Баяндама Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, үжымдық оқытудың маңызы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқытудың маңызы

Сабақ барысында белгілі бір модульді іске асыру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып оқушыға қалай оқу керектігін үйрету қажет деп ойлаймын. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Адамдар ойлауға қабілетті, сонымен бірге ойлау туралы ойлануға да қабілетті. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, ойлау нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Мұнда әр мұғалім оқушыға:

- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

- жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Мұғалім оқушылардан оқуды талап еткенде өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс..


Бастауыш мектеп – баланы оқыту мен тәрбиелеуде, оның жалпы алғанда дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты екені белгілі. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу болып келеді. Оны жүзеге асыру үшін сабақты тиімді ұйымдастыруға, ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмегін тигізетін технологияны тиімді пайдалану керек. Сондықтан да мен осы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін пайдаланып, өз оқушыларыма сыни ойлауға үйретуді мақсат еттім. Жалпы сабақ барысында оқушылардың ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру үшін әр түрлі технологияларды қолданған жөн. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Бастысы, жекелей, жұпта, топта сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі мол болары сөзсіз..

Мен өзімнің «Халықтар достығы» сабағымда оқушыларды ұлт атаулары арқылы топқа бөліп, оқушылардың қызығушылығын оятуда «Ұлттар достығы» бейнеүзігін көрсеттім.Сабақта қызығушылықтарын ояту оқушылардың бұрынғы білетіндерін жаңа білімін ұштастыруымен байланысты. Осы жерде оқушылар бейнеүзіктен көргендерін өз ойларымен жеткізді. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар өзіне берілген ұлт атауларына байланысты білетіндерін еске ала отырып, қағазға бетіне түсірді. Бұл уақытта оқушылар өздерінің ойын жұбымен, тобымен бөлісті. Осылайша олар ойларын шыңдауға мүмкіндік алады. Ой толғаныс кезінде оқушылар мәтіндегі аңыздың мәнін зерттеу арқылы аша отырып, өз ойларын барынша жеткізді. Мұғалім оқушылардың жауабын, олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, олардың өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беру үшін пайдаланылады.(Рэгк мен Браун)..

Оқушыларға топпен жұмыс жаңа идеяларды ұсынумен бірге, белгілі бір жағдайды дұрыс және нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Демек, білім оқушыларға дайын күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізеді. Яғни олар сыни ойлауға үйренеді, өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушы өз бойындағы танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Оқушылар өз ойларын айтуда Мерсер(2000) сипаттағандай, тең құқылы екендігін сезінгендігі топта бірлесіп жұмыс жасаудың тиімділігін көрсетті. Бұл бағдарламада маған мұғалім ретінде ұнағаны: оқыту үшін бағалайтыны, оқытуды жақсарту үшін тапсырмаларды ойланатындай етіп беретіндігі, баланың еркін отырып ойланатындығы, топпен жұмыс істей отырып, өз ойын ашық айта алуы; Білім беру үрдісінде бұл модульдерді іске асыру кезінде байқағаным: жұптық жұмыста да ,топтық жұмыста да оқушыларды бақылай отырып,мынадай көріністерге куә болдым:

-топпен жұмыс істеуде ережеге бағына білді;

-Ұжымдық іс-әрекетке дағдыланды;

-ақыл –ойын дамытты;

-еркін ойлауды қалыптастырды;

-өз ойын жеткізе білді;

-тіл байлығы артты;

-жан-жақты ізденді;

-әр оқушы талқылынып жатқан мәселеге өз үлесін қосты;

-пікір алмасу жүрді;

-жолдасының ойын аяғына дейін тыңдады;

-сөйлеу мәнері қалыптасты;

-шаршамады;

-сыныпта материалды түсініп кетеді;

«Әрбір бала - данышпан» деген қағидаға мән берсек, оқушылардың жарқырап көрінуі үшін, олардың бойындағы қабілеттерін ашу және оларға бағыт – бағдар беруде мұғалімге артылар жүк аз емес. Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой- өрістерін, танымдық белсенділігін дамытуда аянбай еңбек ету, оқушының жекелеген қабілеттерін дамыту болып келеді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі арқылы сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік зерттеуді жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Қай модульді алсақ та, оның астарында тиімді оқыту жатқанын түсіндім. Ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу де жоқ. Олай болса, балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу тілін дамытуға жол ашуға болады.

Сондай-ақ пән бойынша жүйелі, жан-жақты, терең білім берілсе, сыни ойлауға үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылып, өздігінен білім алып, оның нәтижесінде бәсекеге қабілетті және құзіретті тұлға болып қалыптасады.


2