Конспект воспитательного часа Ұшқыр ойлы топ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Ұшқыр ойлы топ

Мақсаты: 1.Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өз - өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі жауап қайтару.

2. Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, сапалылыққа, білімді, дарынды, озық болуға үйрету.

Көрнекілігі: топ аттары, сөзжұмбақ.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі біздің сайысымызға ғылымның сырларын ұғынып, білім шыңына шығамын деп, ұқыптылық пен зеректікті бойына серік еткен оқушыларыма қадамдарың оң болсын деп сайыс жолында тек сәт сапар тілеймін!

Сайысымыздың сарапшыларымен таныстырып өтейін.

1. Мектеп директоры Алтаева Нұргүл Арыстангалиқызы

2. Оқу ісінің меңгерушісі Алина Гүлжанат Ақылбекқызы

Сайысымызды бастамас бұрын сайысқа түскелі тұрған топпен таныс болайық.

І-топ «Iphone» тобы

ІІ-топ «Wi-Fi » тобы

ІІІ-топ «Galaxy » тобы

Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.

І. «Ұранын айту» /әр топ өз ұрандарымен таныстыру/

ІІ. «Кім көп біледі?» / математика пәнінен сұрақ/

ІІІ. «Шығарманың атын тап» /әдебиеттік оқудан сұрақ/

ІҮ. «Сөзжұмбақ сыры»

Ү. «Өлеңді жалғастыр»

ҮІ. «Ұшқыр ой»

«Iphone» тобы

Ұраны:

Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске!

«Wi-Fi» тобы

Ұраны:

Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

«Galaxy » тобы

Ұраны:

Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІ. Кім көп біледі? Математикадан әр топқа 5 сұрақ қойылады.

«Iphone» тобына сұрақ.

1. Ең кіші үш таңбалы сан (жүз)

2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы)

3. Ондықтардан құралған сан (қырық)

4. Кеміту амалы. (азайту)

5. Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста. Әпкесі 7 жаста болғанда, інісі неше жаста болады? (6 жаста)

«Wi-Fi» тобына.

1. Геометриялық фигура (төртбұрыш)

2. Бұрыш түрі. (сүйір, тік, доғал, сүйір)

3. Дөңгелекті басқаша қалай атайды. (шеңбер)

4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? мм,см,дм, м, км

5. Аулада 4 тауық және олардан үш есе артық үйрек жүр. Ауладағы үйректердің саны нешеу. (12)

«Galaxy » тобына.

1. Ең кіші натурал сан (бір)

2. 1 дм= ? (10 см)

3. Жеті күн (апта)

4. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

5. 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз? (30 ыдыс)

ІІІ- кезең: «Шығарманың атын тап»

Шығармалардан үзінділер оқылады ойыншылар шығарманың атын және авторын табу керек.

1. «... Қартқожа жазық далада. Көйлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып – шып шығып, кітабын оқып жатыр....» /Жүсіпбек Аймауытов, «Кітап оқу»/

2. «Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы болды».»

/Сапарғали Бегалин «Зеректік»/

3. «.. Арыстан көлге шомылуға кетеді. Арыстан келгенше түлкі есектің шекесін теседі де, миын сорып, түгел жеп қояды..»

/«Аңқау арыстан» ертегі/

4. «... Бір тойда ашқарақ біреу қомағайлана ішіп - жегенімен қоймай, қалтасына құрт пен ірімшікті сала береді...»

/Аңыз «Қожанасыр мен ашқарақ»/

5. «... Қас қарайды. Қой қотанға келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдында о жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр»

/Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожаның туған жері»/

6. « Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа – үшеуі кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты...»

/Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?»/

7. «... Желтоқсан жұлдызы. Қар көптеп жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптаған. Жұрт үстімен жүре бастады...»

/Міржақып Дулатов «Қыс»/.

8. «... Балапан қанат қақты... Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты.»

/Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»/

9. «... Ата қартайып, күші кеміді: нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды....»

/Спандия Көбеев «Атасы мен немересі.»/

10. «... Бір жарлы шал есекке мініп келе жатыр еді, балалар есектің бақырған даусын естіп, шалға: «Неге есегіңді өлең айтуға үйреттің?»- дейді»

/Спандияр Көбеев «Шал мен балалар» /

11. «Әй, әттеген – ай! – деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетеді.

