Наурыз – думан
1Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздерді Ұлыстын ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге денсаулық, бастарыңызға байлық тілейміз. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын!
2.қазір сіздердің алдарыңызда кішкентай бөбектер өз өлендерін айтады.
3.Құрметті көрермен қауым! Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – аруы» сайысын тамашалаймыз. Сонымен қатар концерттік бағдарламаны да көретін боласындар.
Көктем – ол қуаныштын ізі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтын атын жазып,
Тырналар қатар – қатар тізіледі, - деп ақын жырлағандай, осы ғажайып көктем мейрамы нәзік қыздарға арналған.
4.Енді осы сайыстың әділқазылар алқасын сайлаймыз. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
5.Қыз деген ол – қызғалдақтайбелдегі,
Қыз деген – бұл өмірдің көктемі.
Қыз деген, ол- болашақтың анасы,
Бар адамзат ана арқылы көктеді.
Қыз дегенің мінезімен көрікті,
Зұлымдықты ақылымен жеңіпті.
О бастан – ақ өмір, шіркін, Қыздарға,
Нәзіктік пен беріктікті берепті.
Енді ортаға ару қыздарымызды шақырайық. Әрбір сайыскер өзінің нөмірін таңдап алады.
6.Сайысымыздың бірінші түрі «Өзін таныстыру». Әрбір сайыскер өзі туралы айтып береді.
7.Құрметті көрермендер! Сіздердің назарларыңызға 11 – сынып оқушысы Едігенов Қанаттың орныдауында «Отан – ана» деген әнді ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
8.Қыз деген ол әсем гүлдер бақтағы,
Емес олар даланың жай бақ – бағы!
Өнерімен өрнектеген өмірді,
Ол сұлулықты шырақ етіп жаққаны.
Келесі сайыс «қазақтың ою - өрнегі» деп аталады.
9.Келесі кезекті біз бишілерге береміз 3А сынып оқушыларының орындауында.
10.Таңдайлары тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей.
Шешен болар мп екенсің? деп жырлағандай, сайысымыздың келесі түрі «Сұрақ – жауап». Әрбір сайыскер екі сұраққа жауап береді. Сұрақтар Наурыз мейрамы туралы.
11.4- ші сынып оқушылары «Ешкі мен түлкі! Деген ертегі бойынша көрініс көрсетеді.
12. 3Б сынып оқушыларының орындауында «Наурыз туралы» әнін тыңдаймыз.
13. Сайысымыздың келес түрлі «Қазақ халқының ұлттық тағамдары». Әкелген Ұлттық тағам туралы айтып береді.
14. 3А сынып оқушыларының орындауында тағы да бір тамаша ән тыңдаймыз.
15. Сахнаға 9 –сынып оқушылары Хамзина Гульмира мен Шалдыкова Меруертті шақырамыз. Әнші қыздарымыз «Ана туралы жыр» әнін айтып береді.
16.Шыр көбелек билейтін,
Мақтануды сүймейтін,
Биші десең, қыздардан
Мың бұралған табылар.
Келесі сайыс «Биші қыз» деп аталады.
17. Құрметті көрермен қауым! 10 – сынып оқушыларының орындауында «Тамаша» бағдарламасынан әзіл – ысқақ көрінісін тамашалаңыздар.
18. 4- сынып оқушыларының орындауында әнін тыңдаңыздар.
19. Көктегі ай – күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние, дала тынғап.
Қазақтың намысы – ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан жаралған.
Сайысымыздың келесі түрі «Сән үлгісі – көктем 2006». Сайыскерлер өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.
20. «Шығыс биі», орындайтындар 9 – сынып мың бұралған биші қыздары!
21. Әділқазылар алқасына сөз берейік.
22. Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын!
Құшырлана құшағымда жазайын.
Көктем шыға күлімсереп көк аспан.
Әнге толды, күйге толды маңайым!
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет.