама» деген сөздері сізге ауыр тие ме?
Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш қуанатын да анаң, кез келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қылып кетеді осыны ұмытпа. Оқушылар сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналады, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын, анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды. (Мен әкемді жақсы көремін, видео 4)
5. «Жанұя» ойыны (тренинг)
1 Балаңыздың туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 Балаңыз кеше қандай баға алды?
7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
12 Балаңыздың ең жақын досы кім?
6.Рефлексия: «Тілек шамы» (тренинг)
Құрметті ата-аналар, оқушылар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңыз сұралады.
7. Қорытынды. Қадірменді ата-ана Макаренконың «Біздің балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасы мерекесі құтты болсын!