№1 коучинг жоспары
Дарынды және талантты балаларға тән қабілеттер 2
Мақсаты:
Дарынды және талантты балаларға тән қабілеттерді ұғындыру
3
Күтілетін нәтиже:
Мұғалім дарынды және талантты балаларға тән қабілеттерді таниды
4
Коучингтің барысы:
І қадам
Коучингке келген әріптестерімізді мозайка әдісімен, яғни «дарын, талант, қабілет, экстернат» сөздері жасырылған қиындыларды құрастыру арқылы төрт топқа бөлеміз.
ІІ қадам
Әріптестерге «коучингке дейінгі сіздің ойыңыз...» стратегиясы жазылған үлестірме таратып, оны толтыруларын сұраймыз.
ІІІ қадам
Түрткі сұрақ:
Құрметті әріптестер! Дарын, талант, қабілет және экстернат деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыздар?
(5 минут беріледі, топтық жұмыс)
ІҮ қадам
Видео көрсетіледі. Мұғалімдер өз ойларын ортаға салады.
Ү қадам
Сіз сабақ беретін сыныптағы дарынды, талантты деген оқушыңызға сипаттама беріңіздер
(3 минут беріледі, жеке жұмыс)
ҮІ қадам
Сіз дарынды балаларыңыздың:
Қалай оқитынының сипаттамасы
Креативті ойлаудың сипаттамасы
Ынталандыру сипаттамасы
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы
Табандылық сипаттамасы
Осы сипаттамалардың біреуін таңдап, постер құрып, қорғаңыздар.
(10 минут беріледі, топтық жұмыс)
Фриманның дарынды және талантты балаларда кездесетін негізгі кретерийлерімен таныстырып, әріптестеріңіздің жасаған жұмысын салыстырамыз.
ҮІІ қадам
Өзіміз кішкене түсінік береміз.
ҮІІІ қадам
Ұстаздарға сауалнама ұсынамыз. 5 минут береміз.Нәтижесін сол арада көрсетеміз.
5
Кері байланыс
Әріптестерге «коучинг кезіндегі сіздің ойыңыз...» және «коучингтен кейінгі сіздің ойыңыз...» стратегиясы жазылған үлестірме таратып, оны толтыруларын сұраймыз.