Сценарий на казахском языке Тәуелсіздік - Елімнің Еркіндігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Аққайың» ясли бақшасы









Тақырыбы: «Тәуелсіздік – Елімнің Еркіндігі»





[pic]









Дайындаған: Ахметова А.М.











2016 – 2017 оқу жылы




Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты  ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

«Астана» биі.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің  сәні ешқашан бұзылмасын.

Ән: «16 Желтоқсан»

Медина: Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Әмина: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Мерейлім: Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Өзіңдік туыңда

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да!

Аяулым: Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

Егеменді ел бақыты ертеңгі,

О, халайық құтты болсын қуаныш.

Би.

Тәрбиеші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.

«Жасай бер, Қазақстан!»


Ән: «Қазақстан»

Тәрбиеші: Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ұл - қыздарымыз тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыз армандаған ұрпағы мына сендерсіңдер. Олай болса, Отанды біз атамекен деп аялап айтамыз. Өйткені оны мекен еткен «Бабамыз бен атамыз».


Тәрбиеші: Ортаға батырларды шақырайық

Мадияр: Отанды әркім анасындай,

                 Қастерлейді бағалап

                Өйткені Отан баласындай

                 Бізді өсірер аялап.

 Отан деген – атамекен,                          

                 Отан деген – туған жер.

                 Отан – ана, Отан – үлкен,

                 Қазақстан – туған ел.

Еркебұлан:Арымыздай тап-таза

                    Жанымыздай шуақты

                    Көтерілді биікке

                    Қазақстан байрағы

Дарын: Ашық болсын десек елдің аспаны

   Мөлдір судай тұнық болсын жастары

Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

Балабақша тәрбиенің бастауы

Есбол: Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

Елтаңбасы елімнің

  Неткен әйбат, әдемі

                Тұнығындай көңілді, -

                Ортада – аспан әлемі.

Би: «Батырлар»

  1. Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады


  1. Он алтыншы желтоқсан

               Тәуелсіздік алған күн

               Ерекше боп мәңгілік

               Ел жадында қалған күн


  1. Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні - бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні - бұл.




Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлділі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл - күні!


  1. Мереке бүгін ұлы күн

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен

Естісін ел үніңді

Дүние түгел естісін.


  1. Құт, береке, шаңырақ,

                     Орын алған ол төрден

                     Қанатты қос арғымақ

                    Екі жақтан көмкерген.


  1. Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою – өрнегі , қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,

Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.


Тәрбиеші: Енді Ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып, желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтады.

Қазақстан рәміздерін көркемдеу.

Компазиция.


Тәрбиеші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.

«Аққайың» ясли бақшасының меңгерушісі Гулназ Нугмановнаға және әдіскер Қарлығаш Мулхатовнаға сөз кезегін береміз.