Бақытыңды балаңнан ізде ата-аналар конференциясы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Бақытыңды балаңнан ізде

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Өз баласының құпиялылығын қаншалықты білетіндігін байқау. Ата*-ана мен бала арасында тығыз қарым-қатынас орнату

Түрі: әкелер конференциясы

Әдісі: тест, ти кестесі, менің экраным, пікірталас

Барысы: І.Кіріспе.Құрметті ата-аналар , оқушылар! «Отан – отбасынан басталады», - демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату-кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек. Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен

Ойым емес, оллахи біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем

Жарық силап, маңына жылу силап,

Бұ да бір күн алаулап жана ма екен?

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарып ала бөтен

Мүше тістеп, басқалар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екен?

Үмітпенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен (М. Әлімбаев)


ІІ Негізгі бөлім

1. Жүректен жүрекке...

(Мен балама... тіркесімен басталып, берілген сөзді қатыстыра тілек, жылы сөз талдау)

2. «Жылдам жауап» (Ата-анаға сұрақтар)

3. Менің экраным


  1. Көп еркелетемін

  2. көп жұмсаймын

  3. сабақтан көп алып қалам

  4. жетекшімен байланысым

  5. ұрып-соғамын, ұрсамын

  6. мектепке түстен кейінгі сабаққа қатыстыруым

  7. Ата-ана жиналысына қатысуым

  8. Балаңыз ұялы телефонды күнде ұстайды

  9. Сабаққа қатысуым

  10. күнделікті, дәптерлерін бақылауым

Жауап бергеніңізге рахмет !

У. «Менің тәрбием» ( ата-аналар өз тәрбие бағыттары туралы сөйлейді)

УІ. Ти кестесі

Ата –ана : ....................................................

Сыныбы: ..............



2.

Өзім (ата-ана)




УІІ. Ашық пікір.

  1. Бақытты жанұя қандай болу керек ?

  2. Балаңызға күнде айтылатын «ережеге» айналған тәрбиеңіз ?

  3. Бала үшін ата-ана,ұстаздың қайсысының беделі күшті ?

  4. Бала іңгәлап дүниеге келгенде жаман қалпында келмейді.Өсе келе неше алуан

адам шығу салдары неден және кімнен ?

5.Баланың өнегелі адам болып шығуына отбасындағы тәрбиенің ықпалы қандай ?

6.Ұлттық тәрбие, оның құнды тұстары?Сіз қай тұсын тәрбиеде қолданасыз ?

УІІІ. Тест ( ата-аналарға)

ІХ. Ыстық жүрекпен...(жүрекшелерге тілектер жазылады)

ІІІ.Қорытынды.

«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»- деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата-ана баланың түйсігіне қандай із салса,бала сол жолмен жүретіні сөзсіз.Бақытымызды әркез баламыздан іздейік, құрметті ата-аналар!!!

Баламды бақытты қылудағы менің міндетім...(сөйлемді әр ата-ана аяқтайды.)















Бекітілді:

Тәрбие ісінің меңгерушісі:М.Үкішева.
Күні,айы:21.10.2015 жыл










[pic]


Ашық тәрбие сағаты





Сынып жетекшісі: Г.Нұрханова.