Жаса, жайна, тәуелсіз Қазақстан!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



[link]  тарихында  Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш  «Ата Заңы» қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1994 жылы  Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда қазақ халқының екінші қыран ғарышкері Т. Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1997 жылы 6 мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшті.

1997 жылы 11 шiлдеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген.

1998 жыл

 Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасшымыз Н.Ә Назарбаев Қазақтанның 2030 даму стратегиясын жариялады.

1999 жыл

10 қаңтар президент сайлау нәтижесінде Н.Ә Назарбаев 7 жыл мерзімге ҚР Президенті болып қайта сайланды.

2006 жы

Барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегисы қабылданды.

 2007 жыл

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.

2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

2014жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы жарияланды.

2015 жыл
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
«100 нақты қадам» ұлт жоспарын әлемдік бағдарлама деп атады.
Қазақ хандығының 550 жылдығы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
Қазақстан халқы ассамблеясының
20 жылдығы


Төлеген: Тәуелсіз еліме 25 жыл!

Ұлан - байтақ неткен жер!

Дәнді - дақыл еккен жер.

Жеттік міне арманға

Қазақстан - Ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер,

Маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздікке қолы

Қиындықпен жеткен жер.

Өзіңде бар Елбасы

Туыңда бар, әрине

Елтаңбаң бір ертегі

Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық

Қыран құстай самғайық.

Туымызбен тұғырлы

Бірге желек қағайық.

Егеменді ел болдық

Ел намысын сақтайық.

Қазақстан байлығын

Бөтен елге сатпайық!

Салт - дәстүрін қазақтың

Жаңғыртайық, жасайық!

Үлгі етіп ұл - қыздарға

Үлкен үміт артайық.

Тілді сыйлап, шұбарлатпай

Қастерлейік халайық!

Қазақ тілін дамытуға

Күшімізді салайық!

25 жыл міне, толып отыр,

Егеменді еліме.

Өрт салмасын бөтен елдер

Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз

Құтты болсын бәріңізге

Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс

Тілеймін жас – кәріңізге!


Топтық жұмыс.

1 топ – Мен елімнің болашақ азаматымын.

2 топ – ҚР рәміздері

3 топ –Мен Елбасы болсам елім үшін не істер едім?

4 топ – 21 ғасыр мектебінің келбеті


Анель: Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің өзіміздің Ата Заңымыз, президентіміз, рәміздеріміз, астанамыз бар. Елімізде айналымда ұлттық валюта – теңгеміз жүріп жатыр. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Біз бақытты балалармыз, өйткені біз Қазақстандай бай, кең байтақ жерде өмір сүріп жатырмыз. Еліміз, туған жеріміз Қазақстанымыз өркендеп, гүлдене берсін!


ІІІ.Қорытынды.

Аружан: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
 
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
 


Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.


Бүгінгі кешімізді мына бір ұлағатты сөзбен аяқтағым келеді: «Ел мен үшін не істей алады» емес, «мен ел үшін не істей аламын?» деген қанатты сөз қазақстандық әрбір азаматтың жүргегінде ұялап, әрқашанда көкірегінде жүрсе, қандай жақсы болар еді.Тәуелсіз Қазақастан елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер әлемді таңқалдырар, жақсы жаңалық ашар білімді жастар керектігін Президент Н.Ә. Назарбаев күн тәртібінен түсірмей, айтудан жалыққан емес.Осыны түсіне біліп,Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!