/ ертегі, «Шибұт, Қарынбас, Қылмойын/

12. «Сөйтіп олар күн – түн демей тағы да еңбектене береді. Жиған ақшасына ат сатып алады. Енді бір жыл өткенде, ескі лашықтың орнына жаңа ағаш үй тұрғызады.

/ ертегі, «Сақина»/

13. «Шал Қазбайдың ауылына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс,қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді.

/ «Ұр, тоқпақ» ертегі/

14. «Қорқу, сескену дегеніміз қоққақтық емес. Ол – жүрек тебіренісі, өзін – өзі шектеу сезімі. Қорқақтық – ол қиын жерден бас сауғалай шегіну, қашқақтау. Алда тұрған асыл міндеттен өз қара басын жоғары ұстау.

/ «Қайраттың жазу дәптерінен» /

15. «- Ау, Тымақпысың?

- Тымақпын.

- Сен кімсің?

- Құлақпын

Тымақ құлаққа қарады.

Құлақ тымақ қарады. / мысал, «Құлақ пен Тымақ»/


ІҮ – кезең: «Сөзжұмбақ сыры»

«Iphone» тобына / мемлекет/

«Wi-Fi» тобына /тәуелсіз/

«Galaxy » тобы / егеменді/


Ү – кезең: «Өлеңді жалғастыр»

Жүргізуші өлеңді бастайды, ойыншылар жалғастырады.

1. Бір, Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық.

/Оқығанды көңілде,

Ықыласпен тоқылық/ Ы. Алтынсарин


2. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

/ Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан / Күз Абай.


3. Қарашы далаға,

Реңі сары ала.

/ Пісті алма албырап,

Сарғайды бал құрақ./ Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен»


4. Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай жүрісің?

/ Белгілі тұрағын жоқ,

Бас түгіл құлағын жоқ / «Бидай мен Қаңбақ» Асқар Тоқмағамбетов.


5. Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт – берекең - атаң қымбат,

/ Аймалайтын – анаң қымбат,

Мейрімді - апаң қымбат.........../ Қазыбек бидің сөзі


6. Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар.

/ Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем /. Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»


ҮІ – кезең «Ұшқыр ой »

Нұсқау: Әр топқа 10 сұрақтар беріледі жауапты «Я» немесе «Жоқ» айтады.

І топ «Iphone» тобына

1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл? – я

2. А дыбысы дауыссыз дыбыс - жоқ

3. Дыбыс екіге бөлінеді? – я

4. Ы.Алтынсарин дала жұлдызы ? – я

5. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар? Жоқ

6. Күн сөзі бір буынды сөз – я

7. Жер су аттары бас әріппен басталып жазылады – я

8. Ұя сөзінде екі дыбыс бар – жоқ

9. М дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс – жоқ

10. Сөйлем бас әріппен басталып жазылады – я

ІІ топ «Wi-Fi»

1. Біздің ана тіліміз қазақ тілі – я

2. Қазақ тілінде 42 әріп бар – я

3. Дауысты дыбыс созылып айтылады – я

4. О дыбысы жуан дауысты дыбыс – я

5. Б дыбысы ұяң дауысты дыбыс – я

6. Сөйлем кіші әріптен басталып жазылады – я

7. Аю сөзі екі буынды сөз – я

8. Жан жануарларға қойылатын аттары кіші әріптен басталып жазылады – жоқ

9. Ата сөзі үш дыбыстан тұрады – я

10. Мәтіннің екі түрі бар – жоқ

ІІІ топ «Galaxy » тобына.

1. Біз қазақ тілінде сөйлейміз – я

2. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар - жоқ

3. Дыбыс үшке бөлінеді – жоқ

4. С дыбысы дауыссыз дыбыс – я

5. Р дыбысы жуан дауысты дыбыс – жоқ

6. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен бөлек жазылады – я

7. Кітап сөзі үш буынды сөз – жоқ

8. Қою сөзінде екі дыбыс бар – жоқ

9. Адамның аты жөні бас әріппен басталып жазылады – я

10. Ш дыбысы дауыссыз ұяң – жоқ

Қорытынды:

Бүгінгі «Ұшқыр ойлы топ» сайысымызды жеңімпазымызды анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.