Внеклассная работа Ғажайып алаң

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ойын  «Ғажайып  алаң»

 

Мақсаты: Білім алушыларды  білімді, жан-жақты  болуға  үйрету. Жарысуға, жарыста  жеңімпаз болуға  ұмытылуын  дамыту. Білімді, дарынды, озық  болуға  тәрбиелеу.

  Ойын   барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, білім алушылар және де «Ғажайып алаңның» тұрақты көрермендері! Жұма! Қазақстан телеарнасында «Ғажайып  алаң» және мен, жүргізуші Салимжанов Даурен.

Ойынымызға қош келдіңіздер!

Ойынымызды бастауға  рұқсат  етіңіздер. Ендеше  ойынымыздың  шартымен  танысайық. Ойын 3 кезектен, яғни 3 айналымнан тұрады. Әр айналым жеңімпазы финалга өтеді. Финалдан ұтқан ойыншымыз супер ойынға қатысады. Супер ойында жеңіп шықса, жеңімпаз атанады.  

Ендеше 1-ші үштікті ортаға шақырамыз.

Сәлеметсіздер ме! 1-ші айналымның сұрағы: Ең алғашқы әйел математик?

Жауабы:


1-ші айналым қатысушылары:

  1. Дүйсен Рауан (Өзбекстан), БББ-201 тобы.

  • Қасыңыздағы қонағымыз кім болады екен? (Атың кім? Жасың нешеде? Қандай өнерің бар?)

  • Қазақстанға 1-ші рет келіп жатырсыз ба?

  • Қай қалаларда болдыңыз?

  1. Сүйінгарин Манас (Ақтөбе), ЕА-100 тобы

  • Мамандығыңыз қандай? Жұмыс жасайсыз ба?

  • Осында жанкүйеріңіз бар ма?

  • Бос уақытыңызда не істейсіз?

  1. Тасқынбаева Гүлнұр (Алға), БББ-102 тобы

  • Сіз қай жақтан боласыз?

  • Хоббиіңіз қандай?


1-ші үштікке сыйлықтарды, студияға алып келіңіздер! Арнамызда жарнамалық үзіліс.


2-ші айналымның сұрағы: Халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым саласы?

Жауабы:


2-ші айналым қатысушылары:

  1. Доскожаев Рыскелді (Тараз), ДТжС-107 тобы

  • Мамандығыңыз қандай?

  • Бос уақытыңызда не істейсіз?

  • Әдеби кітаптар оқисыз ба?

  1. Орынбасарова Жұлдыз (АҚШ), БББ(ағыл)-104 тобы

  • Қасыңыздағы қонағымыз кім болады екен? (Атың кім? Жасың нешеде? Қандай өнерің бар?)

  • «Ғажайып алаң» ойынына қатысу үшін арнайы Қазақстанға келіп жатырсыз? Қазақстан елі сізге ұнады ма? Қай қалаларында болдыңыз?

  • Қазақ тілін жақсы біледі екенсіз. Өзіңіз үйрендіңіз бе?

  1. Шығанақ Нұргүл (Ырғыз), БББ(инф)-207 тобы

  • Тағы бір кішкентай қонағымыз келіпті. Қане ортаға шақырайық. Өзіңді таныстыра ғой. Атың кім? Нешедесің? Өлең айтып бересің бе? Әлде би билеп бересің бе?

  • Өзіңіз туралы қысқаша айтып берсеңіз.


2-ші үштікке сыйлықтарды, студияға алып келіңіздер! Арнамызда жарнамалық үзіліс.


3-ші айналымның сұрағы: Аққудың баласын қалай атайды?

Жауабы:


3-ші айналым қатысушылары:

  1. Қанатұлы Заманбек ( ), ДТжС-213 тобы

  • Спортпен неше жасыңыздан бастап шұғылданасыз?

  • Жігітке 8 өнер де аз дейді, басқа қандай өнеріңіз бар?

  • Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

  1. Бердешева Ақниет (Шалқар), БББ-101 тобы

  • Неліктен мұғалім мамандығын таңдадың?

  • Қандай өнеріңіз бар?

  • Шалқар қаласынан екенсіз, Шалқар қаласы туралы айтып берсеңіз.

  1. Бабайханов Дархан (Шымкент), ҚТ-2

  • Қасыңыздағы кішкентай бикешіміз кім болады сізге?

  • Қане келе гой, атың кім? Жасың нешеде?Ағаңды немен қуантасың?

  • Ақтөбе қаласына қонаққа келіп жатырсыздар, қаланың қандай көрікті жерлерінде болдыңыз?


3-ші үштікке сыйлықтарды, студияға алып келіңіздер!

Ортамызға ҚТ, ЕА, МГКОП, МГСБжБЖТ-100 топ студенттерін шақырамыз.


Алдарыңызда Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің «Іске сәт» квн командасы. Қарсы алыңыздар!


Финал ойынының сұрағы:

Жауабы:


Финал ойыншыларына сыйлықтарды, студияға алып келіңіздер!


Супер ойында ойналатын сыйлықтыр: сұйық кристалды теледидар, ноутбук, ұялы телефон, принтер, телефон.

Супер ойын сұрағы: Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,

....өлең жолын жалғастырып, кімдікі екенін атаңыз.


Жауабы:


Міне, құрметті  көрермендер, ойынымыздың жеңімпазы анықталды. Жеңімпазымызға сыйлығын тарту етейік. Құтты болсын жеңісіңіз! Ойынымыз аяқталды. Келесі жұмада кездескенше сау болыңыздар!