« Алтын күз!»
Балалар музыкамен залға кіреді
Жүргізуші:
Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
-Армысыздар құрметті ата-аналар,балабақша қызметкерлері!Баршаңызды бүгінгі « Алтын күз!»мерекесімен,шын жүректен «Балапан»тобы құттықтайды!
Бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші:Біздің балалар күз мезгілі жайында жаттаған тақпақтарын айтып береді.
Тамирлан
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Айзере
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Раяна
Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Ән: «Күз келгенде»
Тосын сәт. Дымбілмес әндетіп кіреді.
Жүргізуші:ой,сен кімсің?
-Дымбілмес:Мен Дымбілмеспін,атым солай болғанмен,тақпақ білемін.Би де билей аламын,далада ойнағанды жақсы көремін.Жапырақтарды жұламын,құстарды,малдарды қуамын.Сабаққа барғым келмейді,тек күні бойы далада ойнағанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Дымбілмес,сен қазір жылдың қай мезгілі екенін білесің бе? (Қыс мезгілі)
Жүргізуші:балалар,Дымбілмес дұрыс айтып тұрма,
-Жоқ,қазір күз мезгілі.Күзде күн суытады,жаңбыр жауады.Жапырақтар сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Би«Жапырақтар»
Жүргізуші:Енді,балалар,мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық!(Осы кезде әуенмен Күз ханшайымы ортаға билеп шығады,қолында күзгі базарлығы бар)
Күз ханшайымы (Тәрбиеші)
Армысыздар,балалар!
Күзгі бақта қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
-Көп рахмет сізге,Алтын күз.(Бәрі хормен)
Күз ханшайымы: Мен Дымбілместің жасап жүрген істерінің дұрыс емес екенін айтып түсіндірейін.Өсіп тұрған ағаштардың гүлдерін,жапырақтарын жұлуға болмайды,үй жануарларын қорлауға болмайды.Сабақтан қалуға болмайды балалар.
Түсіндіңбе Дымбілмес.(Иә)
Дымбілмес:Бұдан былай ақылды бала боламын,Күз ханшайымы мені кешіріңіз.
Жүргізуші:Балалар,әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырамыз.
Ән «Жау жаңбыр».
Жүргізуші:Күз қуанышы болған жемістерді қарсы алайық.
Майор Әлішер
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың
Мәштай Санжар
Апорт деген алманың Алатауда өседі ол,
Таттың ба сен бал дәмін?Оған тең жоқ деседі ел.
Апорт деген тәтті алма,Алматының кәдімгі,
Ол өседі бақтарда,Апортындай жоқ алма.
Дария
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Жаннұр
Мен шиемін,шиемін
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін
Гүлжан
Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа көріпін.
Құралай Бүлдірген
Уылжыған бүлдірген,
Әбден пісіп үлгерген
Бірақ оның көйлекті
Былғайтынын кім білген
Мерей
Алм а пісіп,алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып,қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.
Айару
Жазда өседі таңқурай
Жемісін тер,қалдырмай.
Апаң қақ та қайнатар,
Қыста керек нәр мұндай
Ән: « Жаңбыр»
Би: « қолшатыр» биі орындайтындар қыздар тобы.
Күз ханшайымы: Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: иә
Ойын: « ».
Жүргізуші: Кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік.
Кәусар
Күзім –ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Жанболат
Көрінеді шалғайдан
Бел-белестер сарғайған,
Сары жапырақ төгілген,
Тоғайды да көрдім мен
Айкенов Алишер
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға жиылды
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Ержан:
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық- алтын тау
Ақару:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Мансұр:
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Әлихан:
Келді күз.
Санай бер,
Қарай бер,
Бояуы жүз
Келді күз!
Аяулым:
О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып – ап!
Дарина
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Сабина
Берекелі,мерекелі, Руслан
Келді жомарт алтын күз О алақай,Тамаша»
Қалада да,далада да, Шашу шашты жапырақ
Жанның бәрі жарқын күз. Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жата қап
Арайлым
Сау-сау етіп жапырақ Ришат
Сабағынан үзілді. Күзгі жапырақтар
Қоңыр тартып атырап, Жапырақ жамырап
Көкке құстар тізілді. Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді
Аңсар
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Би: «Саңырауқұлақтар»
Ойын: «Саңырауқұлақтармен»
Күз ханшайымы: Ой балалар, өте өнерлі екенсіздер.Енді мен сендермен қоштасамын.Сау болыңыздар.
Жүргізуші:
Қыс – құнар береді,
Жаз баптап өсірсе,
Күз – жинап береді.
Көктем – дән береді.
Ал, құрметті қонақтар, ата – аналар, осымен сіздерге арналған
«Алтын күз»атты мерекеміз аяқталды.Келгендерінізге, қатысқандарынызға рахмет.
Құттықтау сөз кезегін шағын орталық әдіскері Р.К.Жусупбековаға береміз.
Ата – аналарға сөз беру.Сау болыңыздар!
Құрметті қонақтар осымен «Балапан» тобымыз «Алтын күз» мерекелік ертеңгілігі аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет