1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ата – аналар және оқушылар. Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған мектепшілік «Көктем аруы - 2016» байқауына қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
2 – жүргізуші:
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялап біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
1 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
2 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
1 - жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей отыра қошеметпен ортаға бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды шақырайық.
2 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз 8 «а» сынып оқушысы Мауталипова Алтынай
№ 2 аруымыз 8 «ә» сынып оқушысы Сыдық Жұлдыз
№ 3 аруымыз 8 «б» сынып оқушысы Мұратбай Дана
№ 4 аруымыз 9 «а» сынып оқушысы Холдарова Жұлдыз
№ 5 аруымыз 9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбай Ұлболсын
№ 6 аруымыз 9 «б» сынып оқушысы Аманбай Ақбота
№ 7 аруымыз 10 «а» сынып оқушысы Қожамқұлова Қамажай
№ 8 аруымыз 10 «ә» сынып оқушысы Жанахметова Хадиша
1 - жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
1)Директордың Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К. Айдосова
2)Технология пәнінің мұғалімі: Б. Құдабаева
3)Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: К. Итманова
4)Қосымша білім беру педагогы: Г. Шотбакова
5)Әлеуметтік педагог: Б. Медербаева
2 - жүргізуші:
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
1)Таныстыру
2)Өз өнері
3)Сұрақ-жауап
4)Қол өнер (өзінің жасаған жұмысымен таныстыру)
5) «Бірінші байлық – денсаулық» Гимнастика
Ендеше әділқазылардың рұқсатымен аруларымызды таныстыру бөліміне дайындала беруіне рұқсат етейік.
2 - жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру».
Қарсы алыңыздар ортада:
№ 1 аруымыз 8 «а» сынып оқушысы Мауталипова Алтынай
№ 2 аруымыз 8 «ә» сынып оқушысы Сыдық Жұлдыз
№ 3 аруымыз 8 «б» сынып оқушысы Мұратбай Дана
№ 4 аруымыз 9 «а» сынып оқушысы Холдарова Жұлдыз
№ 5 аруымыз 9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбай Ұлболсын
№ 6 аруымыз 9 «б» сынып оқушысы Аманбай Ақбота
№ 7 аруымыз 10 «а» сынып оқушысы Қожамқұлова Қамажай
№ 8 аруымыз 10 «ә» сынып оқушысы Жанахметова Хадиша
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын білейік.
2 - жүргізуші:
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңменен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады.
1 - жүргізуші:
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар ортада:
№ 1 аруымыз 8 «а» сынып оқушысы Мауталипова Алтынай
№ 2 аруымыз 8 «ә» сынып оқушысы Сыдық Жұлдыз
№ 3 аруымыз 8 «б» сынып оқушысы Мұратбай Дана
№ 4 аруымыз 9 «а» сынып оқушысы Холдарова Жұлдыз
№ 5 аруымыз 9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбай Ұлболсын
№ 6 аруымыз 9 «б» сынып оқушысы Аманбай Ақбота
№ 7 аруымыз 10 «а» сынып оқушысы Қожамқұлова Қамажай
№ 8 аруымыз 10 «ә» сынып оқушысы Жанахметова Хадиша
Қазылар алқасынан ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы.
1 - жүргізуші:
ІІІ бөлім «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп аруларымызды түгелдей ортаға шақырамыз.
№ 1 аруымыз 8 «а» сынып оқушысы Мауталипова Алтынай
№ 2 аруымыз 8 «ә» сынып оқушысы Сыдық Жұлдыз
№ 3 аруымыз 8 «б» сынып оқушысы Мұратбай Дана
№ 4 аруымыз 9 «а» сынып оқушысы Холдарова Жұлдыз
№ 5 аруымыз 9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбай Ұлболсын
№ 6 аруымыз 9 «б» сынып оқушысы Аманбай Ақбота
№ 7 аруымыз 10 «а» сынып оқушысы Қожамқұлова Қамажай
№ 8 аруымыз 10 «ә» сынып оқушысы Жанахметова Хадиша
2 - жүргізуші:
Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші:
Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.
2 - жүргізуші:
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Сайыскерлеріміз өздерінің жасаған жұмысын таныстырады.
Қарсы алыңыздар ортада:
№ 1 аруымыз 8 «а» сынып оқушысы Мауталипова Алтынай
№ 2 аруымыз 8 «ә» сынып оқушысы Сыдық Жұлдыз
№ 3 аруымыз 8 «б» сынып оқушысы Мұратбай Дана
№ 4 аруымыз 9 «а» сынып оқушысы Холдарова Жұлдыз
№ 5 аруымыз 9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбай Ұлболсын
№ 6 аруымыз 9 «б» сынып оқушысы Аманбай Ақбота
№ 7 аруымыз 10 «а» сынып оқушысы Қожамқұлова Қамажай
№ 8 аруымыз 10 «ә» сынып оқушысы Жанахметова Хадиша
Қазылар алқасынан ІV бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
2 - жүргізуші:
V бөлім «Бірінші байлық – денсаулық» деп аталады яғни гимнастика бөлімі. Аруларымыз музыка әуенімен жаттығулар көрсетеді.
Қарсы алыңыздар ортада:
№ 1 аруымыз 8 «а» сынып оқушысы Мауталипова Алтынай
№ 2 аруымыз 8 «ә» сынып оқушысы Сыдық Жұлдыз
№ 3 аруымыз 8 «б» сынып оқушысы Мұратбай Дана
№ 4 аруымыз 9 «а» сынып оқушысы Холдарова Жұлдыз
№ 5 аруымыз 9 «ә» сынып оқушысы Жолдыбай Ұлболсын
№ 6 аруымыз 9 «б» сынып оқушысы Аманбай Ақбота
№ 7 аруымыз 10 «а» сынып оқушысы Қожамқұлова Қамажай
№ 8 аруымыз 10 «ә» сынып оқушысы Жанахметова Хадиша
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 – жүргізуші:
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, арулар жарқырап ортамызда
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе әпке – қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән: «Анашым» орындайтын 10 «ә» сынып оқушысы
Иният Шррхан.
2 - жүргізуші
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 – жүргізуші:
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
2 – жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көктем аруы - 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.