Волгодонов орта мектебі
«Күншуақ» шағын орталығы
[pic]
Тақырыбы : « Қош келдің - әз Наурыз»
Тәрбиеші : Абильхайырова С.Б.
2015-2016 оқу жылы
Қош келдің - әз Наурыз !
Тәрбиеші:
Армысыңдар ұстаздар, ата-аналар , келген қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларымыз құтты болсын ! Наурыз- «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата- бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқаң жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы- Шығыс күні есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы- есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Наурыз келсе, құт келгені халайық ! Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық. Ата мен әже төрде отырады.
Балалар: Сәлеметіздер ме, ата-әже!
Ата: Армысыңдар ма, балаларым , ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Әй, кемпір құтты қонақтар келді, қарсы ал мына балаларды.
Әже : Төрлетіңдер, құлындарым, наурыз мейрамы құтты болсын !
Ата: Кемпір, наурыз көжеңді пісір, мына балалар наурыз көжеден дәм татсын.
Ата: балаларым қандай өнерлерін бар маған дайындап келген. Қәне көрсетіңдер!
Уа, халайық, халайық! Әсем әнге салайық. Наурыз тойы көңілді, Бірге қарсы алайық. Мухаммад
Наурыз келді тамаша, Ән саламыз таласа. Бар табиғат күлімдеп, Жадырады балаша. Ислам
Ән : «Наурыз- біздің жаңа жыл»
[pic]
Ата: Оооо қош келдіңдер ағайын немелерім.
Орыс тобы: Салеметсіздер ме? Наурыз құтты болсын!
Би : « Соловушка»
Ата: төрлетіңдер немерелерім.
Қыдыр ата : Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар: Сәлеметсізбе ме?
Қыдыр ата: мен сендерге тапсырма ала келдім , кім шешеді екен.
Сұрақтар:
1.Қазір қандай мезгіл?
2. Үй жануарларын ата?
3. Айранды неден жасаймыз?
4. Бүгін қандай мейрам?
Қыдыр ата: Қандай жақсы балаларсыздар, өте білімді екенсіздер!
Енді мен басқа ауылға да баруым керек, сол себепті сендерге бата беріп кетейін.
Наурыз құтты болсын, Ұлыс оң болсын. Дендерің сау болсын, Ақ мол болсын. Бәле жала жерге кетсін, Құт береке әкелсің. Қайда барсаңдарда жолдарын болсын!
Бәрі : Әмин.
Қыздар : Сәлеметсіздер ме?
Ата: Менің үлкен, ерке қыздарым келіп қалыпты. Амансыңдарма ерке қыздарым.
Би: «Ұлттық»
Ата: жолдарыңнан қалмаңдар келгендерін көп рақмет, сау болыңдар!
Ал, балаларым сендердің күштерінді сынайық.
Ойын : «Қол күрес», «Арқан тартысу»
Сұрақ -жауап ата-аналармен
Ерулік дегеніміз не?
Құдайы қонақ деп кімді айтамыз?
Мәйек дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз не?
Ата: Ау, кемпір, «Баламақ бетінен суиды, көже түбінен суиді» демекші, сенің көжең пісетін түрі бар ма? Мына балаларға наурыз көженің қасиетін қалай жасалу жолдарын айтып берсеңші.
Әже: Наурыз көжені 7 түрлі дәмнен пісіреді. Қазақ халқы 7 санын қасиетті сан деп есептейді. Олар: құрт, су, ұн, тұз, ет, тары,күріш.
Менің наурыз көжем де дайын болды. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп, көжені мейлінше мол жасадым. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Бұл көжеден барлық адам тілек тілеп ішуі қажет деп әже наурыз көже таратады.
Ата: бата береді. Ұлыс күні қазан толсын, Маймыл жылы ақ мол болсын! Ұлы адамнан бата алып, Балаларыңыз олжалы болсын.
Дәулетің ассың,
Қазаның тассын.
Ұлдарың он шақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын! Әмин.
[pic] [pic]
Тәрбиеші: Көтеріп еліміздің көсегесін,
Халықтың несібесі есен енсін.
Жасқа жас, басымызға бас қосылсып,
Сәбилер күліп ойнап, өсе берсін!
Отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!