«Туберкулезбен күресу әркімнің және баршаның ісі»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Туберкулезбен күресу әркімнің және баршаның ісі»

1-жүргзуші; -24 наурыз туберкулезге қарсы күрес күніне орай өткізілгелі отырылған «Туберкулезбен күресу әркімнің және баршаның ісі» атты акцияға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттік бірінші кезеңдегі атқарылатын шаралардың бірі екендігін атап көрсететіндігі баршамызға мәлім.

1-жүргізуші:-Бұл бағдарламаның басты мұраты: халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалды жақсарту.

Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатыса бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл- Фараби; « жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - деген екен. Олай болса , біздің болашағымыз неге байланысты?

2-жүргізуші: Қоғамға төніп тұрған жұқпалы індет жайында талқылауға келіп отырған акциямыздың қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.

2.

1-жүргізуші: Иә , бүгінгі таңда мемлекетімізге төніп тұрған, салауатты өмір сүруге кері ықпалын тигізіп отырған , қоғамға кеңінен таныс жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі - туберкулез.

2- жүргізуші: Туберкулез- жұқпалы ауру. Туберкулез микробы тек өкпеге ғана емес , адам өмірендегі өте маңызды қызмет атқаратын бауыр , бүйрек, көкбауыр, ми қабығы т.б. мүшелерді зақымдайды екен. Сонымен қатар туберкулез микробы сыртқы ортаның әсеріне өте тұрақты келеді және адам ағзасына түссе микроб өзіне қолайлы жағдайда тез өсіп , өнеді.

1-жүргізуші:Туберкулез өте ерте заманнан белгілі ауру. Ағзадағы туберкулез ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет б.з.д IV ғасырда Гиппократ жазған «Туберкулез» терминін1813 жылы алғаш қолдаған француз дәрігері Ленник. Бұл аурудың жұқпалы екендігін 1865 жылы ғалым Ж..А Вейленан дәлелдеген.

2-жүргізуші: Ал, аурудың қоздырғышын 1882 жылы ғалым Кох ашқан,сондықтан Кох таяқшасы деп аталады және аурудың алдын алуға мүмкіндік беректін дәрі - дәрмек ойлап тапты.

1- жүргізуші: Туберкулез ауруын таратушы - ауыратын адамдар.

Егер әрбір адам туберкулездің ауруы туралы жетік білсе, және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады. Ендеше осы акцияға қатысып отырған оқушылар аурудың қалай жұғатыны және одан сақталу жолдары туралы қандай мәлімет білетінін біліп өтейік.

Залмен жұмыс: сұрақтар

Туберкулез қалай жұғады?

Туберкулезден сақтану шаралары

1-жүргізуші: Туберкулез - өте қауіпті, жұқпалы ауру екенін білеміз, дегенмен толық мәлімет алу үшін сөзді келген қонағымызға береміз. (Келген маман дәрігер қысқаша мәлімет беріп өтеді)

2- Бейнефильм (Туберкулездің белгілері мен жұғу жолдары).

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар енді біздің оқушылардың дәрігерге қоятын сұрақтары бар болса тыңдайық!

Оқушылар сұрақтарына жауап беру

1-жүргізуші: «Ауруын жасырған адам өледі» демекші, осы аурумен ауырған адам арланып, уақытында дәрігерге көрінбей, мезгілінде ем алмай, ауруын асқындырып алады. Бұлардың көпшілігі жасөспірімдер екен, осы жағдайды шешу үшін жасөспірімдерді жаппай тексеуден өткізіп, кеңес берілуде.

2-жүргізуші: мектеп қабырғасында жүрген жасөспірім достарым, біздер ата – бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Осы бақытға қол жеткізу үшін талайлар тер төккен, жанын пида еткенін естен естен шығармайық!

1-жүргізуші: Уа ,халқым,назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда,

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Сақта халқым,денсаулықты Алла берген,

Оң болсын десең егер тіршілігің,

Сақта халқым,саулығын аналардың

Болсын десең дені сау ұрпағыңның.

1-жүргізуші: « Денсаулыққа тең түсер досың жоқ,

Дерт – кеселмен тең түсер қасың жоқ» -

демекші әрқашан өз денсаулығымызға көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанып, көпшілік арасында үгіт насихат жұмысын жүргізуіміз керек.

2-жүргізуші: « Дүниедегі ең үлкен бақыт – денсаулық» дегендей, көптеген ауруға табиғат та, қоғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Сол үшін спортпен айналысып, жаман әдеттен бас тартып, салауаты өмір сүруге шақырамыз.

1-жүргізуші: Музыкалық сәлем. (келген қонақтарға арнап)