Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып 8 «А»
Мерзiмі:
Сабақтың тақырыбы: Мақсат – жетістік желкені.
Құндылық: дұрыс іс-әрекет
Қасиеттері: еңбектену, шыдамдылық, төзімділік
Сабақтың мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту Міндеттері:
· оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
· оқушыларды шыдамдай, төзе білуге дамыту
· оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні
А4 беттер, қарындаштар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т ережесі: Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Тыныштық сәтi.
Тыныштық сәтi.
Ыңғайлы және еркін отырыңдар. Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып жүрмін деп ойлаңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сенің жаман көңіл-күйің кетсін. Ішіңізден қуанышты сезін. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.
Үй тапсырасын тексеру:
Оқулықтың 26 бетіндегі Б.Төреқыздың шығармасынан үзіндіні оқып келу.
Сұрақтар:
Жетістік дегеніміз не?
Мұратқа жету жолындағы мақсаттың сенімді серіктері кімдер?
Мәтінде мұратты неге теңеп тұр?
Мақсаттың адам өміріндегі рөлі қандай?
Өз мақсатымызға жету үшін не істеу керек?
Сабақ барысын талдау:
6 мин
Дәйексөз.
«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық»
Э.М.Форстер
5 мин
3. Әңгімелеу
Мәтінмен жұмыс
Бір жалықтың ырымы болыпты. Кімде-кім жаңа жылға таяу таудан ақ гүлді жұлып алса бақытты болады. Бірақ гүл өскен таудың бір сиқыры болыпты. Ол әрдайым дірілдеп тұратын, сондықтан ещбір адам ұстанып тұра алмай құлап қала беретін. Бірақта жыл сайын тауға шыққысы келетін адамдар табылатын.
Күндердің бір күні үш дос бақтарын сынамақшы болады.
Тауға шығар алдында олар ақсақалға барып кеңес сұрайды.
Ақсақал : жеті рет құласаң сегіз рет шық деген кеңес береді.
Үшеуі тауға қарай бет алады.
Бір сағат өткен соң бірінші бала келеді де айтады: жеті рет құладым, сегіз рет шығып келе жатып қарасам жолдың төрттен бір бөлігін өтіппін, бұрылып алдым да қайтып кетті.
Екі сағат өткен соң екінші бала оралады. Мен де жеті рет құладым, сегіз рет шығып келе жатып қарасам жолдың үштен бір бөлігін өтіппін, бұрылып алдым да қайтып кетті дейді.
Тағы бір сағат өткен соң үшінші бала қолында бір тал ақ гүлімен оралады. Сен құлаған жоқсын ба? Бір де соғылып тырналған жерің жоқ қой.
Мен жүз рет немесе одан көп құлаған шығармын білмеймін санаған жоқпын дейді. Тауға шығарда мен құлап үйренгенмін деп күді бала.
Бұл бала құлауды үйренген жоқ, ол құлап жатқан жерден тұрып мақсатына жетуді үйренді - деді ақсақал.
Көп адамдар мақсаттарына тез жеткілері келеді бірақ жету жолындағыы қиындақтарға шыдай алмайды.
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
· Алдыңа мақсат қою
· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
· Іске дайын болу
· Адымыңды анық басу
· Алға ұмтылу
· Қорықпау, күмәнданбау
· Көңіліңді тоқ ұстау
· Жаңашыл болу
· Басқалармен кеңесу
· Тәуелсіз болу
· Біртұтасты бөлшектеу
· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау
10 мин
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Дәптермен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Оқушы дәптерінде берілген тапсырманы орындату.
15 мин
6. Түйіндеме
Әр бастаған ісіңді соңына дейін жеткізіп, түскен жолыңнан бұрылмау керек. Әр ауырлығына шыдап, төзімділік танытса сонда бірақ мақсатына жетеді.
2 мин
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 32 бетіндегі «Өшпес із» атты әңгімені оқып келу.
2 мин
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
5 мин