«Мемлекеттік рәміздер- еліміздің нышаны»
«Балапан» бала бақшасының балаларының бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен қасиетін қалыптастырып, оның табиғатына, ұлттық мұраларына деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту. Бұл сабақ түрі топтық, жоба қорғау түрінде өтеді.
Сабақ жоспарға сай:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлімдерден тұрады.
Сабақ шартымен таныстырып, өткенсоң Әнұранмен сабағымызды бастаймыз. Балаларымызды ІІІ топқа бөліп аламыз.
І топ-«Қыран», ІІ топ- «Тұлпар», ІІІ топ-«Алтын дән».
1.Тәрбиеші мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәнін түсіндіріп, тақырыпты ашамыз.
2. «Ой толғау» -сұрақ- жауап бөлімінде Әнұранға байланысты сұрақтар қойылды.
-Ерте заманнан бастап- ақ әр елдің, мекенін, аумағын белгілеп тасқа таңбалап отырған. Қазіргі кезде заман ағымына сай, тасқа таңбаланған таңбаларды зерлеп, өрнекпен көркемдесе, қазіргі кезде қымбат металдардан құйып жасай бастады. Сөйтіп адамдар жер бетінде барлық халықтардың таңбаларына, белгілеріне қарап ажырата біледі. Олай болса, біздің де Отанымыздың Елтаңбасы, Әнұраны, Туымыз бар.
3. Мемлекеттік рәміздер.
Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнді белгілер-Елтаңба, Ту, Әнұран. Балалар осылар туралы жинақтаған деректерді ортаға салып топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобаларын қорғап шығады.
«Қыран» тобы-Мемлекеттік ту, «Тұлпар» тобы –Елтаңба «Алтын дән» тобы Әнұран жайында пікірін ортаға салады.
Қорытынды:Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиеттеуіміз қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы,-деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз Отаным деп санайтын әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап,қашанда жадында ұстауы қажет.