«Бекітемін» МКҚК «Күншуақ»балабақшасының» меңгеруші м.у.а: ____________ Г.П.Утешова
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
«Жаңбыр тамшылары»
2015-2016 оқу жылы
Тәрбиеші: Абдыкова А.Т
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Абдыкова Акгуль Темирбаевна
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Жаңбыр тамшылары»
Мақсаты: Балаларға жаңбырдың жаууын саусақпен мүсіндеу арқылы бейнелеуге үйрету.Табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу
Дамытушылығы: Ұсақ саусақ маторикасын дамыту.
Тәрбилігі: Табиғатты аялауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Күн мен бұлт суреттері, ермексаз,қағаз.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету,ойын, салыстыру, музыкалық дыбыстықты қолдану, «Жаңбыр »биі
Алын ала жүргізілетін жүмыс: Көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан жаңбыр бейнесін көріп тамашалау. Жаңбыр жайлы әңгіме, дыбыс, музыкалық шығармалардан тыңдату.
Сөздік жұмыс: тамшылар
Билингвальді компанент: бұлт-облака, жаңбыр-дождь
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Дәлелдеу -ояту
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің-анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Сәлеметсіздер ме балалар!
Педагог: Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
«Жаңбыр»
- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,
Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды?
- Жаңбыр туралы.
Жаңбыр қайда жауды?
- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді?
- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық.
Билингвальді компанент: бұлт-облака, жаңбыр-дождь
Сөздік жұмыс: тамшылар
Балалар шеңберге тұрып табиғат иелерімен сәлемдеседі.
Балалар зейін қойып педагогты тыңдады.
- Жаңбыр туралы.
Ұйымдастыру-ізденушілік
Қ/о: «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты: Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын арттыру.
Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек
Саусақ қол жаттығулары
«Жаңбыр жауды»
Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.
Педагог:
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.
- Көк түсті не болады?
- Тамшының пішіні қандай?
Педагог:
- Балалар біз бүгін жаңбыр тамшыларының мүсінін ермексазбен мүсіндейміз. Педагог көк түсті ермексазбен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіріп, көрсетеді. Ол үшін кішкене дөңгелек пішінді ермексазды қағаз бетіне жапсыра мүсіндеу.
Педагог жаңбыр тамшысын мүсіндеген кезде.
- Тырс! Тырс! – деген сөзбен қоштап отырып, мүсіндейді.
Балалар жұмыс жасар алдында саусақпен ауада жаттығып көреді.
Балалардың жеке жұмысы.
педагог әр балаға жекелей көмек көрсетеді, сұрақ қойып балаларға көмек береді. Педагог балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына, көмек береді. жаңбыр дыбысын қосып айтқан баланы мадақтайды.
Балалар ойыншықтарға қызығушылық білдіреді.
Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.
-жаңбыр жауып тұр.
-сопақша
- Тырс! Тырс! – деген сөзбен қоштап отырып, мүсіндейді.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық – түзетушілік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін сұрақ қоя отырып қорытындылау.
- Ненің мүсінін салдық?
- Жаңбырдың, пішіні, қандай?
- Жаңбырдың дыбысы қандай?
- Жаңбыр тамшысының мүсінін салдық.
- Түсі көк. пішіні сопақша.
- Тырс! Тырс! етеді
- саусақпен салдық
Педагог балаларды жақсы жауап беріп қатысқандары үшін рахмет айтып мадақтайды.Педагог балаларға көтеріңкі көңіл болғандықтан балалармен музыкалық ритметикалық би билеуге шақырады.
Сұрақтарға педагогтың көмегімен жауап беруге талпынды.
Жаңбыр тамшысының мүсінін салдық.
- Түсі көк. пішіні сопақша.
- Тырс! Тырс! етеді
- саусақпен салдық
Балалар, қуана көңілді би биледі.
Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасады.
Қорытынды нәтиже:
Нені білуі керек? Жыл мезгілдері ерекшелігін біледі.
Қандай түсініктерді игерді? Жаңбырды көк түсті ермексазбен мүсіндеу түсініктерін игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мүсіндеудің дәстүрден тыс тәсілімен мүсіндеу дағдыларын меңгерді.