Тәрбие сағаты: Арман керек адамға

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:«Арман керек адамға».

Мақсаты: 2030 жылға дейін елбасының стратегиясындағы баптардың мән мағынасы түсініп, көзқарастарын қалыптастыру. Осы мақсатта «Арман керек адамға» атты тәрбие кешін ұсынамыз.

1 – жүргізуші: Келгенде көктемі

Көңілін гүл басқан

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан.

Ән: «Өз елім менің» Сөзі: Қ. Мырзалиев.

Әні: Н. Тілендиевтікі.

Өз елім менің,

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Қ – сы:

Түлегі сендер

Тілегі сендер

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер

Базары сендер

Ажары сендер сол елдің

Бір оқушы шығып өз тобын таныстырады.

1 – оқушы: Залда отырған қошеметшіл көрермен,

Өзімізді таныстырып берер ем,

«Таң нұры» деп аталады тобымыз –

Сәуле шашар өнерімен, өлеңмен.

«Арман керек адамға» делінеді тақырып,

Алдымызда болашақ тұр, әне шақырып.

2 – оқушы: Егемен дік достық, білім бойда бар.

Қазақстан мұратын жеткіземіз ән қылып,

1 - жүргізуші: Міндет, айқын жоспарыма қарашы

Елмін!

Тәуелсізбін, кімдердің бар таласы,

2030 барыс жылы тапсырма –

Болашақтың бүгінге беретұғын бағасы.

2 – оқушы: Егеменді елімнің көк байрағы тігілді

Мемлекетке ортақ қып жатыр ана тілімді,

Ораза ұстап, құрбан қылып жатырмыз.

Қайта таптық жоғалтқан мына дінімді.

3 – оқушы: Егеменді елімнің президенті бастаған

Отанымда барлық ұлт татулықты қолдаған

Жадымызда жатталсын, барыс жылы биыл деп

Әйгілетіп әлемге заң шығарып тастаған.

4 – оқушы:

Тап келген халқым талай зар заманы.

Жем болды қорқау құзғын қарғаларға.

Бодандықтың бұйдасы бас тұқыртып

Барар жер, басар тауы қалмағанда

Айырылып ата жұрттан, қолда бардан

Айнала төңірекке толды аларман

Салтын сақтап қалуы мұңға айналып.

Халқын сақтап қалу да болған арман.

Ән: «Елім менің».

2 – жүргізуші: Мілдет айқын, жоспарыма қарашы

Сөйлемек ұрпақ өз тіліндей әр тілде

Қамтылып ғылым, білім саласы.

Компютер арқылы дамытылып санасы.

Пародия: «Біздің ағай тамаша» әнінің ырғағымен

Білім дейсің, ғылым дейсің қара ғым

Кей оқушы ұмытса да сабағын

Нарық қысып, жалқаулығы тағы бар.

Бетін жумай жатып ішіп тамақты

Кетпей үшін көбейіп

Сынмен сабап көрейік

Оқымаса өздері

Заңға апарып көрейік.

Талатайын араша

Оқушыны қайтесіңдер кінәлап

Ата-ананың ішкендері күнде арақ

Киімі жоқ , киетұғын бәтенке

Жаза алмайды Қағазы жоқ бір парақ

2-жүргізуші: Міндет айқын жоспарыма қарашы

Қорғалар құқық,адамның болмай аласы

Көмек сұрап, қорғансыз қалған пақырдың

Кең пейілді азамат болмақ панасы

1жүргізуші: Ішкі саяси тұрақтылық пен даму үш жолмен байланысты,яғни байларға,орташаларға және кеде»йлерге сүйенеді.Олардың барлығы қазіргі қоғамда болады, бірақ қалыпты өркниетті ара қатынаста болуға тиісті.Біз өзіміздің белгілі тарихы мен өзіміздің болашағымыз бар еуразиялық елміз.Сондықтан біздің моделіміз басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болды.Ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің женістерін .



Ән «менің Қазақстаным» 1-жүргізуші:

Міндет айқын жастарыма қарашы Ұсынды өңхалықтың ұлы ағасы

Орындалса осы берген тапсырма,

Суы мөлдір , тап-таза болмсақ ауасы

6-оқушы:

Байқоңырда сөйленбейтін ана тілін тұмшығып,

Наздандырды ғарышта әсем - әуен үн шығып

Абай анам аунап түсіп жатты ғой,

Әсем әуен ән салғанда құлшынып

2-жүргізуші:

Мінден айқын жастарыма қарашы

Тебіреніп жатыр қазақ даласы

Болашақтың басталғаны емеспе

Зымаранды басқарып ұшты қазақ баласы

Көрермен: (кекесін үнмен)

Пай,пай Таңдап тұрмын манадан

Мөлдір бұлақ тыныс алам дейді таза ауадан

Отын ғып шауып ағашты құртып жатыр емеспе

Сатып жүрген оқушы, күнде көрем шанадан

7-оқушы:

Табалама тоқташы

Көріп жүр елдің бәрі де.

Жібермейді обалы

Тиеді әлі табиғаттың көрі де

Әкесі отыр әнекей

Шылым шегіп, карта ойнап

Шешесі жүр базарда

Сауда жасап той тойлап

Оқушыны тәртіпке шақырамыз қалайша?

Көрініс: «Тілші сұхбаты»

Тілші: Мектепке не себепті бармай жүрсің?

Бала: Ата-анам жұмыссыз. Киім, дәптер, қалам алуға жағдай жоқ.

Тілші : Сонда үйде не істеп отырсың?

Бала: Ұсақ -түйек саудаға көмектесем.

Тілші: Не сатасың?

Бала: Сағыз,шоколад,темекі.Бала арақ сатады деп кім ойлайды,ебін тауып,оны да сатып жіберемін.

Тілші: Ал сен Қазақстанға көше кезген саудагер емес,білімді азаматтар керек екенін білесің бе?

Бала: Түсінем. Келешекте оқып бизнеспен айналысқым келеді.

Тілші: Әнгімелескеніңізге рахмет! (залға қарап) Елбасымыз Н.Назарбаев: "Бірде –бір бала оқудан шет қалмауы керек" деп айналасындағыларға қатаң талап қойып ,осындай жағдайдағы балаларға жағдай жасауда.

1-оқушы:

Міндет айқын жастарыма қарашы.

Кемелденіп еліміз,көбейеді даласы.

Басталады барыстан, біртұтастың арасы.

5-оқушы: Барыс-өзіне тең тектелігімен, бұлалығымен, алғарлығымен, батырлығымен, жасқануды білмейтін тәкәпарлығымен, айлалығымен дараланады.Ендеше Қазақстандық барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне барыстың талғампазлдығы да шығыстың кемеңгерлігімен төзімділігі де тән болуға тиіс.