Іс-әрекет кезең дері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотива
циялық қозғау
шылық
Шаттық шеңбер : Тәрбиеші «Мейірім сыйлаймыз» атты шаттық шеңберге тұрады
Біздің топта ұл –қыздар
Тату –тәтті ойнаймыз
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз!
Ұйымдастыру – іздестіру
«Шалқан» әңгімесін оқып, мазмұнын айтып, суреттер бойынша айтып беру.
-Кім маған түсінгендерін айтып береді?
- Ерте, ертеде шал мен кемпір блыпты. Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып, шалқалап тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
Атай әжейді шақырады. Әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
-Сосын кімді көмекке шақырады?
-Немересі кімді шақырады?
Күшік немере қыздың етегінен ұстайды –олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суыра алмайды.
-Күшік кімді көммекке шақырады?
Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
-Мысық көмекке кімді шақырады?
Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылап, шалқанды суырып алады.
Дидактикалық ойын : «Шалқан» ертегісін рөлге бөліп ойнайық:
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі
Балалар әңгімені ұйып тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді
Немересін шақырады.
Немересі күшігін шақырады.
Күшік мысықты шақырады
Мысық тышқанды шақырады.
Балалар ертегі кейіпкерлерін бөліп алып, ертегіні сахналайды.
Рефлексивті түзетушілік
Балалар сендер бірлік, достық, ұйымшыл сөзін қалай түсінесіндер?
Мақал: 1. Бірлік бар жерде, тірлік бар. 2. Жұмыла көтерген, жүк жеңіл.