Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу санаторлық бөбекжайы» КММ – нің тәрбиешісі
Кенжебаева Амангүл Қалмұханқызы.
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» Ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларды Отынымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу,туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының
суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, тақырып жазылған плакат, слайд.
Құрметті педагогтар,кішкентай бүлдіршіндер! Тәуелсіздігіміздің 23-жыдығымен құттықтаймын.
Өз жеріме, ие болған күн,
Тілім таза бостандығын алған күн.
Елтаңбаммен көк байрағым желбіреп
Тарихыма өшпес белгі салған күн!-деп ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранмен бастайық
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
Тақпақ:
1.Әділбек
Желтоқсанның желі,аязы,ызғары,
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға,
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
2.Айда
Егемендік - бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін ,жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
3.Анель.
Желтоқсаным- тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
4.Жанель
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
5.Ақмаржан
Болмасам да сол кезде мен сеземін,
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бүл күннің оңайлықпен келмегенін.
6.Анел
Жиырма үш жыл ,жиырма үш жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк туменен бостандық.
Жұмбақ:
Келмеді ол жайдан- жай,
Жеңдік барлық езгіні.
Тәуелсіздік алған ай,
Жылдың қай мезгілі ? (қыс мезгілі, желтоқсан айы)
Тәуелсіздік жолында,
Тапқан істің шешімін.
Президенті қазақтың,
Айтшы қане есімін ? (Н.Ә.Назарбаев)
Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай құс,
Қанат қаққан бар елге? (қыран құс)
Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал.(Қазақстан)
Өте жақсы жауап бердіңдер.
Рәмізім – елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздері жатқа білген жөн кісі.
Балалар ,мемлекеттік рәміздеріміз 1992жылы 4маусымда қабылданды.
Балалар рәміздер қалай аталады екен?
Балалардың жауабы:
Әнұран,жалау,елтаңба.
Рәміздер туралы түсінік беру.
Ту.
Көк – ашық аспанды,бейбітшілікті, білдіреді.
Күн – береке , тыныштықты
Қыранқұс – Ой ниетіміздің, мәртебеміздің биіктігін
Ою – әр саналы азамат осы ою –өрнек арқылы қазақстанның туы екендігін біледі.
Елтаңба
Тұлпар – пәле- жаладын, қауіп – қатерден қызғыштай қорғайды
Бидай – молшылықты, байлықты
Шаңырақ – Елтаңбаның негізі отбасының бейнесі
Жұлдыз – Мемлекетіміздің жұлдызы биік жарық болсын.
Би «Қамшы»
Тақпақ:
7. Альбина
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
8. Балауса
Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңой келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.
9.Нұрқасым
Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға
10. Аймереке
Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.
11. Інжу
Қыран ұшып, қарға келді ендігі,
Мынау халық – қарғалардың жемтігі.
Қазақ кетіп орыс келді тағы да,
Екі бастың бар ма енді теңдігі.
12. Мансур
Ауыр тиді бұ да енді балаға,
Студенттер шыға алмады далаға.
Тергеушілер қойып қалып өтірік,
Талай адам ұшырады жалаға.
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басасын.
Желтоқсан құрбандарына тоқталайық сурет бойынша әңгіме, слайд.
Бұл күнге жете алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етеміз.
Еліміздің еркіндігі жолында жанын қиып, тәуелсіздігіміздің көре алмай кеткен боздақтарды
1 минут үнсіздік пен еске алайық.
«1 минут үнсіздік»
Тақпақ:
13. Рамазан
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
14. Дана
Тәуелсіз елдің ұланымыз,
Көк аспанда тулардың,
Желбіреген күні- бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжіреген күні-бұл.
15. Шыңғыс
Алты алаштың баласы,
Қауымдасқан күні-бүл.
Бір-бірімен жарасқан,
Бауырласқан күні-бұл.
16. Азамат
Қазақстан тәуелсіз ел,қанатын жайған әлемге.
Ақбоз аты оза шауып,жаңғырған аты әлемге.
Өткен күндер келмеске кетті,тарихта қана айтылып,
Жанарларын мұң шалмай,ұлың мен қызың күлуде.
17. Мейрамбек
Айтып отырса өтірік емес бұл деген,
Тек қазақ па ақ патшаға сенбеген.
Тәуелсіздік кетпе қазақ жерінен,
Әй,қазақтар енді өзгеге жүгінбең!
18. Нұртуған
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім –Елтаңбам!
Би «Ақ желкен»
Тәуелсіздік сөзі 11 әріптен құралған.
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дана даналардың көз жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіздік сөзінің әр әріпіне тоқталайық.
Т - Білдіреді теңдікті, Әділбек
Ә - Әдептілік, елдікті, Айда
У - Уайымсыз уақытты, Жанель.
Е - Егемен, елдікті, Нұрқасым
Л - Лашын құстай самғайық, Інжу
С – Сенімділікті, Анель.
І - Ілтипат пен ізет қой, Альбина
З - Зиялылық, тілек қой, Балауса
Д - Шақырады достыққа, Ақмаржан
І – Ілкімді бол сақтыққа, Аймерке
К – Көтереміз көк туды. Азамат
Балалардың барлығы бірге айтады
Желбірейберсін әрқашан
Біз – болашақ нұрымыз
Көкке самғап ұшамы
Балалардың орындауында
ӘН: Жаса Қазақстан
[pic]