«Астана – жердің кіндігі, Астана – елдің кіндігі» тәрбие сағаты

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Астана – жердің кіндігі, Астана – елдің кіндігі»

Мақсаты:1. Астанаа қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыра отырып,туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.

2. Астана жылнамасын құру, жаттау арқыл оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

3. Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.

Түрі: сыныптан тыс іс-шар.

Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Мерекелі осы күн!

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз!

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі мерекемізді бастаймыз!

Әнұран орындау. Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбы: «Астана – жердің кіндігі, Астана – елдің кіндігі». Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымда Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып қалада ресми тұсау кесері өткізілді.Астана қиялға бай, шексіз сәулетті .

Мұғалім: Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз-осы елдің болашақ патриотымыз. Ендеше Астан туралыбүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік. Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды. Ал, ьалалар Астан туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Мұғалім: Ал, енді балалар, Біз Астан қаласына саяхат жасайық.

  • Айлана, сен Астан қаласында болдың ба?

Мұғалім:Балалар, сендер бізбен бірге саяхатқа барасыңдар ма?

Бәрі: Иә, біз де барамыз.

Мұғалім: Онда саяхатымызды бастаймыз. Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз. Ол «Астана-Бәйтерек» кешені. Ол өте биік, зәулім және әдемі. Астананың көөптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші –«Астана – Бәйтерек» кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басында көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты – баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек» -Бас қаламыздың символы.

«Астана-Бәйтерек» үш бөліктен – тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

Астана қаласында демалатын орындар өте көп екен.

Мұғалім:Балалар, біздің президентіміз кім екенін білесіңдер ме?

Мұғалім: Ал, енді демалатын да сәт келді.

Астана туралы слайд көрсетіп түсіндіру, сұрақтар қою.

Мұғалім: Бүгін біздер елордамыз Астана қаласына саяхат жасадық. Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. Ендеше біз де жылы лебімізді айтайық. Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.

Дауыстап бірге:

Жаса, жаңа жас қалам,

Жайнай бер менің Астанам.