Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке
алуды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
[link] сәйкес есептік-әліпбилік кітап (бұдан әрі – есептік-әліпбилік кітап) толтырылады. Кітапқа тіркелуден өткен барлық әскерге шақырылушылар, оның ішінде тексерілуге жіберілген, тіркеу кезінде бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс әскери қызметке жарамды, әскери есептен ала отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар енгізіледі.
32. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО:
1) барлық азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеумен толық қамту мақсатында жыл сайын сәуірде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да бар тіркелуден өткен азаматтардың есептік деректерін аудан (облыстық маңызы бар қала) заңды тұлғалардың есептік деректерімен салыстыруды жүргізеді;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-да тіркелуден өткен әскерге шақырылушыларға жеке істердің болуын тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабының, есептік-әліпбилік кітаптың деректерімен және жиынтық тізіммен салыстырады, ол туралы запасқа жіберілетін әскерге шақырылушылардың тізімін қоса бере отырып, акті жасайды;
3) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы есептілікті жасайды және белгіленген мерзімде оны әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру нәтижелері, өткен жылмен салыстырғандағы сапалық көрсеткіштер, сондай-ақ дәрігер мамандармен және диагностикалық жабдықпен қамтамасыз етілгендігі көрсетілетін түсіндірме жазбамен бірге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО-ға ұсынады.
33. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімдерде келмеген азаматтар келмеу себептері анықталғаннан кейін жеке ісін ресімдей және есептік-әліпбилік кітапқа енгізе отырып, әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қабылданады. Көрсетілген азаматтарды медициналық куәландыру және олардың жарамдылық дәрежесін айқындау оларды әскери қызметке шақыру кезінде жүргізіледі.
34. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ЖӘБО:
1) жүргізілген азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындылары туралы есептілікті жасайды, оны түсіндірме жазбамен бірге жыл сайын 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады;
2) 15 сәуірге дейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкіміне тіркеу қорытындылары жөніндегі ақпаратты ұсынады.