Сценарий Арайлы Алтын күз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Алтын күз
Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.
(музыка әуені)
Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
- Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға
екі жүргізуші кіреді)
1-жүргізуші: Саламатсың ба, Алтын Күз? Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік.
Алтын күз: Рахмет достарым.
Алтын күз: Құтты болсын тойымыз
Сәтті болсын ойымыз.
Бүгін менің мерекемде,
Той тойлайық бәріміз.
Күз туралы тақпақтар:
Жомарттығын бақылайық бәріміз.
Кім табады, кім айтады?
Қандай екен Алтын күз?
2-жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырайды Алтын күз.
Сайраңдадық күліп, ойнап,
Келді міне, Алтын күз.
1-жүргізуші Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Күзгі бал - 2016» байқауына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.

Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,

Бар елді өзімізге қаратамыз. демекшіОртаға әр патшалық елінен келген қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)

8- сынып

9-сынып

10-сынып

( Сайыскерлер ортаға шығады)

1-жүргізуші:Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан. Ендеше әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен танысайық.

1)
2)
3)
Алтын күз:Дала сары секілді
Самал соқты салқындау.
Қырманға дән үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырмаушедіндер ме?

1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:

1.Таныстыру, құттықтау ( ән)

2.Көрініс (ертегінің үзіндісі)

3.Сән әлемі( ертегі әлемінің дәстүрлі

киімдерін қорғау)

4.Патшалықтың биі

5.Бүктеме н/е альбом

6.Дастархан мәзірі

Алтын күз: - Қане тыңдайықшы, есік жақтан бір дыбыс естіледі.
- Сірә, біреу келіп тұр-ау деймін.
(Осы кезде есікті біреу қағады, есік ашылып, үш жапырақ кіреді. Осы жапырақ жұмбақтар жасырады.) залмен ойнатылады.
1: Доп – домалақ сары
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
 
Оның аты ... (Өрік)
2. Көктем келе бүрлеймін,
Ең алдымен гүлдеймін.
Шілде болмай пісемін,
Дастарханға түсемін.

3: Пісетін кезі дәл күзде, 
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты ... (Шабдалы)
4. Бір сабақта көп түйме, Жей алмайсың көк күйде. Санап қара қанша, Оның аты ... (Шие)
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың. Алма:
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Алмұрт:
Теңбіл – теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
Қарбыз:
2- жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен,«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

1-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Күзгі балл - 2016» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің әр патшалық елінен келген қатысушы жұптарды шақырамыз.
Ортаға

8 – сынып

9 – сынып

10 - сынып
Алтын күз: - Балалар, жарайсыңдар! Менің туған күнімді өте жақсы өткізіп жатырсыңдар. Келіңдер енді бәріміз бірге би билейік. Ән айтайық,

1-жүргізуші:Әділ қазы алқасының берер бағасын көрейік.
2-жүргізуші
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымзы
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.-демекші келесі кезекті патшалық көрінісіне берсек.
қалай қарайсыз алтын күз

Алтын күз: Тамашалайық

1-жүргізуші:Ортаға

8- сынып

9-сынып

10-сынып

1-жүргізуші:Әділ қазы алқасының берер бағасын көрейік.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін көрсетуге береміз.

(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)

Ортаға

8 сынып

9- сынып

10-сынып

 1-жүргізуші:Әділ қазы алқасының берер бағасын көрейік.

Баршаға өнер сүйер жар саламыз,

Үкілі үміттерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Бұл бөліміміз Музыкалық (ән, би)

2-жүргізуші:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жемісті мол беретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді,

1-жүргізуші:

Тау әсем қарағайлы аршасы бар

Сол тауға талапты жас барса шығар

Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан

Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?

«Өнерліге өріс кең»Кезек патшалықтың бүктемелерін немесе альбомдарын тамашалап әділ қазылар бағалап берер әділ бағасын қойяр.

2-жүргізуші:

Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз.
2-жүргізуші:

Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң ендігі кезекті дастархан мәзірін тамашалайық.Әділ қазылар берер әділ бағасын.

1-Жүргізуші: Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Марапаттау рәсіміне кезек берелік.

2-жүргізуші: Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Алтын күз: «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Көрермендер көбейсін күннен - күнге

Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі бал - 2016» сайысын аяқтаймыз.


[link]