Внеклассный урок для 5 классов ГПД

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Салт- дәстүрім асыл мұрам»

Сабақтың мақсаты: Салт-дәстүрді дәріптеп,оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята эстетикалық тәрбие беру. Салт-дәстүрді ұмытпай жалғастыруды дамыту. Қазақ салт-дәстүрлерін сүйюге, білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Әр ұлттың өзіндік ерекшелері бар салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алды. Халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайссымыздың азаматтық борышымыз. Оқушылар «Мұрагер» және «Құлагер» болып екі топқа бөлінеді. Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Кім көп біледі»

ІІІ кезең «Бәйге»

ІV кезең «Ата дәстүр» үй жұмысы

V кезең «Өнерім-өмірім» өнер сайысы

VІ кезең «Кім жылдам, кім тапқыр»

Ендеше екі топқа да сәттілік тілеп 1-ші кезеңге кірісейік

І кезең «Таныстыру»

Біздің топ «Мұрагер тобы»

Біздің ұранымыз: «Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз»

Топ басшысы: 5а сынып оқушысы Жолмурат Мерей

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмасын антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Біздің топ: «Құлагер тобы»

Біздің ұранымыз: «Ата-баба өнерін, салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз, ұмытпаймыз»

Топ басшысы:5а сынып оқушысы Жубаниязова Жансая

Біздер бұрын көрмеген

Салт-дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп

Заманымыз өрлеген.

ІІ кезең «Кімкөп біледі» салт-дәстүрлер туралы сұрақтар жазылған слайд. Оқушылар қоржыннан сан жазылған асықтарды кезектесіп алып слайдтан сол сан бойынша жазылған сұраққа жауап береді . Дұрыс жауап берген оқушы өз тобына 5 ұпай алады.

  1. «Бастаңғы» дегеніміз не?

  2. «Көрімдік» қандай жағдайларда беріледі? (бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)

  3. Малдың сүтінен жасалып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам? (құрт)

  4. Тойдың түрлерін ата? (Шідехана, сүндет той,қыз ұзату тойы т.б.)

  5. «Сүйінші» дегеніміз не?

  6. «Шілдехана» қандай рәсім?

  7. «Аманат» дегеніміз не?

  8. Көрісу қай айда болады? (наурызда)

  9. Үш арсызды ата? (ұйқы,тамақ, күлкі)

  10. Жеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, берен мылтық, жүйрік тазы, қыран бүркіт)

ІІІ кезең «Бәйге» Бұл сайыста әр топқа сұрақтар қойылады сұраққа жауап береалмаған жағдайда қарсылас топ жауап бер еді.(әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі)

«Мұрагер» тобына қойылған сұрақтар

  1. Жерден ауыр не, судан терең не? (Жерден ауыр- ақыл, білім, судан терең- оқу, ғылым.)

  2. Балдан тәтті не, қылыштан өткір не? (балдан тәтті – бала, қылыштан өткір – тіл )

  3. Кім нені көргіш? (жақсы ниетті адам тек жақсылық көреді, ақмақтар тек жаманды көреді, әділді адам жақсыны да жаманды да көреді)

«Құлагер» тобына қойылған сұрақтар

  1. Кім неден үмітті? (ауру «жазыламын» деп үмітті,

Жарлы «баиймын »деп үмітті,

Қашқын «құтыламын» деп үмітті,

Ұлсыз «ұлды» боламын деп үмітті.

  1. Жеті жұтты ата? (құрғақшылық, жұт-малдың қырылуы, өрт, оба-ауру,соғыс, топан су, зілзала- жер сілкінісі)

  2. Дүниеде тоймайтын не? (көз көруге, құлақ естуге тоймайды,

Жер жауынға,жол тұйыққа тоймайды.

Дария суға тоймайды, аспан бұлтқа тоймайды,

Сері серуенге тоймайды)

ІV-кезең «Ата дәстүр» үй жұмысы

«Мұрагер» тобы «киіз үй» туралы мәлімет дайындайды

«Құлагер »тобы «бесік» туралы мәлімет дайындайды . Сайыс 5 ұпайдан бағаланады

V- кезең «Өнерім -өмірім» өнер сайысы әр топ өз өнерін ортаға салады. Әр топ 5 ұпайдан бағаланады

VІ-кезең «Кім жылдам, кім тапқыр» сұрақтар екі топқа да қойылады қай топ тез жауап береді соған 2 ұпай беріледі

  1. Үй иесінің бір затын қонақтың таңдап алу дәстүрі? (қалау)

  2. Қонаққа берілетін тегін ас? (қонақасы)

  3. Қымыз ішер алдындағы қонақ шақыру дәстүрі? (қымызмұрындық)

  4. Сапардан кенген адамның сыйлығы? (базарлық)

  5. Мереке тойлардан келген адамның жақындарына әкелген асы? (сарқыт)

  6. Тұрмысқа шыққан қыздың бұйымы?(жасау)

  7. Үлкен кісі немесе қонақтың тілегі? (бата)

  8. Бағалы затқа ие болған адамға дос-жарандарының берер сыйлығы? (байғазы)

Ендігі кезеңде қазылар алқасы ұпайлар сандарын анықтап болғанша 1-ші сынып оқушысының өнерін тамашалайық «Қазақ биі»

Қорытынды: сайыс соңында екі топтың ұпайлары есептеліп жеңіп шыққан топ марапатталады.