10 класса учебная чесьов по казакхскому языке

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мемлекеттік тіл- Менің тілім! тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:  «Мемлкеттік тіл- Менің тілім!» 
Мақсаты: оқушыларға  мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу.
Ж
үргізілу барысы:
 1-ж
үргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар!
      Тілдер мерекесіне арнал
ған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
      Мемлеке
тіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік  мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады.
2-ж
үргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз  ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.  
О
қушы: Тілім менің!
Тілім
үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен, арымен
қатар қойып,
Тілді
қорғау- парызым бүгін менің.
О
қушы:Әрбір тілде сөйле әлемде  таң қылып,
Қазақ тілін білмеу  қандай  заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау  керек мәңгілік.
О
қушы: Қазақ тілің – Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Д
үниеде ешбір асыл
Те
ң келмейді қатар оған.
О
қушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста,м
ұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы За
ңым енді күшінде,
Паш еткендей  кескен  жа
ңа кіндігін!
О
қушы: Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!
Халы
қ жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп  жолында ар.
О
қушы: Қуан анам!Ұстазыңнан сүйініп,
С
әтіңде көп кеткен кейде түңіліп.
А
қ сүтіңмен  бойға біткен тіліңді
Пір т
ұтамын мен алдыңда иіліп.
О
қушы:Қуан балам!Туған тілдің киесі
Жебер сені бол
ғаныңа иесі.
Тек м
ұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Д
үниеде тіршіліктің күресі.
О
қушы: Қуан халқым!Күшіне енді тіл заңы,
С
үйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі ба
ғаланар тілімен,
Сол ар
қылы құлпырады, гүл бағы.
1-ж
үргізуші:
Туып
өскен Торғайдың даласында 
Қайран елі-қазағы санасында,
Тілі
үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысы
ң кім, ойланбай табасың ба?
О
қушылар:
2-ж
үгізуші:
Елім деп,тек алып со
ққан жүрегі
Ахметтей а
ғасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
Ғұламаның есімін кім біледі?
О
қушылар:
1-ж
үргізуші:  Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене  сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол- «Бата беру» рәсімі.
2-ж
үргізуші:  Халқымызда батаны  әдетте жасы үлкен, көпті көрген  ақсақал қариялар береді.Ақсақалдың бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін тамашалаймыз.
Бата беру.
Қатысушылар:
А
қсақал -
Қария -
Бойжеткен -
Балалы келіншек -
К
үйеуі –
Бірінші к
өрініс –алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жа
қсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Ана
ға шуақ болсын,
А
ғаға қуат болсын.
Н
әзік жаны болсын,
Еліні
ң ары болсын.
Басы
ңа өнердің бағы қонсын,
Ар Орданы
ң шамы болсын!
Әумин!
Келесі к
өрініс – жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан  нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
-    Армысыз, ата! Мына н
әрестеге  бата  сұрай келдік.
А
қсақал: Қолыңды жай,балам!
Н
әрестенің бауы берік болсын,
Азамат болып ер жетсін,
А
қсақал болып төрлетсін,
Мінері болсын салма
қты 
Өнері болсын жан-жақты 
Осы ай
тқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор ба
қты!
Әумин!
 
« Ана тілім –  ба
қытым »
О
қушы: Ана тілім, дана тілім – бақытым 
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім мені
ң  ұмытылмас  тірлігім,
Кім біледі  тілімізді
ң  тағдырын.
О
қушы: Алаңдатты тіл тағдыры  бүгінде,
Се
н болмасан  болар ертең  күнім не?
Қазақ тілін  сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін  түбінде.
О
қушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген  болу керек  ке
ң талғам.
Мемлекеттік тілімізді  сыйласа
қ,
Қазақ тілі біздер үшін  жаралған.
О
қушы: Тіліміздің тарихы бар  қол жетпес,
Айтса
ң оның  тарихына  сөз жетпес.
Өткеніне  тіліміздің  көз жүгіртсек,
Тілімізді
ң тарихы  бар сан жетпес.
Тіл деген  
қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі  жырлайтұғын  жырым екен,
Ұмытпайық  тілімізді  ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын  сырым екен.
Тілім са
ған  әрқашан да бас иемін,
Бар
ғой  сенің  бойында  қасиетің,
Тіліміз деп  
әрқашан мақтан  тұтқан,
Ұмытпайық  бабалардың өсиетін.
О
қушы:  Мәртебесі  тіліміздің биік екен
Қазағыма  қазақ тіл  боп енген  екен.
Тілімізді  
ұмытпайық  әрқашан
Қазақ тіл  боп мәңгілікке  қалған екен.
Ма
қал – мәтелдер сайысы:
1-топ
қа
1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2.Д
әлелсіз сөз ... (желмен тең).
3.Ине к
өзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4.Піл к
өтермегенді, ... (тіл көтереді).
5.С
өз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6.Жеті ж
ұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл).
7.Шеберді
ң қолы ортақ, ...(шешеннің қолы ортақ).
2-топ
қа
1.Бал там
ған тілден ... (у тамған).
2.Тауды,тасты жел б
ұзар, ...(адамзатты сөз бұзар).
3.Жа
қсы сөз ... (жарым ырыс).
4.Жа
қсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
5.Тіл
қылыштан ...(өткір).
6.Ана с
үті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді).
7.Жыланны
ң уы тісінде, адамның уы ...(тілінде).
Қорытынды:
    Б
үгінгі  ашық тәрбие сағатымыз  аяқталды.