Қазақтың салт-дәстүрлері және ырымдары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:Қазақтың салт-дәстүрлері және ырымдары.

Мақсаты:

Қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарының мән-мағынасын түсіндіру,оларды ажырата білу,салт-дәстүстүрлер мен ырым-тиымдарының біздің өмірде қажет екендігін ұғындыру.

1 Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:



«Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.



2 Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.







1 тур.Сыныпты 2 командаға бөлеміз:қазақтың салт- дәстүрлері және ырымдары.Командалар өз топтарының аттарын капитандары қорғайды.

1 Қазақтың салт-дәстүрлері

Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-достүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршіліғінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, I дүниетанымынан туындайтын модени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді.

2 Қазақтың ырым-тыйымдары

Ата-бабаларымыздың бұрыннан бері жалғасып келе жатқан ырым-тыйымдары бар. Олардың мағынасын көптеген балалар біле бермейді. Тіпті, кейбір үлкендерден сұрасақ, олар да білмей жатады. Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртеніп, соның салдарынан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай жасайды. Сол үшін мұндай жамандық шақырмас үшін бос бесікті тербетуге болмайды деп ырымдайды.

2 тур.Әр команда қазақтың салтары мен дәстүрлерінен хабардар етеді.

Қазақтың салт-дәстүрлері

1 Бата

2 Тұсаукесер

3 Бесік жыры

4 Тойбастар әні

5 Тойбастар әні

6 Бата

Қазақтың ырым-тыйымдары

1 Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады. Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса – миы зақымданады, өміріне қатер төнеді деп жориды.

2 Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.

3 Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тапса, «мені біреу мақтап жатыр екен» дейді. Таба алмаса, «жамандап жатыр екен» дейді.

4 Егер сүйінші сұраса шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келуге тиіс.

5 Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.

6 Баланың мойынын тез және түзу бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.



3 тур.Командалар берілген сөздерге қарап,салтқа-дәстүрге ме,алде қазақтың ырым-тыйымдарына ма,қайсысына жататынын ажырату керек.

1 Амандасу .(салт-дәстүр)

Амандасу салты қазақ халықының ең үлкен дәстүрлерінің бірі. Үлкені мен кішісі бір-бірімен кездескенде бірінші амандасады. Жасы үлкен ер адамдар мен арасында амандасу салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Бұның мағынасы жақсы тілекті білдіреді: «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз. Бұл сөзді жасы үлкен ер кісілермен әр түрлі жастағы ерлер амандасқанда жиі қолданады. Тілегін қабыл алып, қарсы адам: «Уағалейкүм ассалам!» деп оң қолын ұсынады. Ол: «Алланың рақымы сізге де жаусын!» деген сөзді білдіреді.

2 Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел) (Салт-дәстүр)

Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.(салт-дәстүр)

3 «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). (Ырым-тыйым)

Тыйым «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған.

4 "ҚАЗАҚ ЫРЫМ ЕТЕДІ, ЫРЫМЫ ҚЫРЫҢ КЕТЕДІ"(Ырым)

-деп Абай атамыз ырымға сенуге болмайды деп айтқан.

5 Босаға майлау (салт, ырым).

Босаға майлау (салт, ырым). – Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын – жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек

6 Шашу шашу.(салт-дәстүр)

Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.



4 тур Салт-дәстүрлер бізге қажет пе?Ырым-тиымдар не үшін қажет?

1 Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар.Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған.

2 «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.

1 Ырым - бабаларымыздың өмірінен алынған өсиет, тәрбиесі. Біз бүгінде түсінбей , өз көзқарасымызбен баға береміз. Ал, Абай атамыздың заманына дейінгі адамдар - мүлде бөлек адамдар. Олар біздің ой-жүйеміздей ойланған жоқ. Олардікі Имани. Олардың барлығы Құдайға сенген . Барлық істің басында Құдай тұр деп есептегесін, қайта-қайта Біріншіні айта бермей, қысқартып, "сақтансаң сақтайды" дегенді басшылыққа алып, ұрпақтарын ырым арқылы тәрбиелеген.

2 "ҚАЗАҚ ЫРЫМ ЕТЕДІ, ЫРЫМЫ ҚЫРЫҢ КЕТЕДІ" деген емес пе хәкім Абай?! Яғни, ғұлама ақын ырымға сенбе деген. Ырым деген сөзді біз теріс түсіндіріп жүрміз. Мәселен, қазақта жақсы ниет бар: баланың тұсауын желаяққа кестіреді: тез жүріп кетсін деп! Ал кейбір ырымдардың осындай түсіндірме мәні кеткен. "Амалдар ниетке байланысты" деген хадис бар. Ал қазіргі жастар түгілі аға, ата, апаларымыз көшеде жолын бір мысық кесіп өтіп бара жатса, кері кетіп, анау көшемен айналып келеді. "Жолымды мысық кесті, жолым болмайды" деп көріпкелдік жасайды. Ау, ағайын, мысықты Пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаһу уалейһи уассалам да құрметтеген жоқ па еді?! Шапанында ұйықтап жатқан мысықтың жатқан жерін (шапанын) кесіп тастаған. Ұйықтай берсін деген.



Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ,дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ

Қазақтың ырымдары - заңдық ұғым емес, этикалық ұғым. "Мен бас ұстадым, әкем неге өлмеді" деп сұрау, бұл енді анекдотқа бергісіз ноқайлық. Егер Қылмыстық кодексте: "Баласы бас ұстаса, 10 жылға сотталады" деген бап болса, онда бұл заңдық ұғым болар еді. Ал "Әкесі тұрғанда баласы бас ұстамайды" десе, бұл мәселенің тәрбиелік, этикалық жағын нұсқайды. Бас сыйлы адамға беріледі ғой. Әкесі отырған жерде баласы басқа жармасса, онда оның өз әкесін сыйламағаны емес пе. Әкеге одан артық қандай өлім керек?! Ырымдарда айтылған этикалық ережелерді нақпа-нақ түсінуге болмайды. Ырымдарда халықтың рухы, тәрбиесі, этикасы, мәдениеті, ділі көрініс тапқан. Халық ешкімнен сәрсенбі күні жолға шықпауды талап етпейді, алайда түрлі жағдайлармен қалыптасқан сенімін алға тартады. Және оның не себептен солай болуы керектігін түсіндіргенде де тұспалдап қана айтады, өйткені бойыңа сіңген этикалық құндылықтардың не мағынасы бар екенін әркімге ұғындырып жатудың өзі мүмкін емес. Сол себептен балалардың ойына ұғымдырақ болуы үшін "былай істесең, мынадай жамандық күтіп тұр" деп айта салады. Бұл жалпы фольклорға тән нәрсе. Бүны ежіктеп айтып жатудың өзі артық сияқты. дегенмен, "Мен бас ұстап едім, әкем өлмеді, демек қазақтың ырымдарына сенуге болмайды" деп таң қалатындарға мұны да түсіндіру керек сияқты.