КІРІКТІРІЛГЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Тәрбиеші: Турысбаева Назира Нурланбековна, санаты жоқ
Білім аймағы: «Таным»
Бөлімі: Сенсорика
Пән аралық байланыс: «Таным», «Коммуникация», «Денсаулық»
Тақырыбы: Бауырсақтың саяхаты
Педагогтың мақсаты: Педагогикалық процессті ересектердіңбалалармен бірлескен іс әрекеті мен баланың өз бетінше еркін әс әрекеті негізінде құру. Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін еңгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттілігін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылыған және белсенділігін төмендететін артық жиі қайталануларды болдырмау.
Балалардың мақсаты: Балалардың түстер туралы білімдерін қалыптастыру. Түстерді ажырата білуде білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Дамытушылық: материалдарды ұстап құрастыру арқылы балалардың көру, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Дәстүрден тыс әдісті қолдану арқылы саусақ қимылын дамыту.
Білімділік: тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту. Кейіпкерлерге жанашырлық сезімін, көмектесу ниетін тудыру.
Тәрбиелік: қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Оқу түрінің үйымдастырылған формасы: аралас
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: жапырақтар, ойыншықтар, таратпа материалдар, картошка, ватман, гуащь,тоғай, фетрдан жасалған алма, бауырсақтар
Сөздік жұмыс: бауырсақ
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: балаларға ертегі айтып беру, түстерді қайталау
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым! Тосын сый. Топқа Бауырсақ келеді. Балалармен амандасады.
-«Балалар мен ата мен апамнан адастым. Үйіме қайта алмай жүрмін.»-деп Бауырсақ жылайды.
-Қане, балалар бауырсақпен амандасайық.
-Бауырсақ қандай?
-Бауырсақ домалақ, сары.
Сөздік жұмысы: бауырсақ
-Жүр бауырсақ қолыңнан ұстайын.
Бауырсақ: -Жоқ, жоқ, мені ұстама. Мені жаңа ғана пісірді. Мен ыстықпын. Сендер мені үрлесеңдер мен суыймын.
Тыныс алу жаттығуы: «Бауырсақты үрлейік»
Бауырсақ: «Ой, балалар, рахмет сендерге. Бірақ ата мен апама қалай барамын? »
-Ой, бауырсақ сен уайымдама. Біз сені қазір ата мен апаға апарамыз. Ол үшін бірақ біз тапсырмаларды орындауымыз керек.
-Балалар, жүріңдер орманға барайық.
Ол үшін мына денсаулық жолымен жүріп өтеміз.
(Ормандағы сыбдырлаған ағаштардың дауысы шығады. )
Бауырсақ: Қандай әдемі . Бұл ненің дауысы?
-Бұл жапырақтардың дауысы. Күздігүні жел соққанда тоғайдағы жапырақтар жерге түседі.
Бауырсақ таңырқайды: «Қандай керемет, Қандай әдемі!»
Осы кезде Қоян шығады. -Мына жердің бәрін ластадыңдар. Жапырақтың бәрін шаштыңдар. Қазір бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: -Мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Қоян: (ренжиді) Жоқ, бауырсақ мен сенің өлеңінен жалықтым. Одан да мына шашалыған жапырақтарды жинаңдар.
Балалар жапырақтардың түстері қандай? (қызыл, жасыл)
-Енді осы қызыл жапырақтарды қызыл себетке, ал жасыл жапырақтарды жасыл себетке жинай қойыңдар.
Ойын: «Жапырақтарды жинау»
(музыка қосылады)
Қоян: -Жақсы, балалар сендер ақылды екенсіңдер.
Балақайлар ары қарай денсаулық жолымен жүріп өтейік.
Тоғайдың түбінде аю отырады. Аю көңілсіз.
-Аю сен неге көңілсізсің?
-Мен үлкен шарлар мен кішекнтай шарларды айыра алмай тұрмын.
-Ал біздің балалар қазір саған көмектеседі.
Аю шарларды түсіне және пішініне сәйкес орналастыра алмай тұр. Аюға көмектесеміз бе?
Ойын: «Шарларды түсіне сәйкес орналастыр» (қызыл, жасыл, үлкен-кіші)
Аю: -Балалар, сендерге көп рахмет. Сендер сондай зерек екенсіңдер!
Осы кезде алдымыздан қасқыр шығады.
Қасқыр:-О бауысақ мен сені жеймін.
Бауырсақ -Жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр:- Жоқ сенің өлеңінен жалықтым. Мен мына балалармен ойнағым келіп тұр.
Балалар сендер ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
-Жақсы, қасқыр біздің де сенімен ойнағымыз келіп тұр.
Қозғалмалы ойын: «Аю, аю тұршы»
Ал енді балалар ары қарай денсаулық жолымен кеттік.
Алдымыздан түлкі шығады.
Түлкі-О бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:-Мені жемеші қазір мен саған өлең айтып беремін.
Түлкі –Жалықтым сенің өлеңінен. Маған көп бауырсақ керек.
-О-о-о саған көп бауырсақ керек болса біздің балалар саған бауырсақ салып береді.
Ойын: «Түлкіге арналған бауырсақ»
Балалар тәрелкеге картошкамен бауырсақтың суретін салады.
Міне түлкішек саған біздің балалар көп бауырсақ дайындап қойды.
Түлкі:
-Ой балалар сендерге көп рахмет. Мен бір бауырсаққа тоятын болдым. Балалар, міне бауырсақтың үйіне де келіп жеттік.
Бауырсақ:
-Балалар, сендерге көп рахмет. Мен енді ата мен апамды тыңдаймын. Алысқа кетпеймін. Сендермен бірге маған қызықты болды. Міне, апам сендерге көп бауырсақ дайындап қойыпты. Ас болсын!